Бағдарламасы негізінде құрастырған «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар»



Pdf көрінісі
бет25/34
Дата11.01.2017
өлшемі2,41 Mb.
#1677
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

қасіреті 
Большевиктер 20-шы  жылдары ЖЭС-ті ұзақ мерізімді  саяси стратегия 
деп есептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп 
кооперативтендіру  арқылы  ауыл  шаруашылығын  социалистік  жолмен  қайта 
құруды    көздеді.    Шаруалар  кооперациясы  мемлекеттік  тұрғыдан  еріксіз 
күштеу  арқылы  емес,  керісінше  экономикалық    қажеттіліктен  туындайтын 
қозғалыс болу керек  еді. 
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң 
жобасын  әзірлейтін  арнайы  комиссия  құрылды.  1928  жылы  наурызда 
Қазақстан  Өлкелік  комитетінің  бюросы  ол  заң  жобасын  бірнеше  рет  қарап, 
нақтылады.    Осы  жылдың  тамыз  айында  Өлкелік  комитет    тәркілеу 
науқанына  тікелей  басшылық  жасайтын  комиссия  ұйымдастырды.  
Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды,  оның  құрамына 
О.  Исаев,  Н.  Нұрмаков,  Г.  Тоғжанов,  О.  Жандосов  және  т.  б.  кірді.  1928 
жылдың  27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары 
Кеңесінде  тәркілеу  жөніндегі    заң  жобасы  қабылданды.    Республиканың 
барлық аудандарына  тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді.  
Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі 
байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда  400-ден астам малы бар,  
жартылай  көшпелі  аудандарда  300-ден  астам  малы    бар,  отырықшы 
аудандарда  150-ден  астам  малы  барлар  және  бұрынғы  сұлтандар  мен 
хандардың ұрпақтары  жатқызылды. 
1928  жылы  тамыздың  30-да  Қазақ  АКСР  ХКК-нің  “Қазақстанның 
көшпелі,  жартылай  көшпелі  және  отрықшы  аудандарын  белгілеу  туралы” 
арнайы  қаулысы  қабылданып,  соған  сәйкес  аудандар  белгіленді.    Науқанды 
1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру 
керек  деп  шешті.  Кейінірек  ол  тағы  10  күнге  ұзартылды.  1928  жылғы  30 
тамыздағы  қаулыға    сәйкес  сонымен  қатар    тәркіленгендерді  жер  аударуға 
тиісті аудандар да анықталды.  
Тәркілеуге  байланысты  декретте  әсіресе,  көшпелі  аудандардағы  шаруа 
қожалықтарына 
деген 
қаталдық 
айқын 
болды. 
Осы 
көшпелі 
аудандағылардың малы тәркілеу мөлшерінен аз болған күннің өзінде де, егер 

бұл  адамдар  ауылда  ықпалды  болса,  кеңестендіруге  қауіпті  элемент  ретінде 
жер  аударылуға  тиіс  болды.  Тәркілеу  туралы  ереже  бойынша    жер 
аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды.  
Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін комиссиялар құрылды. Уәкілдер 
бастаған  комиссия  мүшелері  тәркілеу  барысында  кеңес  үкіметінің 
нұсқауларын,  яғни  байларды  тәркілеу  туралы  ережені  өрескел  бұрмалады. 
Ауыл  белсенділері  жоғарыдан  келген  уәкілдің  қолдауымен  тіпті  ауқатты 
адамдарды да қыспаққа түсірді. 
Республика  көлемінде  барлығы  696  “бай-феодалдар”  тәркіленді.  Қазақ 
қоғамында  ірі  байлардың  көп  болмағанын  осы  1928  жылғы    жүргізілген 
тәркілеу  барысы  мен  оның  нәтижелері  көрсетіп  берді.  Алдын-ала  жасалған 
жоспар  бойынша  үкімет  жоғарыдағы  байлардан    225972  бас  малды 
тәркілейміз  деп  үміттенген  еді.  Бірақ  үміт  ақталмады,  барлығы  144474  бас 
мал  ғана  тәркіленді:  бұл  белгіленген  жоспардың  64%-і    ғана.  Оның  себебі 
алдын-ала  жасалынған малдың есебі дұрыс емес еді.  Қазақстан басшылығы 
кейіннен  оны мойындауға мәжбүр болды. Барлық тәркіленген малдың 10,2%  
отрықшы  аудандардан,  83,3%  жартылай  көшпелі  аудандардан  және    6,5%  
көшпелі  аудандардан  еді.  Тәркіленген  малдың  118919  басы  жеке  
шаруашылықтарға  (74,3%)  және  колхоздарға  (25,7%)  таратылып  берілді. 
Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз құрылды.      
Көптеген  қазақ  партия-кеңес  қайраткерлері  тәркілеуге  қарсы  шықты. 
Олар  қазақ  қоғамынның  экономикалық  деңгейінің  төмен  екенін,  сондықтан 
да  әлеуметтік  сілкіністерге  бармай,  ауқатты  шаруа  қожалықтарына  салық 
мөлшерін  көбейту  шаралары  арқылы  реттеуді  ұсынды.    Ал  большевиктер 
болса  бұл  пікірлерге  құлақ  аспай,  таптық  принциптерінен  ауытқымай,  сол 
мақсатқа  жету  жолында  күшпен  тәркілеу  идеясын  жүзеге  асырды.  Қазақ 
байларын  тәркілеу  Қазақстандағы    күшпен  ұжымдастыру  саясатының 
бастамасы  болды.  Байларды  тәркілеуден  қазақ  кедейлері  материалдық 
жағынан  да,    рухани  жағынан  да  ештеңе  ұтқан  жоқ.  Керісінше,  байлардың 
малын  тәркілеу  «қайыршыланған»    ауылдар  халқының  өсуіне  әкелді. 
Қазақстандағы 
ауқатты 
шаруа 
қожалықтарын 
тәркілеу 
мал 
шаруашылығының даму қарқынын тежеді. 
Қазақстанда  большевиктер  ауыл  шаруашылығын    социалистік  жолмен 
қайта  құру  тәжірибесінде  тәркілеу  саясатымен  шектелмеді.  Шаруа 
қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік 
ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру  туралы  1927 жылы желтоқсанда 
өткен  партияның  ХУ  съезінің  шешімдерін  жүзеге  асыруға  кірісті.  Алайда 
үкімет  біртіндеп    құрылып  жатқан  колхоздарға  материалдық    жағынан 
көмекті  күшейту  шарасының  орнына,  керісінше    нұсқаулар  беру  арқылы 
күштеу  әдістерінің  кең  етек  алуына  жол  ашты.  Орталық  билік  колхоз 
құрлысындағы  біртіндеп өз-бетінше жүріп жатқан  қозғалысты  жоспарлы іс-
әрекетке  ұластырды. Үкімет органдарының  жоспарлаған межелерін партия 
ұйымдары  да  қайта  талқылады,  соның  нәтижесінде    жоспардың  өзі  бірнеше 
рет  өзгерістерге  ұшырады.  Ал  енді  бес  жылдық  жоспарды    белгілеу  кезінде  
мемлекеттік жоспарлау комитеті  бұл жоспардағы санды тағы  ұлғайтты. 

Жергілікті  жерлерде  жоғары  басшылық  белгілеген  межеден  асып  түсу 
үшін  күрес    басталды.  Оның  күшеюіне  Қазан  революциясының  12  жылдық 
мерекесіне орай «Правда» газетінде жарияланған Сталиннің “Ұлы бетбұрыс 
жылы”    деген  мақаласы  түрткі  болды.  Сталин  “шаруалар    жаппай  мақтау 
тұтып  келген  жеке  меншік  туын  лақтырып  тастап,    ұжымдастыру  релсіне  
көшуде”  деген  пікір  айтты.  Ал  1929  жылы    10-17  қарашада  өткен  Б(б)КП 
Орталық  Комитетінің  пленумында    Молотов  та  келесі  жылы  тек 
“ұжымдастырылған  облыстар  ғана  емес  ұжымдастырылған  республикалар 
туралы да айтуға болады”  деген көзқарасты білдірді. 
1930  жылы  5  қаңтарда  БК(б)П  Орталық  Комитеті  «Ұжымдастыру 
қарқыны  және  мемлекеттің  колхоз  құрылысына  көмек  шаралары  туралы» 
қаулы  қабылдады.    Қаулыда  Орталық  комитет  жаппай  ұжымдастыруды 
жүзеге  асыру  үшін  елдің  аудандарын  үш  топқа  бөлді:  Бірінші  топқа  осы 
ұжымдастыруға  белгілі  мөлшерде  даяр  деп  есептелінген  таза  астықты 
аудандар  жатты.  Оларға    Орта  және  төменгі  Волга,  Солтүстік  Кавказ 
аудандары  кірді.  Ол  аудандарда    шаруа  қожалықтарын  социалистік  жолмен 
қайта  құруды  1931  жылдың  көктемінде  аяқтау  белгіленді;  Екінші  топқа  
елдің  Украина,  Орталық  қара  топырақты  облыстар,  Сібір,  Орал, 
Қазақстанның  астықты аудандары жатты.  Бұл аудандарда ұжымдастыруды 
аяқтау  мерзімі  бір  жылға  ұзартылды,  яғни  шаруа  қожалықтарын 
ұжымдастыруды  1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл 
басқа  өлкелері  мен  облыстары  үшінші  топқа  енді.  Бұл  жерлерде  шаруа 
қожалықтарын  ұжымдастыруды  1933  жылдың  көктемінде,  яғни  бірінші 
бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды.  Көшпелі қазақ ауылдары 
осы үшінші топқа жатқызылды.  
Алайда  Қазақстанда  ұжымдастыру  елдің  басқа  аймақтарымен 
салыстырғанда    баяу  жүргізілуі  тиіс  деген  пікірге  Ф.И.Голощекин  мүлде 
қосылмады.  Ол  Қазақстанның  кенже  дамыған  аймақ  екеніне  қарамай,  
ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Голощекин  Жер халық 
комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық 
ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары 
Т.  Рысқұловқа  жіберген    жеделхатында  1929-1930  жылдары  республикада 
ұжымдастыруды  күшейту үшін  жоспардың қайта қаралғанын,  сөйтіп 1930 
жылдың  күзіне  қарай  ұжымдастырумен  350  мың  шаруашылықтың  
қамтылатынын    көрсетті.  Осыған  байланысты  бүкіл  республикадағы 
ұжымдастыру жоспары қайта қаралды. 
Қазақстанда  1928  жылы  шаруа  қожалықтарының  тек  2  проценті  ғана 
ұжымдастырылса,  1930  жылы    50  проценті,  1931  жылдың  қазанында  65 
проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 
жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 
100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.  
Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп 
жүзеге  асырылды.  Ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  барысында  еріктілік, 
қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды. Ұжымдастыруға байланысты 
жүргізілген  шараларда  кімнің  осы  шараға  қарсы  екенін  айқындау  бірінші 

орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап 
жауы  қатарына  жатқызылды.  Ұжымдастырылған  шаруашылықтарға  жұмыс 
күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды 
түгелдей  алу  шаралары  жүргізілді.  Күштеу,  зорлық-зомбылық  көрсету 
арқылы  ұжымдастыру  шаралары  тездетілді.  Күштеп  ұжымдастырушылар 
қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін  мүлде еске 
алмады.  “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын”,  “Қайдан тапсаң онан 
тап, қаптың түбін қақ”,  “Социализмде  сотқа  тартылмаған  адам  болмайды” 
деген ұр да жық ұрандар  елдің түбіне жетті.  
Алайда  ұжымдастыруды  жүзеге  асыру  барысында    жіберілген  зорлық-
зомбылықтар  Орталық  Комитеттің  1930  жылы  14  наурызда    қабылдаған 
“Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бұрмалаушылықпен күрес туралы” 
қаулысында   партия бағытын бұрмалау  деп қана  бағаланды.  Большевиктік  
орталық билік  ауыл шаруашылығында  жүргізіліп жатқан шаралардың бәрін 
дұрыс деп есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет деді.   
Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, 
яғни  үкіметтің  шешімдері  мен  солақай  нұсқаулары  нәтижесінде    болып 
жатқаны мойындалмады.  
Күштеп  ұжымдастыру  науқаны  кезінде  ауылда  әлеуметтік  жіктеу 
саясаты  өте  жоғары  қарқынмен  жүргізілді.    КСРО  ОАК  мен  ХКК-нің  1930 
жылы  1  ақпанда  қабылдаған  “Жаппай  ұжымдастыру  аудандарындағы  ауыл 
шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес 
шаралары туралы” қаулысы  негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы 
ашық террор басталды.  Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып,  
оларды  тап  ретінде  жою  жүзеге  асырылды.  Бай-кулактарды  үш  топқа  бөліп 
жазалады.  Бірінші  топқа  контрреволюцияшыл  белсенділер  жатқызылды. 
Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. 
Екінші  топқа  ірі  кулактар  жатқызылды.  Бұл  топқа  енген  шаруаларды  да 
бірден  ұстап,  солтүстікке  немесе  жаппай  ұжымдастыру  аудандарынан  алыс 
аудандарға  жер  аударды.  Ал,  үшінші  топқа  кулактар  отбасылары  жатты. 
Оларды  сол  ұжымдастыру    аудандарындағы    колхоздар  бөлген  жерлерге  
қоныстандырды. 
Енді  осы  шаралардың  жүзеге  асырылуы  барысында  жазалануға 
белгіленген  топтармен  қатар  сол  үкім  шығарылып,  жазаға  тартылғандар  
арасында орташалар,  тіптен кедейлер де  болған.  1928-1929 жылдарда бай-
кулактар  есебіне  алынып  жазаға  тартылғандар,  яғни  қудаланғандар  есебі  54 
625  болды.    1931  жылы  5500  шаруа    бай-кулак  ретінде  аласталды.  Ал  енді 
1928  жылғы  тәркілеу  кезіндегі  қазақ  қоғамындағы  бай-феодалдар  саны  тек 
696  ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі.  Бұл сандарды 
нақты  деп  айту  қиын,  себебі  жауапқа  тартатын  органдардың  саны  өте  көп 
болды.  Мысалы,  1932  жылы  Юстиция  Халық  Комиссары  өзінің  өте  құпия 
хатында  барлық  жауапқа  тартылғандардың  бар  болғаны  37,3  проценті 
кулактар екенін, ал қалғаны  қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған. 
Күштеп  ұжымдастыру  саясаты  халықтың  наразылығын  тудырды.  Сол 
жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы 

наразылықтың  өте  зор  көлем  алғанын,  Алтайдан  Маңғыстауға  дейінгі 
аймақты  түгел  қамтығанын,  бұл  туралы  Кеңес  өкіметі  басшыларының 
хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде  Қазақстанда 30-
дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең 
көлемде  болған  көтерілістерге  Тақтакөпір,  Бостандық,  Батпаққара 
көтерілістері  жатады.    1929-1930  жылдар  аралығындағы  қыс  айларында 
наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға 
мәжбүр болды. 1929-31 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 
мыңдай  адам  қатысты.  Большевиктер  бұл  наразылықтардың  негізгі  себебін 
байлар  мен  дін  басыларының  кеңес  үкіметіне  қарсы  халықты 
ұйымдастыруынан  деп  көрсетті.  Кеңес  үкіметі  бұл  көтерілістерді  әскери 
күшпен басып жаншыды. 
Кеңес  үкіметі  сонымен  қатар  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ 
қожалықтарын жаппай отырықшылыққа көшіріп, бұрын болмаған әлеуметтік 
тәжірибеге  жол  берді.  Мұның  бірден-бір  себебі  астық  мәселесін 
күрделендірген  гипердинамикалық  индустриалды  даму  жоспары  болды. 
Өндірісте істейтін миллиондаған жұмысшылар мен қызметкерлерді тамақпен 
қамтамасыз ету міндеті тұрды. Ал Қазақстанда астықты аудандарды ұлғайту 
мәселесі  егін  егуге  қолайлы  жерлерді  жайылымға  пайдаланып  отырған 
көшпелі шаруашылықпен қарама-қайшы келді. Міне, осы кезде көшпелі және 
жартылай  көшпелі  қазақ  қожалықтарын  жаппай  отырықшылыққа  көшіру 
жүзеге  асырылды  және  ол  ұжымдастырумен  қатар  жүрді.  Отырықшылыққа 
көшетін  қазақтарды  үймен  қамтамасыз  ету  мәселесі  өте  қажет  және  бірінші 
тұрған міндет деп санамады.  Керісінше олардың өз киіз үйлерін пайдалануға 
болады деп есептеді.   
Большевиктер 
жүргізген 
күштеп 
ұжымдастыру 
мен 
солақай 
отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал 
шаруашылығы 
қатты 
күйзеліске 
ұшырады. 
Ұжымдастыру 
мен 
отырықшыландыру  кезінде  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  ерекшелігі 
есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен 
қатар,  малдың    көп  бөлігі    үкіметтің  ет  салығын  орындауға  жұмсалды.  О. 
Исаев  Қазақстан  өлкелік  комитетінің  YІ  Пленумында    1929  жылы 
Қазақстанда  40  млн.  бас  мал  болғанын,  содан  1933  жылы  4    млн.  ғана  мал 
қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 
Ұжымдастыру  саясатының  зардаптары  қазақ  халқының  басына    үлкен 
апат  әкелді.  Күшпен  ұжымдастырылған  және  материалдық    жағынан  өте 
әлсіз    шаруашылықтар  күйзеліске  ұшырап,  нәтижесінде  1932-33  жылдары 
халық    аштыққа  ұшырады.  Сол  кездегі  мәліметтерге  қарағанда  аштық 
жайлаған  аудандарда    халық  баудай  түсіп  қырылған.  Аштықтан  өлген 
адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған.  Аштықтың салдарынан адам 
етін  жеу  фактілері  де  өте  көп  болған.  Осындай  жантүршігерлік  көріністер 
туралы  мәліметтерді  зерттеушілер  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  архив 
қойнауынан  алып  жариялады.    Аштыққа  ұшыраған  қазақтар  босқын  болып, 
елден  шет  аймақтарға  үдере  көшті.  Қазақстаннан  шет  аймақтарға  кеткен 
қазақ  босқындарының  ауыр  да  жанкешті  тұрмысы  туралы  да  деректер 

жеткілікті. Зерттеушілер 1930-1932 жылдары шетелге кеткен қазақтар санын, 
қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді.  
Қазақтардың  аштықтан  қырылуы  және  шет  аймақтарға  үдере  көшуі 
нәтижесінде    халық  саны  күрт  азайды,  яғни  демографиялық  апатқа  әкелді. 
Мысалы, 1937 жылдың басында  халық шаруашылығы есебінің бастығы  М. 
Саматовтың  Л.  Мирзоянға  берген  мәліметі  бойынша    1930  жылдың  1 
маусымы  мен  1933  жылдың  1  маусымы  аралығында  халық  саны  2  есеге 
кеміген.   
Қазақ  халқының  ауыр  жағдайын    Қызыл  крест  және  Қызыл  жарты  ай 
қоғамының  баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері 
ретінде  жергілікті  жерлерден  Мәскеуге  келіп  түсіп  жатқан  басқа  да 
мәліметтерден  хабардар  болған  Т.  Рысқұлов,  көп  кешікпей-ақ  Сталинге  хат 
жазады.  Аштыққа  байланысты  жоғарғы  партия  мен  үкімет  басшыларына 
жазылған хаттар қатарын О. Исаевтің және “Бесеудің хаты” толықтырады. 
Ауыл  шаруашылығын  күштеп  ұжымдастырудың  осындай  зардаптары 
сталиндік  басшылықты  біраз  сескендірді.  1932  ж.  17  қыркүйекте  “Ауыл 
шаруашылығы 
туралы” 
қаулы 
қабылданып, 
Қазақстан 
мал 
шаруашылығындағы  “кемшіліктерді  түзеу”    бағыты  белгіленеді.  Алайда 
қаулы өлкелік комитеттің жүргізген саясатын айыптамады, тіпті, ол қаулыда 
аштық туралы бір сөз жоқ. Қаулы егіншілік аудандарында жеке меншікте 2-3 
бас  сиыр, 10-20 бас қой, ал мал шаруашылығы аудандарында 100 бас қой, 8-
10  бас  ірі  қара,  3-5  түйе,  8-10  жылқыға  дейін  ұстауға  рұқсат  берді. 
Қазақстанда 624 ферма таратылды.  Жойылған  товарлы фермалардан 216370 
бас мал  колхозшылардың өзіндік шаруашылықтарына  пайдалануға берілді. 
Колхоздар мен совхоздардан 680 мың бас мал шаруалардың жеке меншігіне  
сатылды.    
Екінші  бесжылдық  жоспарды  орындау  кезінде,  яғни    1933-37  жылдары 
Кеңес  үкіметі  ауыл  шаруашылығында    ұжымдастыруды  аяқтау,  ауыл 
шаруашылығын  қайта  құру,  колхоздарды  ұйымдық-шаруашылық  жағынан 
нығайту  міндеттерін  белгіледі.  Бұл  шараларды  жүзеге  асыру  үшін 
большевиктік партия  республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет 
деп,  колхоздар  жанынан    саяси  бөлімдер  құрды.    1935  жылы  үкімет 
колхоздарға  жерді  мәңгі  пайдалануға  берді.  Осы  жылы  ТОЗ-дардан 
ауылшаруашылық артельдеріне  көшіру басталды да, 1937 жылы бұл процесс 
толық аяқталды. 
Алайда,  бұл  жүргізілген  шаралар  колхоздарды  нығайта  алмады. 
Ауылшаруашылық  өндірісінің  өнімділігін  арттырып,  мал  шаруашылығын 
өркендете  алмады.  Керісінше  ауылшаруашылық  артельдерінің  жер 
пайдалану  тәртібін  бұзу  орын  алды.  Колхозшылар  тарапынан  колхоз 
меншігіндегі  жерлерден  үй  маңындағы  жерлерді  кеңейту  кең  өрістеді.  Үй 
маңындағы жерлерді кеңейту көптеген колхоз мүшелерінің кохоз ісіне деген 
селқостығын  күшейтті.  Осыған  байланысты  кеңес  үкіметі  колхоз  жерлерін 
тиімді  иелену  мәселесін  көтеруге  мәжбүр  болды.  Колхоздарды  одан  әрі 
нығайту  шарасының  бір  бөлшегі  ретінде  ауылшаруашылығы  артелдерінің 

тәртібін    бұзушыларға  қарсы  күресті  бастады.  Үй  маңындағы  жерлерді 
өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды.  
Большевиктер  шаруашылыққа  тікелей  араласуды  тоқтатпады.  Мал 
шаруашылығының  артта  қалуын  тікелей  араласу  жолымен  шешуді  көздеді. 
1939  жылы  8  шілдеде  БК(б)П  Орталық  комитеті  “Колхоздарда  қоғамдық 
малды  дамыту  шаралары  туралы”  қаулы  қабылдайды.  Осы  қаулыда 
колхоздарда  екі-үш  товарлы  фермалар  (оның  ішінде  біреуі  ірі  қара  мал, 
екіншісі  қой  немесе  басқа  түліктен)    құру  белгіленеді.  Осыған  орай 
колхоздардар мал санын арттыруға ынталанады деген есеппен  жаңа ет өткізу 
жүйесін  белгілейді.    Алайда,  бұл  негізінен  колхоздарды  күштеп  малдың 
ұстауға  тиімсіз  түрлерін    дамытуға  итермелеген  шаралар  болды. 
Колхоздардың  еріктілігі  шектелді,    әкімшілік  басқару  жүйесі  одан  әрі  күш 
алды.   
Сонымен,  Кеңес  үкіметінің  ауыл  шаруашылығын  социалистік  жолмен 
қайта құру жолында жүргізген шаралары  тиімді нәтиже бермеді.  Керісінше, 
бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай  
большевиктер  ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту 
мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.  
 
Қазақстандағы кеңестік мәдени модернизация 
Өлкенің  қоғамдық-саяси  өміріне  бағыт-бағдар  берген  бірінші 
бүкілқазақтық  партия  конференциясы  1921  ж.  маусымда  болды.  Ол  елдегі 
экономикалық  жағдаймен  қатар  қоғамдық-саяси  өмірдің  мәселелерін 
қарастырып, ауылда социалистік құрлысты жүзеге асыруды міндеттеді. Осы 
міндетті  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен    кеңестерді  құру  мәселесін  қолға 
алды.  1921  жылы  Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитеті    кеңестерге    сайлау 
ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық және қалалық кеңес 
депутаттарының  мерзімі  6  ай  болды.  Губерниялық,  уездік  және  болыстық 
атқару  комитеттері  6  айға,  ал  ҚОАК-ті  -  1  жылға  сайланды.    Кеңестердегі 
халық  өкілдерінің  нормаларын  көбейтті.  150  тұрғындары  бар  ауылдарда 
кеңестер  құрылды,  яғни  50  тұрғынға  бір  депутат  сәйкес  келді.  Бұрын 
кеңестер 300 тұрғындары бар ауылдарда құрылуға тиіс еді.   
Республикадағы  кеңес  үкіметін  құру  үрдісі  өте  қиын  жағдайда  жүрді. 
Большевиктер  үшін  капиталистік  елдер  қоршауында  тұрып  социализмді 
экономикасы  артта  қалған  елде  жүзеге  асыру  өте  күрделі  болды.  Сонымен 
қатар    социализм  идеясы  қазақ  қоғамына  жат  еді.  Соған  қарамай  Кеңес 
үкіметі  тұтас  Ресей  аумағындағы  халықтарды  біріктіруге  күш  салды. 
Ресейдегі  халықтарды  біріктіру  мәселесі  партияның  Орталық  комитетінде 
талқыланды. Бұл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» 
идеясын  ұсынды,  яғни  барлық  ұлттарды,  барлық    кеңестік  респубикаларды 
РКФСР құрамына автономия құқында ендіру.  Ленин кеңестік республикалар 
одағын  құруды  ұсынды.  1922  жылы  Орталық  комитеттің  қазан  пленумында 
Украина,  Белоруссия,  Закавказ  республикалары  және  РКФСР  арасында 
КСРО құру жөнінде келісім жасау қажет деп қаулы қабылдады.  1922 жылы 
30  желтоқсанда  Мәскеуде  КСРО  Кеңестерінің  бірінші  съезі  болды.  Съезд 

КСРО  құрылғандығы  туралы  декларацияны  және  одақтық  келісімді 
қабылдады.  Съезд  ең  жоғарғы  заң  шығарушы  орган  КСРО  ОАК  сайлады. 
Қазақстан  КСРО  құрамына  РКФСР  құрамындағы  автономиялық  республика 
болып енді. 
 Алайда,  республиканың  қоғамдық-саяси  өміріндегі  толғағы  жеткен 
мәселелерді    шеше  алатын,  жергілікті  халыққа  түсінікті  және  де  жақын 
кеңестік мемлекеттік аппарат құру өте қиын болды. Жаңа кеңестік әкімшілік 
аппаратына жұмысқа тартуға жарайтын, жергілікті халық арасынан шыққан, 
даярлығы  бар  адамдар  өте  аз  болды.  Әкімшілік  орындарындағы  европалық 
ұлт  өкілдерінің  көбісі  шовинистік  пиғылдағы  қызметкерлер  болды.  Олар 
жаңа  биліктің  жергілікті  халықтың  талап-тілегіне,  мұң-мұқтажына  сай 
жұмыс істеуін қамтамасыз етпеді.  
Кеңес  үкіметі  әкімшілік  басқару  орындарын  жергіліктендіру- 
қазақтандыру  саясатын  жүзеге  асыруды  қолға  алды.  Алғашқы  кезде  Кеңес 
үкіметі  амалсыздан  Алаш  зиялыларын  өлкедегі  кеңестік  қызметтерге 
пайдалануға  мәжбүр  болды.  Себебі  қазақ  зиялы  қауымының    басым  бөлігі  
алашордалықтар  болды.  Сондықтан  да  большевиктердің  бұрынғы 
партиялылығы  мен  саяси  белсенділігін  есепке  ала  отырып,  көптеген  
зиялыларды   жұмысқа тартуына тура келді. 
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жергіліктендіру шаралары кеңес 
және  партия  аппараттарында  қазақтардың  үлесін  көбейту  түрінде    көрініс 
берді.  Алайда,  Қазақстанға  Ф.  Голощекиннің  басшы  болып  келуіне 
байланысты оның сипаты өзгерді.  Ол жергіліктендіруді бұрын едәуір ауқым 
алып  келген  қазақ  ұлтының  өкілділігі  туралы  мәселенің  орнына  қазақ 
бұқарасының өзін кеңестендіру мәселесіне айналдырды. Яғни, Қазақстанның 
жаңа  басшысы  қазақтандыру  саясатын  ұлттық  мәнінен  біржолата  айырып, 
оны таптық арнадағы кеңестендіру шараларына қосып жіберді.  
Қазақ  АКСР-нің  ОАК-ті  қазақ  және  орыс  тілдерін  пайдалану  тәртібі 
туралы  декрет  қабылдады.  Декретте  кеңес  үкіметінің  заң  құжаттарын  екі 
тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері 
белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі барлық  халық комиссарлары мен 
ҚОАК-нің  мүшелеріне  қазақ  тілін  жедел  игеруге  кірісуді  ұсынды.    1923 
жылы 22 қарашада “Іс қағаздарын  қазақ тілінде жүргізу туралы” жаңа декрет 
қабылданып,    барлық  облыстар  мен  кейбір  уездерде  1924  жылдың  1 
қаңтарынан  іс-қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізуді  ұсынды.  Бұл  науқан 
көптеген  жерлерде  қазақтардың  орыс  тілінен  мүлде  хабарсыздығынан,  ал 
партия  және  кеңес  қызметіндегі  европалық  ұлт  өкілдерінің  қазақтардан 
мүлде оқшауланып қалғандығынан, Кеңес үкіметінің амалсыздан  жүргізген 
шарасы  еді.    ҚОАК-ті  мен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің    қаулысымен  іс 
қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғы мерзімі  1927 жылдың 1 
қазаны болып белгіленді.  
Кеңес  үкіметі  өлкеде  сауатсыздықты  жою,  яғни  өлке  тұрғындардың 
сауатын  ашу  мәселесін  көтерді.  Әсіресе,  ол  үкіметтің  1929  жылы 
“Сауатсыздықты  жою  жөніндегі  жұмыс  туралы”  қаулысынан  кейін  кең 
өрістеді.    Алайда,  сауатсыздықты  жою  шаралары  қаржы  тапшылығы, 

мұғалімдердің,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  жетіспеуі  сияқты  үлкен 
қиыншылықтарға тап болды.  
Жастарға  білім  беруді  жақсарту  үшін  мектептер  ашу  ісі  қолға  алынды. 
1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы 
мектептер  жұмыс  істеді.  Білім  беру  саласында  ұлттық  мектептер  жүйесі 
қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда 
осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. YІ партия 
конференциясында  мектептердің  көбі  тек  қағаз  жүзінде  екені,  ауылдағы 
мектептердің  үйі  жоқ,  үйі  болса  орындықтары  жоқ,  орындықтары  болса  
оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы 
балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы 
балалардың  91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет  11 қазақ 
баласы орта мектепті бітірді.  
Кеңес  үкіметі  Қазақстанда  ғылымды  қалыптастыру  мәселесімен  де 
айналысты.  Алғашқы  ғылыми-зерттеу  мекемелері:  1922  жылы  –  Денсаулық 
халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 
жылы  -  өлкелік  өсімдікті  қорғау  станциясы,  1925  жылы  -  санитарлық-
бактериологиялық  институты  ашылды.  1932  жылы  Қазақстанда  12  ғылыми-
зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б 
ғылыми  орталықтар  жұмыс  істеді.  Осы  кезде  КСРО  ҒА-ның  қазақстандық 
базасы  құрылып, 1938 жылы   КСРО  ҒА-ның  филиалына айналды. Геология 
және  биология  ғылымдарынң    нәтижелері  бүкілодақтық    көлемде  танымал 
болды.    
20-30  жылдары  Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ш. 
Құдайбердиев  шығармалары  кең  көлемде  пайдаланылды.  Ақын  М. 
Жұмабаевты  замандастары  өте  жоғары  бағалаған.  Оның  поэззиясы  өзінің 
нәзіктігімен,  жаңашылдығымен,  адам  жанының  тазалығы  мен  сұлулығын 
терең  меңгергендігімен  ерекшеленді.  М.Жұмабаев  өзінің  шығармаларында 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарды, 
өзінің 
жеріне, 
еліне 
деген 
сүйіспеншілікті  жырлады.    
Кеңес  үкіметі  ұлттық  әдебиеттің  орнына  кеңестік  әдебиет  пен  өнердің 
қалыптасуына  жағдай  жасады.  Осы  кезде  социалистік  әдебиеттің  негізі 
қаланды.  С.  Сейфуллин,  С.  Торайғыров,  Б.  Майлин,  И.  Жансүгіров,  М. 
Әуезов,  С.  Мұханов,  Ғ.  Мүсірепов,  Т.  Жароков,  Ғ.  Орманов  және  т.  б. 
кеңестік қазақ прозасы мен поэззиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. 
1926  жылы  кәсіби  театр  өнерінің  алғашқы  қарлығашы  қазақ  драма 
театры  ашылды.  Оны  Ә.  Қашаубаев,  Қ.  Қуанышбаев,  С.  Қожамқұлов,  Е. 
Өмірзақов,  Қ.  Жандарбеков  сияқты,  кейін    қазақ  театр  өнерінің 
майталмандары  болғандар      ұйымдастырды.  Әнші  Ә.Қашаубаев  Париж, 
Франкфурт-на-Майне  сияқты  Европаның  ірі  қалаларының  концерт 
залдарында  өз  өнерін  көрсетті.  Соғыс  қарсаңында  республикада  қазақ 
мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, 
қазақ  мемлекеттік  опера  және  балет  театры,  ұлт  аспаптар  оркестрі, 
симфониялық оркестр, республикалық  қуыршақ театры жұмыс істеді.   

Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. 
Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан 
да  қазақ  халқының  қалыптасқан  дәстүрлі  мәдени  мұралары,  ескі  феодалдық 
құрлыстың  қалдықтары  деп,  ұлттық  санадан    аластатылды.  Сонымен  бірге 
халықтың  тарихи  санасын  жоюға  бағытталған  шараның  бірі    20-шы 
жылдардың  аяғында  ғасырлар  бойы  пайдаланып  келген  араб  алфавитін 
латынға  ауыстыру,  сосын  оны  1940  жылы  кириллицаға  ауыстыру  болды. 
Соның  нәтижесінде  бір  ұрпақтың  ғана  ғұмырында  қазақтар  өзінің  төл 
жазуымен  дүниеге  келген  ұлттық  рухани  мәдениеттің  жетістіктерінен   
айырылды.  Бұл    жүргізілген  шаралардың  бәрі  де    большевиктік  тәртіптің 
күшейгенін,  әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді. 
Большевиктер  партиясы  демократиялық  мемлекет  құрамыз,  ұлт 
мәселесін  ұлттардың  өзін-өзі  билеу  принциптерімен  шешеміз  деп 
көлгірсігенімен, шын мәнінде, олар партияның ықпалын арттыра отырып, бір 
орталыққа 
бағынған 
мемлекет 
құрды.Большевиктер 
құрған 
қазақ 
автономиясы  дербес  автономиялық  республика  атанғанымен,  Ресейдің 
бөлінбес бөлшегі болды. Өлкені басқару мәселесі  жергілікті ұлт өкілдерінің 
қолына  толық  берілмеді.  Шын  мәнінде,  бұл    Қазақстанды  кеңестік  саяси 
отарлау  еді. 
Большевиктердің    ұлттық  аймақтарда  жүргізіп  отырған  саясатын  ашық 
айыптап,  оның  бет  пердесін    айқындаған  М.  Шоқай  болды.    Ол  XX  
ғасырдағы  қазақ  саяси  эмиграциясының    тарихын  бастаушы  болды. 
Эмиграция  сөзінің  мағынасы  экономикалық,  саяси  және  діни  себептерге 
байланысты  өз  еркімен  немесе  еріксіз  басқа  мемлекетке  қоныс  аударуды 
көрсетеді.  Түркістан саяси эмиграциясы  тарихи көрініс ретінде 1917 жылғы 
Ресейдегі  революциялық  сілкіністер  нәтижесінде  пайда  болды.  Қоқан 
автономиясы  қуылған  соң  М.  Шоқай  Францияға  қоныс  аударады.  Онда  ол 
Париждің  “Дни”,  “Последние  новости“  газеттерінде  Түркістандағы    ішкі 
саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929-39 жылдары 
ол    “Яш  Туркестан“  журналын  (117  нөмірі  жарық  көрді)  шығарып,  оның  
беттерінде    кеңестік  Түркістан  мен  дүние  жүзіндегі  оқиғаларға  кең  сыни 
талдау жасайды.  
Большевиктердің  елде  кеңес  үкіметін  орнату  жолдары  мен  әлеуметтік 
саладағы  социалистік  қайта  құру  саясаты  қазақ  зиялыларының  қарсылығын 
туғызды.  Алайда,  осы  социалистік  қайта  құру  саясатын  жүзеге    асыру  үшін 
белгіленген  реформаларды  пікір-талас  негізінде  талқылап,  олардың  дұрыс-
бұрыстығын  анықтаудың  орнына  партия  басшылары,  өз  көзқарастарын 
білдірген  қазақ  партия  және  кеңес  қайраткерлерін  айыптады.  Өлкедегі  
жалпы  большевиктік  айыптау  және  қуғындау  саясатының  ең  алғашқысы 
түрікшілдікті  айыптау  болды.  1920  жылдың  20-26  қаңтарында    Ташкент 
қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда 
мұсылмандар  бюросының  төрағасы  Т.Рысқұлов  “Ұлт  мәселесі  және  ұлттық 
коммунистік  секциялар”  туралы  баяндама  жасады.  Онда  Түркістан 
республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу 
үшін ең алдымен негізі берік  саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. 

Конференция  Т.  Рысқұлов  ұсынысымен    жаңа  саяси  ұйымды  “Түрік 
халықтарының  коммунистік  партиясы”  деп  атауға  шешім  қабылдады.  Т. 
Рысқұловтың  түрікшілдік  идеяны  жүзеге  асырудағы  ең  батыл  қадамы 
Мұсбюроның  төтенше  ІІІ  конференциясында  (1920  жылы  25  қаңтар) 
“Түркістан  автономиялылығы  туралы”  тезистерін  қабылдау  болды.  Т. 
Рысқұловтың    Түрік  республикасын  құру  туралы  идеясы  келешектегі  түрік 
мемлекеттерінің  конфедерациясын  құруға  апаратын  жол  еді.  1917  жылы 
Түркістан  (Қоқан)  автономиясын    ұйымдастырған  Мұстафа  Шоқайдың 
арманы  да  осындай  конфедерациялық  мемлекет  құру  еді.  Алайда,  
большевиктер Т.Рысқұловтың “Түрік республикасын құру”  туралы идеясына 
қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады. 
Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары 
“ұлтшылдықпен”  шектелмеді.  Сонымен  қатар  қазақ  байларын  тәркілеу 
саясатын  қолдамай,  керісінше    қазақ  қоғамы  сілкіністен  гөрі  көмекке  зәру 
деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің  пікірлерін айыптау кең етек алды. 
1929  жылы  партиялық  үштіктер  арыз  айту  бюросының  қызметін  күшейтіп, 
барлық  салада  партия  нұсқауымен  “оңшыл  және  солшыл  оппортунистік 
уклонмен”  күресу  жұмыстарын  өте  қарқынды  түрде  жүргізді.  7  партия 
конференциясында  “солшыл  жалаудың  тасасына  жиі-жиі  жасырынатын 
оңшыл-байшыл ағым делінетінмен” күресуге партия ұйымдарын шақырады.  
Қазақстанда “оңшыл ағымға”  Голощекиннің ауылда ”Кіші Қазан” төңкерісі 
қажет  деген  пікіріне  қарсы  шыққан  С.  Сәдуақасов  және  оның  пікірлестері 
жатқызылды.  
Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге 
айыптау  Троцкийдің  1928  жылы  Алматыға  жер  аударылуына  байланысты 
деуге  болады.    Алайда  троцкистік  оппозицияға  қазақ    қайраткерлерін 
жатқызу  көңілге  мүлде  қонымсыз  еді.  Себебі,  қазақстандық  саяси 
қайраткерлер  троцкизм  тұрмақ  әлі  толық  марксизм-ленинизм  идеяларын 
толық  меңгермеген  еді.  Осыған  қарамастан  7-партия  конференциясында  С. 
Сәдуақасов,  Сұлтанбеков  және  Мұстамбаевтар    “троцкистік  оппозицияның 
төңірегіне топтасқан негізгі  ядро” ретінде айыпталды.   
Қазақ  зиялыларына  қарсы  бағытталған  айыптаулардың  ішінде 
большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және 
ымырасыз  болды.  Егерде  1920  жылдардың  орта  кезіне  дейін  большевиктер 
Алаш  зиялыларына  қарсы  күресте  әртүрлі  айыптаулармен  ғана  шектелсе,   
одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш 
зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің  
Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  бюросына  өлкелік  “Ақ  жол”  газетінің 
ұстанған бағытын айыптап арнайы  жазған хаты себеп болды.  Ол хатта газет 
бетіндегі  жарияланған    мақалалардың  бұл  кезде  шет  елде    эммиграцияда   
жүрген  М.  Шоқайдың  ойымен    “үндес  және  пікірлес  екенін,  яғни 
алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ 
алдағы уақытта осындай көзқарастағы  партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін 
жастарды  тәрбиелеуге  жібермеу  ескертілді.  Көп  кешікпей-ақ,  1926  жылы  
болған  партия  конференциясында  Ф.  Голощекин    басында  А.  Байтұрсынов, 

Ә.  Бөкейханов,  М.  Дулатов  сияқты  қазақ  зиялылары  тұрған    ұлттық 
қозғалысты  “реакцияшыл, тіптен  контрреволюцияшыл” деп бағалады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет