Балалар ұжымы және оның белгілері


Балалар ұжымының тұлғаға тәрбиелік әсері



бет2/2
Дата25.06.2022
өлшемі22,36 Kb.
#37296
1   2
Балалар ұжымының тұлғаға тәрбиелік әсері.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:
- отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға
дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін,
еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;
- ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және ӛндірісті
ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;
- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген
қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен
адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;
- еңбекте адал қарым- қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық ӛндіріс
саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек
адамын құрмет етуге тәрбиелеу;
- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан
ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге
талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;
- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене
шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;
- табиғатты қорғау, оның байлығын кӛздің қарашығындай сақтау, адам
өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, ӛсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау
рухында тәрбиелеу, т.с.с.
Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын
тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның
балалық, жастық және жасӛспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы
ерекше.
Оны жүзеге асырудың қандай жолдары мен шарттары бар.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл –
ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне тӛселеді,
рухани ӛмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған
сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде
ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет