Джумажанова, Г. Т



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#88169
1   2   3   4   5   6
Қызығушылықтың қалыптасу құрылы-
мына:
жағымды эмоционалды қаты нас тардың 
тууы
; т
ереңдетілген жағымды эмоционал-
ды қатынастардың тууы
; о
рнықты (тұрақты) 
қызығушылық;
таңдану – кенеттен пайда болған жағдайларға 
жағымды немесе жағымсыз эмоциялық реакция; 
қуаныш – қажеттілікті толық қанағаттандыру 
мүмкіндігіне байланысты жағымды эмоциялық 
ахуал; 
Ашу – маңызды қажеттілікті қанағаттан дыру 
жолында кенеттен пайда болған, әдетте аффект 
жағдайында өтетін жағымсыз эмоциялық ахуал 
жатады. 
Жек көру – субъектінің өмірлік ұстаным-
дары, көзқарастары, мінез-құлқының өмірлік 
ұста ным дарымен, көзқарастарымен және мінез-
құлқымен сәйкес келмеуінен туындайтын жа-
ғым сыз эмоциялық ахуал. 
Қорқыныш – қауіптің төнгенін сезгендегі 
адамның немесе жануардың қорғану биология-
лық реакциясын бейнелейтін жағымсыз эмоция-
лық ахуалы. К. Изард қорқыныш пен мазасызда-
нуды ажырату қажеттілігін бірқатар зерттеулері 
арқылы көрсетеді [9].
З. Фрейдті толғандырып ойландырған 
мәселе адамның өз басынан кешіретін эмоция-
лык күйлік көріністері. Әсіресе ол адамның ашу 
үстінде өз психикасы мен санасын басқара ал 
май 
абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның 
өзі істеген істеріне есеп бермейтіндігі не себеп -
терге байланысты деген мәселелерге ерекше 
назар аударуына себепкер болды және психоло-
гияға «мазасыздық» түсінігін енгізді 
[10].
Қазіргі психологиялық сөздікте «қорқыныш 
– бұл субъектінің әлеуметтік және биология лық 
экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті 
– сезімдік эмоция» деп беріледі
Фрейд бойынша «қорқыныш – бұл аффект 
күйі, яғни нақты бір жағдайларға байланыс-
ты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты 
сезіну» [10].
Р.Ф. Овчарова қорқынышты адам санасын-
да оның өміріне нақты бір қауіптің эффективті 
бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде 
қарастырады [11].
Қорқыныш өзін-өзі сақтау инстинктіне 
негізделген, жоғары жүйке жүйесінің нақты 
физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс 
рефлекстерімен сипатталады деп түсіндіріледі.
Сонымен, қорқыныш – бұл көптеген 
адам дарда үрей сезімін тудыратын эмоция. 
Сондықтан да қорқыныш адам өмірінің шы-
найы бөлігі болып табылады. Адам әртүрлі 
жағ дайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл 
жағдайлардың барлығының ортақ белгілері бар. 
Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына 
қауіп төнген сияқты қабылданады және әсер 
етеді. Қорқынышты итенсивті түрде сезіну 
ұзақ уақыт есте қалады. Қауіпті түсіну өмірлік 
тәжірибеде тұлғааралық қарым-қатынасты қа-
лып тастырады, қорқыныштың туындауына 
ба ланы тітіркендіретін қауіпті әсерлердің бір-
тіндеп жоғарылауы да себеп болады. Әдетте 
бұн дай жағдайларда тәжірибеде (қорқыныш, 
ауру, конфликт) көрінуі байқалады. 
«Қорқыныш» термині сияқты «үрей» 
термині де кеңінен қолданылады. Қорқыныш 
пен үрейдің ортақ белгісі мазасыздану және 
алаңдау сезімі түріндегі эмоционалды компо-
нент болып табылады. Үрей мен қорқыныштың 
ерекшелігі шамадан тыс қорқу болып табылады. 
Үрей – бұл қауіпті алдын ала сезіну, алаңдау 
күйі. Үрей, негізінен, жауапкершілік, борыш, 
адамгершілік сезімі бар адамдарға тән. Соны-
мен қатар үрей өзінің және жақын адамдардың 
өмірі үшін жауапкершілікті сезіну, солар үшін 
алаңдаумен сипатталады. Егер үрей сезімі ұзақ 


Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №2 (49). 2014
74
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
уақыт созылса және қауіпті алдын ала сезсе, онда 
үрейдің объективті формасы қорқыныш ретінде 
қарастырылады. Кейбір жағдайларда қорқы ныш 
үрейдің шығу қақпағы ретінде де көрінеді. Пе-
дагогика мен психологияда қорқыныштың әр-
түрлі классификациясы бар. 
1. Шынайы.
2. Невротикалық.
3. Еркін қорқыныш.
Шынайы қорқыныш – сыртқы қауіпті қа-
былдауға қалыпты реакция ретінде өзін-өзі 
сақтау инстинктің рационалды көрінуі.
Невротикалық қорқыныш – невротиктердің 
«мақсатсыз қорқыныштардың» әртүрлі фор-
масы психикалық инстанциялардың жұмыс 
істемеуінен туындайды.
Еркін қорқыныш – жалпы белгісіз үрей-
ленушілік, қорқыныш тудыратын объекті лермен 
байланысты емес жөнсіз қорқыныш.
Невротикалық қорқыныштар – жоғары 
эмо ционалды интенсивтілікпен, ұзақ уақыт 
және тұлғалық мінез-құлқына жағымсыз 
әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылу-
шы лықтардың 
әрекеттестігімен, 
қорқы-
ныш объектілерінен қашумен сипаттала-
ды. Невротикалық қорқыныштар ұзақ және 
шешіл мейтін қобалжулардың нәтижесі бо-
луы мүмкін. Көбінесе сезімтал, ата-аналармен 
қарым-қатынаста эмоционалды қиындықтарды 
сезінетін балаларда қорқыныш сезімі басым 
болады және оларда отбасындағы конфликттер-
ден, қобалжулардан эмоционалды әлсіреу бо-
лады. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздіктің, 
махаббаттың, беделдің көзі ретінде қарайды.
Қорқыныш – бұл интенсивті түрде көрі-
нетін эмоция, оны қарапайым, шынайы және 
жасерекшелік сипаты бойынша және ауыт қу-
шылық деңгейіне байланысты ажыратуға бола-
ды. Әдетте қорқыныш қысқа мерзімді, қайтымды 
болады, адамдардың құндылық бағдарына 
тимейді, оның мінезіне, тәртібіне және қоршаған 
ортадағы адамдармен әрекеттестігіне әсер ет-
пейді. Қорқыныш объектілерінен жанасудан 
қашатындықтан қорқыныштың кейбір формала-
ры қорғаныс реакциясы қызметін атқарады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық 
сезімтал балаларда олардың психикалық және 
тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде 
байқалады. Олар мына факторлардың негізінде 
пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың 
болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыз-
дану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау 
және құрбыларымен араласуын шектеу; сол 
жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым 
салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының 
балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге 
отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған 
қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен 
рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл 
балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы 
қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді 
психикалық жарақаттану; үлкендермен және 
құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде 
қорқынышқа психологиялық бой алдыру.
Адамдардың әлеуметтік әрекетін және тұлға-
аралық қарым-қатынасқа, мінезіне жағым сыз 
әсер ететін, санасыздықтан еріксіз, қиын, со-
зылмалы шиеленсікен жағдайда (эмоционалды 
шок, қатты қорқу) паталогиялық қорқынышты 
білдіреді.
Қорқыныш – бала өміріне және сәттілік-
те ріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. 
Мазасыздық – қорқынышты эмоционалды түрде 
сезіну. Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу 
мынадай себептерге байланысты болады: өз қа-
тар ларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-ана -
сының өзара жанжалды болуы психикалық жа-
рақат алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп, т.б. 
Мазасыздық – күй ретінде қолайсыздықты 
сезу. Осы арқылы мінез құлықтың кері формала-
рында мыналар жатыр деген пікір айтуға болады: 
мазасызданудың көрінуі ретінде қарастырылуы, 
эмоционалдық күйзелу, тынышсыздық, қолай-
сыздық және өзіне сенімсіздік.
А.Н. Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйе-
сінде қарастырады. Ол: «Эмоциялар өзіне 
іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың ме-
ха низмі және нәтижесі болып табылады». 
Эмоция ішкі сигналдар қызметін орындайды. 
Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы 
қатынасты бейнелейді. А.Н. Леонтьев: «мо-
тивтер сезілмеген уақытта да, олар өздерінің 
психикалық бейнеленуін ерекше формада – 
әрекеттің эмоционалды бояуы формасында та-
бады» деген пікір айтады [12].
Аффект пен эмоциялар өзінің ситуатив-
тілігімен ерекшеленеді. Аффектілер А.Н. Леон-
тьев бойынша, әрекет соңында пайда болып әрі 
жағдайдың жалпы бағасын береді де, ал эмоция-
лар болған немесе мүмкін болатын жағдайға 
бағалау және жеке қатынасты бейнелейді. 
Сезімдер айқын сипаттағы заттық сипаттағы 


KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (49). 2014
ISSN 1563-0307
75
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
тұрақты эмоционалды бастан кешулер болып 
табылады және іс-әрекетке қатысады, бірақ 
жағдайға тәуелді болмайды.
В.А. Петровский жеке адамның эмоционал-
ды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді [13]:
1) эмоционалды күрделілікке адамның тар-
тылуы;
2) өзге адамдармен эмоционалды бірлікті 
орнатуы.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз – қиындық 
жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрус-
трациясын бастан кешіру. Мазасыздануды бас 
миының қызмет етуімен байланыстыру негізінде 
мазасыздануды анықтауда психофизиологиялық 
бағалау әдісін қолдануға болатындығы ай-
тылады. Жекелген мазасыздануды анықтауға 
арналған Спилбергер тестісін де атауға да бо-
лады. Мазасыздану басынан-ақ жеке адамның 
жағымсыз сипаты болып саналмайды. Әрбір 
адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі бола-
ды. Бұл – жеке адамның белсенділігінің шарты 
ретіндегі пайдалы мазасыздану. Ол мазасыздану 
өзін-өзі қайта құруға, өзін немесе ситуацияны 
өзгертуге дайындық сигналы ретіндегі мазасыз-
дану болып табылады. 
Мазасыздық адамда қозуды бәсеңдетуге 
мүмкіндік бермейтін, аяқталмаған ситуация-
лардың, шектелген белсенділіктің болуы сал-
дарынан пайда болады. Осыған байланысты, 
мазасыздық индивидтің санасында сәтсіздікті, 
қауіпті болжаумен немесе белгісіздік жағда-
й ында адам үшін маңызды, ауқымды нәрсені 
күтумен байланысты өте күшті ішкі азапқа са-
латын мазмұнсыз мазасыздану деп түсінілетін 
эмоциялық ахуал. 
Мазасыздық қауіптену эмоциясының жақын 
болғанмен, дегенмен де оның қорқыныштан 
айырмасы жоқ. Қауіптенудің нақты әсерден 
көзі бар, шындағында да қауіпті болып баға-
ланған нақты бір нысанмен байланысты. Ал 
мазасыздықтың пайда болуына, нақты және 
анық себеп жоқ. 
«Мазасыздану» термині нақты жағдайға 
тәуелсіз пайда болған әсерленулердің кең шең-
берін анықтау үшін де жиі қолданылады. Маза-
сыздық пен мазасыздану түсініктерінің көп қыр-
лылығы мен семантикалық анықсыздығы олардың 
психологиялық зеттеулерде түрлі мағы нада қол-
данылуларының салдары болып табылады.
Әйтсе де мазасыздық та, мазсыздану да 
қорқыныштың алдында жүреді деп саналады, ол 
қауіп сезіліп және анықталғанда пайда болады. 
Психологияда эмоциялық ахуал ретіндегі 
мазсыздануды (ситуациялық мазасыздану) және 
тұрақты сипат (тұлғалық мазасыздану) ретінде 
бөліп қарастырады.
Психологияда ситуациялық мазасыздану 
«эмоциялық реакция» ретінде анықталады, ол 
жайсыздықты алдын ала сезумен, қысымды, 
невроздылықты, мазасыздануды субъективтік 
түсінулермен сипатталады және вегативтік 
жүйке жүйесінің белсенділігімен қатар жүреді
Субъектінің мазасыздыққа бейімділігін және 
оның ситуациялардың кең ауқымын қауіпті деп 
қабылдап, олардың әрқайсысына белгілі бір 
реак циямен жауап берумен байқалатын тұрақты 
индивидуалдық сипаттаманы тұлғалық мазасыз-
дану деп түсінеміз.
Мазасызданудың белгілі бір деңгейі – бел-
сенді әрекетшіл тұлғаның табиғи және міндетті 
ерекшелігі. Әрбір адамның өзіндік тиімді немесе 
қалаған мазасыздану деңгейі болады. Ол пайда-
лы мазасыздану деп аталады. Бұл қатынастағы 
адамның өз ахуалын бағалауы ол үшін өзін-өзі 
тәрбиелеудің маңызды компоненті болып табы-
лады. Алайда егер аяқ астынан адамның өзі не-
месе айналасындағылар бәрі жалпы қалпында 
болғанымен, ал оның мазасызданудан арыла ал-
мауы немесе әдетте оқиғаларға әсерленуі шектен 
тыс немесе бұрын мән бермейтінге назар ауда-
рып, мазасыздануы байқалса, онда бұл жағдайда 
ситуациялық мазасызданудың дезадаптивті сипат 
алғаны жөнінде айтуға болады. 
Мазасыздануды зерттеуге арналған көптеген 
жұмыстарда қалыпты және паталогиялық 
мазасыздану деп екіге бөлінеді. Қалыпты 
және паталогиялық деп бөлу оның көптеген 
аспектілері мен түрлерін бөліп көрсетуге алып 
келеді: қалыпты, ситуативті, невротикалық, 
психологиялық және т.б. Дегенмен көптеген 
авторлар мазасыздануды, оның көріністері, 
адекваттық емес қарқындылықпен үлкейсе, 
паталогиялық сипат алуы мүмкін, маңызы бой-
ынша біртұтас құбылыс деп бағалайды.
Алайда мазасызданудың кейбір физиоло-
гиялық көрсеткіштермен өзара байланысын 
қарастырғанда, мазасыздану – ол субъективтік 
құбылыс екендігін, оның көріну деңгейі мен 
сипаты индивидтің тұлғалық еркешеліктеріне 
тәуелділігін ескеру қажет. Мазасыздануы 
жоғары категорияға жататын тұлғалар, өзіндік 
бағалауына және өмірлік іс-әрекетіне төнген 
қауіпті ситуациялардың кең диапазонында 


Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №2 (49). 2014
76
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
қабылдауға және мазасызданудың қысымы анық 
байқалған ахуалмен жауап беруге бейім.
Тұлғалық қобалжу қорқыныш, үреймен де 
байланысты. Осының негізінде туатын ұял-
шақтықтың нақты анықтамасы жоқ. Себебі 
оны адамдар өз тілінде әртүрлі түсінеді. 
Ұялшақтық – бұл тұтас күрделі жағдай, ол әр 
түрлі формаларда көрінеді. Бұл жеңіл диском-
форт, түсіндіруге келмейтін қорқыныш, тіпті, 
терең невроз.
Ұялшақтық көбінесе мектеп 
оқушыларының арасында кеңінен таралған. 
Бірақ оған тек балалар ғана бейім деп түсіну 
қате. Ересектердің белгілі бір бөлігінде ұял-
шақтықтан зардап шегетін, өзінің өмір бойында 
одан құтыла алмайды. 
Адамдағы ішкі және сыртқы ұялшақтық түр-
лерін ажыратуға болады. Сыртқы ұялшақ адам-
дар аз қарым-қатынасқа түседі, оларға әлеуметтік 
дағды жетіспейді. Бұл олардың басқа адамдар-
мен қарым-қатынасына ықпал етеді, адамның 
іштей тұйықталуына әкеліп соқтырады. Сырттай 
ұялшақ адамдар көбінесе қоғамда төменгі сатыда 
орын алады. Ұялшақтық эмоционалдық қарым- 
қатынаста туындайды.Эмоционалдық жағдайда 
жеке тұлғаның эмоцияға, басқалардың пікір, іс-
әрекетіне сезімтал болуы. Ұялшақтықтың пайда 
болуының ең көп тараған объектісі – ол өзіндік 
жекелік, дене, махаббат, жұмыс, тұлғааралық 
тығыз қарым-қатынас немесе адамның өмірінде 
ең маңызды қысқа қатынас. Ұялшақтықтың күш 
түсуімен және аңғалдықпен көрінуінде ортақ 
ұқсастықтар бар. Сондықтан олар бір топқа 
бірігіп, әрекеттің эмоционалдық бұзылуы деп 
аталады. Әрекеттің эмоционалдық бұзылуы 
психомоторлық, интеллектуалдық, вегетативтік 
аймақта айқын байқалады. Бұл аймақтардың 
бұзылуы ұялшақтық көрінуінің негізгі үш типін 
анықтайды:
1) Адамның сыртқы тәртібі;
2) Физиологиялық қалыптасуы;
3) Ішкі түйсінуі және интеллектуалдық 
функ циялардың жарақаттануы. 
Эмоциялық ахуалдың біріне агрессия жата-
ды. Агрессивтіліктің психологиялық тетіктерін 
зерттеудің негізін қалаған З. Фрейд болып табы-
лады. Ол агрессивтілікті адамзат табиғатының 
бөлінбес бөлшегі деп атап көрсетті. Жинақ-
талған агрессивті энергия агрессиялық жану 
арқылы бәсеңдеп отыруы керек деген психо-
аналитикалық талдау жасайды. 
Қазіргі таңда ғылыми зерттеулерде агрессивті 
мінез-құлыққа бейімділікті көрсететін, тұлғаның 
тұрақты сипаты ретіндегі агрессия түсінігін 
мінез-құлық формасы ретіндегі агрессиядан 
ажыратады.
 
Қ. Жарықпаев, О. Сангилбаев «Жантану 
атауларының түсіндірме сөздігінде» агрессияға 
мынадай анықтама береді
[14]
:
Агрессия – (лат. Аggressio – қаз. шабуыл 
жасау) – әлеуметтегі адамдардың арақатынас 
тәртібінің талаптарына қарама-қайшылықты 
себептенген деструктивтік қылық. Агрессия 
объектілерге зиян келтіреді немесе психоло-
гиялық қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, 
басымды, басқаның пікірін күшпен басып тас-
тау т.с.с) туғызады.
Агрессия бірнеше түрге бөлінеді:
1) басқаларға күш көрсететін.
2) вербалдық агрессия (айқай, шу, қорқыту, 
табалау, ұрысу) сияқты вербалды реақцияның 
мазмұны арқылы жағымсыз сезімдермен та-
нытатын; негативті сезімдерді вербалды 
реакциялардың түрлері (ұрыс-керіс,шыңғыру) 
арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқылы да, 
(қорқыту, балағаттау)
3) тікелей агрессия – нақты объектіге немесе 
біреуге бағытталған;
4) жанама агрессия – басқа адамдарға жа-
нама жолмен бағытталған агрессия (жаман 
өсектер, қалжың және бағытсыз, ретсіз жүзеге 
асатын әрекеттер – айқай, үстелді жұдырықпен 
соғу және т.б.) түрінде көрінетін ашу;
5) инструменталды агрессия – қандай да бір 
мақсатқа жетуге құрал ретін де көрініс береді;
6) аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі 
қорлау, өз денесіне физикалық қиянат жасау, 
өзін кемсіту, тәнін зақымдау, кейбір жағдайда 
өзін өлтіруге дейін баруынан көрінеді;
7) қастандық агрессиясы – біреуге әдейі зиян 
келтіру немесе объектіні зақым дау мақсаты мен 
жасалады;
8) альтруистік агрессия – басқалардың шабу-
ылынан корғау мақсатымен сипатталады.
Агрессия – адамдар қауымдастығында бір-
лесіп өмір сүру нормалары мен ережелеріне 
қарама-қайшы келетін, өзі бағытталған өлі не-
месе тірі объектіге нұқсан келтіретін, біршама 
мақсатты түрде жүзеге асатын деструктивті 
мінез-құлық. Әдетте агрессия салдарынан тірі 
объектілерде қорқыныш, үрей, қысылу туады. 
Агрессиялық әрекеттер қандай да бір мақсатқа 


KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (49). 2014
ISSN 1563-0307
77
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
жету тәсілі (инструменталды агрессия), психи-
калық кернеуді босату амалы, сана астында 
тұншыққан қажеттілікті қанағаттандыру жолы, 
өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту түрі 
ретінде көрініс табады.
Ал агрессивті мінез-құлық дегеніміз – адам 
әрекетінің ерекше формасы. Мұндай мінез-
құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен 
өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз 
артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі неме-
се күш қолдануға тырысуымен сипатталады. 
Агрессивті мінез-құлық карқындылығы мен 
пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, 
жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербалдық 
агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға 
(«физикалық агрессия») дейін бөлінеді. Әлеу-
меттік-психологиялық түрғыдан келгенде: жеке-
леген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары 
жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс 
ұтымының шеңберіндегі тұлғааралық агрес-
сияның – топтық агрессияға айналуының мәні 
бар. 
Шетелдік психологияда агрессивті мінез-
құлықтың пайда болуының, себеп сал-
дар ларының сан алуан түрлері кездеседі. 
Агрессивті мінез-құлық нақты көріністерін 
түсіну үшін тұлғалық және ұжымдык әрекеттің 
жалпы құрылымындағы оның орнын айқындап 
алған жөн. Мысалы, агрессивтілік субъектінің 
қорғаныстық жауабына ұқсамауына, аффектінің 
салдары еместігіне немесе агрессивті мінез-
құлық өзіндік мақсат-мүдде мен мәнге ие болып, 
ерекше тұлғалық және ұжымдық іс-әрекетке 
(ауытқыған, теріс мінез-кұлық) көшуіне және 
т.б. баса назар аудару қажеттілігі.
Психологияда агрессияның тағы мынадай 
түрлері кездеседі: зиянды, зиянсыз.
Зиянсыз 
агрес сия: қауіп төнген кезде ғана пайда бо-
лып (қор ғану мақсатында) артынан басылады.
Зиянды агрессия: қатыгездік пен қауіпке толы 
болады.
Агрессияның бұл түрі барлық жастағы 
адамдарға тән, ал кейде ерте жастан бастала-
ды.
Агрессия ми бөліктерінің әртүрлі ауруға 
шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға 
байланысты пайда болуы мүмкін.
Бүгінгі 
жастардың интернет желісі арқылы көретін 
кино, бейнефильмдеріндегі катыгездік, күш 
көрсету көріністері олардың агрессивті деңгейін 
арттыруға себеп болатындығы ғылыми зерттеу-
лер барысында дәлелденіп отыр.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәр-
тіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу 
қажет:
1. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдай-
ларға үйрету.
2. Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі 
ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету.
3. Шиленіскен 
жағдаяттарда 
сейлесу 
дағдыларын қалыптастыру.
4. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты 
қасиеттерді қалыптастыру.
Агрессияны 
мінез-
құлық ретінде ғана 
емес, психикалық ахуал және эмоциялық ком-
понент ретінде қарастырудың маңызы зор. 
Агрессивтілік кезінде адам қатты ашуланады. 
Дегенмен кез 
келген ашу агрессия тудырмайды. 
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шы-
най қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, 
онымен қатынас жасай білу керек. Осындай 
бейімделудің құралы болып адамның уайым-
дары саналады. Олар адам қажеттілігінің қана-
ғат тануының деңгейін ерекше әсерлі түрде көр-
сетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен 
қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапқы 
құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие 
болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын 
психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осы-
лайша, адамның психологиялық дамуына шексіз 
мүмкіндік тудыратын қажеттіліктер пайда бола-
ды [15].
Қажеттіліктердің орындалуына кедергілер 
туғанда адам ашу-ызаны, мазасыздықты бастан 
кешіреді. Бұл фрустрация арқылы түсіндіріледі. 
Бағыттылығына қарай фрустрациялық күй 
адамның мінез-
құлық реакцияларынан көрінуі 
мүмкін: экстрапунитивтік, интрапунитивтік, 
импунитивтік. 
Экстрапунитивтік қалпы реакцияның сыртқа 
бағытталуымен байланысты (сыртқыны айып-
таушы реакциялар). Адам туындаған жағдайға 
басқаларда кінәлі санайды. 
Фрустрацияның интрапунитивтік қалпы 
адамның сәтсіздікке өзін кінәлауымен сипатта-
лады. Адамды мазасыздық басады.
Импунитивтік қалыптағы фрустрация ке зінде 
адам өзін және басқаларды кінәлі деп санамайды. 
Фрустрациялық ахуалдың пайда болуы адамның 
тұлғалық ерекшеліктеріне байланыс ты. 
Эмоциялық ахуалдарды реттеу психоло-
гиядағы өзекті мәселенің бірі. Эмоциялық 
ахуал ды зерттеуде Ф.Б. Березин тұжырымдары 


Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. №2 (49). 2014
78
Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері
бар. Яғни бейімделу адамның психикалық 
аймағының деңгейінде көрінеді. Психикалық 
бейімделу жалпы бейімделудің көзі деп санай-
ды. Березин бойынша бейімделудің сәтті өтуі 
психологиялық қорғаныспен мазасыздыққа 
қарсы тұру тетіктеріне байланысты. Психология-
лық қорғаныс – қандай да бір дау-жанжалды 
түйсінуге байланысты мазасыздық шамасын 
азайту немесе жоюға бағытталған тұлғаны 
тұрақтандырудың арнайы реттеуші жүйесі [16].
Ф.Б. Березин психологиялық қорғаныстың 
мынадай түрлерін көрсетеді: мазасыздық 
шақырушы, қауіп факторын сезінуге кедергі 
келтіруші, мазасыздықты фиксациялауға мүмкін-
дік беретін, түрткілер деңгейін төмендетуші, 
мазсыздықты жоюшы. 
Адам өмірінің барлық аспектілеріндегі 
әлеуметтік, дене, эмоциялық, рухани және 
ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің 
шын мәнісі болып табылады. Денсаулық пен 
үйлесімділікке ұмтылса, бұлардың ешқайсысын 
да шеттетпеу керек.
Эмоционалдық саулық – бұл организмдегі 
функциялардың өзіндік айналымының жеткі-
лікті болуы, физиологиялық үрдістердің үйле-
сімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына 
барынша бейімделгіштік күйлері. 
Жан (психикалық) саулығы тек дене ги-
гиенасы ғана емес, сонымен бірге психоги-
гиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, ада-
ми тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да 
қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы 
– интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық 
саулық – психиканы жаттықтыру, психикалық 
процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және 
т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз 
байланысты.
Қоршаған әлеуметтік ортамен күнделікті 
қарым-қатынасқа түсу барысында адамдар 
бір-біріне әртүрлі ықпал етіп, әсерлер алады. 
Олардың жағымды, жағымсыздығына қарай 
ішкі жан дүниеміз жауап қайтарады. 
Жүйкелік – психикалық эмоционалды 
қозу – стресс деп айтылады. Стреске ұшыра-
майтын адам жоқ және одан қорғану мүмкін 
емес. Сондықтан адамның қалыпты психикалық 
дамуы үшін стрестің ықпал ету деңгейі бар. 
Стресстің адам ағзасына жағымды және 
жағымсыз (дисстресс) әсерлері бар. С
тресс 
ол эмоция және жағымсыз эмоция есебінен 
пайда болатын күй. 
Стресті мазасызданумен 
теңестіруге болмайды, өйткені стресс нақты 
мазасызданудың жоқ кезінде көріне алады. Егер 
стресс – бұл жүйке жүйесінің шамадан тыс 
қысымы болса, онда қобалжуға мұндай қысым 
күші тән емес. Стресс жағдайындағы үрейдің 
болуы кауіп немесе жағымсыздықты күтумен, 
оны алдын ала сезумен байланысты деп санауға 
болады. Сондықтан үрей дәл стресс жағдайында 
емес, ал осы күйдің бастауына дейін пайда бо-
луы мүмкін.
Эмоционалды стресс – бұл қақтығысты 
өмір жағдайларында, адамның әлеуметтік және 
био логиялық қажеттіліктерін қанағаттануын 
ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін психо-
эмоциялық бастан кешулері.
Эмоционалды стресс салдарынан туын-
дайтын ағзадағы өзгерістер өте көп. Әр адамда 
оған қарсы тура алушылық та әртүрлі. Қазіргі 
өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп 
кездесіп тұрады. Эмоционалды стресс адамның 
әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық 
механизмдерінің бұзылуы жайлы белгілер 
береді. Балалардағы эмоционалды стресс жиі 
жағдайда олардың мінез-құлық үлгісін қалып-
тастырып алуына байланысты туындайды. 
Қоғамның назарын ерекше аударып отырған 
кез келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне 
байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, 
әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болма-
уы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің 
бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен 
төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары 
бағалауына ықпал етеді. Әрбір жеке тұлғаға 
өзгелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін 
тануға, анықтауға, өзгелер алдында өзін бекітуге 
жағдай құру бүгінгі таңдағы ата-аналармен ба-
лалар қарым-қатынасының барысында жүзеге 
асырылатын үрдіс болып табылады.
Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән 
субъективтік және заттық мазмұнымен сипат-
талады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра 
алмауымен байланысты орын алатын эмоциялар 
сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану 
теріс белгідегі эмоциялармен байланысты бола-
ды. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп 
болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына 
қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік 
ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада бо-
лып жатқан физиологиялық процестер. 
Психологиялық көмек көрсету арқылы үрей, 
гиперсезімталдық, сенімсіздік, стрестің жойы-


KazNU Bulletin. Psychology and sociology series. №2 (49). 2014
ISSN 1563-0307
79
Г.К. Джумажанова, Г.Т. Дакина 
луына жағдай жасауға болады. Адам өз эмоция-
ларын басқару дағдыларын меңгеру арқылы өзін 
сырттан қауіп төндіретін факторлардан толық 
қорғай алады деген ой түйіндеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет