Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөліне талдау жасаңыз



бет16/93
Дата17.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#25739
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
2. Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөліне талдау жасаңыз.

Қожа Ахмет Йасауи (1103-1167) Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибрахим атақты ғұлама адам болған. Шешесі – Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде - Қарашаш). Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар-Шаһназдың қолында өседі. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Йасы (қазіргі Түркістан) қаласын мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йасауи (йасылық Ахмет) атанады. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Йасыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына XIV ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет