Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы



бет2/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
1.2. Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы

Білдектің өңдеу сапасы білдектің дәлдігімен тікелей байланысты, ол өз кезегінде білдектің әртүрлі ауытқуларының (геометриялық, кинематикалық,серпімділік, температуралық және динамикалық) бөлшек жасау дәлдігіне әсер ету дәрежесін көрсетеді.



Геометриялық ауытқу бөлшек жасау дәлдігіне және білдек құрастыруына тәуелді, сонымен қатар пайдалану кезеңіндегі тозу мөлшеріне қатысты. Ол пішін құрастыру кезеңінде, кескіш құралының және дайындаманың өз ара орналасу дәлдігіне әсер етеді.

Кинематикалық ауытқу кинематикалық тізбектің әртүрлі берілістегі беріліс сандарының қателіктерімен анықталады, ол білдектің бөлек элементтердің (тісті дөңгелек, бұрамдық, бұрама жұптары және т.б.) ауытқуынан пайда болады.

Серпімді ауытқулар білдектің деформациясымен байланысты, ол өз кезегінде кесу күштерінің әсерінен құрал және дайындаманың өзара орналасу өзгерісін тудырады және білдек қатаңдылығымен сипатталады яғни оның деформация пайда болуына қарсы келу қабілеттілігі.

Температуралық ауытқу жұмыс барысында білтектердің әртүрлі элементтерінің бірқалыпты қызу еместігінен пайда (ол алғашқы геометриалық дәлдіктің өзгерісіне әкеліп соғады) және бөлшектің өңдеу сапасына елеулі әсер етеді.

Динамикалық ауытқу құрал және дайындаманың салыстырмалы тербелістерімен байланысты болады. Олар өңдеу сапасын нашарлатады, кескіш құралының шыдамдылығын және білдектің ұзақ тұрақтылығын төмендетеді.

Сонымен қатар өңдеу сапасына кескіш құралының ауытқуы елеулі әсер етеді, ол құралды жасау және білдекте орнату барысында және кесу бөлігінің пайдалану кезеңінде тозуынан пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет