Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері



бет2/5
Дата10.04.2023
өлшемі158,5 Kb.
#80895
1   2   3   4   5
Курстық жұмыс мақсаты: Ғ.Мүсірепов шығармашылығындағы әңгімелердің танымдық қасиеті мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау үшін ондағы халықтың өміріндегі әдет-ғұрып көріністері, яғни ұлттық дәстүрге қатысты мәліметтердегі өмір көріністерінің мәнін жан-жақты ашу, келешек ұрпаққа түсіндіру, сол мәліметтердің аса құнды дүниелер екендігін оқушы санасына сіңдіру, дәйекті дәлелдер келтіру.
Осы арқылы, тәуелсіз елдің ұрпақтарын ұлттық рухани дүниетанымы кең, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылдыру.
Ғ.Мүсірепов шығармашылығын жан - жақты талдау, идеялық - көркемдік ерекшеліктерін айқындау, әңгімелерінің танымдық қасиетін таныту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің қазақ әдебиетіне қосқан үлесін зерттеу;
- Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің сөз байлығын бағдарлап, оның көркемдік ерекшеліктерін қарастыру ;
-Ана цикліне сипаттама беру;
- Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі кейіпкерлерге сипаттама беру;
- Жазушының бейнелі жазу шеберлігіне назар аудару;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны мен дереккөзі. Қазақ және орыс ғалымдары мен зерттеушілерінің теориялық, жалпы типологиялық еңбектері пайдаланылды. Қазақ әдебиеттанушылары М.Қаратаев, Т.Ахтанов, З.Қабдолов, С.Қирабаев ғалымдарының ғылыми-теориялық еңбектері, пікірлері басшылыққа алынып, Ғабит Мүсірепов мұрасы әдеби-теориялық тұрғыдан қарастырылды.
Курстық жұмыстың жазылу әдісі: Курстық жұмысты жазу барысында салыстырмалы талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру, саралау, тұжырымдау әдістері пайдаланылды.
Курстық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1. Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері.
Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Әңгіме – қазақтың рухани дүниесі, рухани сусыны. Әңгіме әр ұлттың дәстүріне байланысты үнемі дамып, жетіліп отырады. Ұлттық әдебиетімізде әңгіменің бастауына ертегі, аңыздар, шешендік сөздер жазушыларымызға үлгі бола алды. Одан беріде Ыбырай Алтынсариннің қалдырған сүрлеуі, өнегесі халқымыздың рухани тарихында шоқтығы биік. Яғни, әңгіме жанрының дамуына ауыз әдебиеті мен Ыбырай қалдырған мұра ықпал жасағаны ақиқат. Қазақ халық әдебиетінде ауызша әңгімелер сан жағынан да, сапа жағынан да елеулі орын алады. Қазақтың ауызша әңгімелері шындыққа негізделген, құрылысы, көркемдігі жағынан тарихи, тәрбиелік мәні зор, оларды қазақы дүниетаным тұрғысынан мән бере отырып, қазақтың ұлттық табиғатына байланысты туындатты. Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмәр шешендер шығарған аңыз әңгімелер әңгімеге айналған. Жазушы М.Әуезов: «Қазақ ауыз әдебиетінде тамаша реалистік әңгімелер бар, олардың қайсыбіреулері көркем әңгіме, повестерден кем емес. Қазіргі қазақ прозасы солардың дайын үлгісімен, өнегесімен өсіп жетілді...» – десе, А.Байтұрсынов: «Жазу әдебиеті негізінде үшке бөлінеді: 1. Ертек (әңгіме). 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс» деген пікірлері көптеген ғылыми еңбектерге негіз болады. Бұл ауызша әңгімелердің ғылыми айналымға толық түспеуінің себептері, біріншіден, сол кездегі ауыз әдебиетінің ғылыми жүйеленбеуі, екіншіден, аталған әңгімелердің шындыққа негізделген, саяси мәнді болуы, әңгіме әдебиет жанры болып қалыптасып, әңгіме тек әдебиеттануда деген ұғым мен қолданыстың болуы. Жалпы, ауызша әңгіме – таным тұрғысынан эстетикалық құндылығы бар жанр. Ауызша әңгімелер – қолма-қол әрекет ететін жанр, болған оқиғаға тез баға береді. Ауызша әңгімелердегі кейіпкерлер қазақ әдебиетінде, түркі тілдерінің әдебиетінде белгілі, өзіндік ерекшеліктерімен танылған. Күлдіргі әңгімелердегі Алдар Көсе мен Қожанасыр бейнесі өткір, алғыр, шешен, ұтқыр, жолтапқыш. Бұл бейнелердің өміршеңдігі зерттелу деңгейінен көрінеді. Бұдан өзге Қазыбек, Төле, Тайкелтір, Көбей, Толыбай сияқты тарихи тұлғалар осы ауызша әңгімелердің зерттелу қажеттілігін арттырып тұр. Ауызша әңгімелердегі ақпарат негізінен ұлттық дүниетанымға, салт-дәстүрге, ұлттық тәрбиеге, ұлттық характерге, ұлттық қағидаттарға сүйенеді. Халқымыз өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып, бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын-тойларда айтылған, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналып, арнайы дәстүрлі жанрға өзгереді.
Әңгіме әдебиетімізде оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры деген анықтамаға ие. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жағдайды аңғартатын айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Қазақ әдебиетіндегі осы жанрда Б.Майлин, Ж.Аймауытұлы, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б. әңгімелерін үздік деп атауға болады. Қазақ тіл білімінде стиль туралы, əдеби тілдің көркемдігі туралы, тіл тазалығы туралы салмақты ойларымен белгілі болған ғалым М. Серғалиев əдебиетші-ғалымдар арасында поэзияда ғана кездеседі деген пікір қалыптастырып келген анафора мен эпифораның жазушы Ғ. Мүсрепов əңгімелерінің тілінде жиі кездесетін көркемдік құбылыс екендігін нақты тілдік деректерді мысалға келтіре отырып, дəлелдеді. Ғалымның айтуы бойынша, «қайталамалар  жазушының көркемдік тəсілдерінің бірі». Ғалым осы аталған мақаласында қайталамалардың стильдік қызметіне ғана тоқталмай, грамматикалық ерекшеліктерін де қазақ тілінің синтаксисі тұрғысынан қарастырып, талдайды.  Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған Х.Әдібаевтың «Талант, талғам, тағдыр» (1971), З.Қабдоловтың «Жанр сыры» (1964) атты еңбектері алғашқы зерттеулер ретінде қазір де өз маңызын жойған жоқ. Нақты ғылыми анықтаманы алғашқы кезеңдерде Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, З.Қабдолов т.б. сынды ғалымдар берді. «Қара сөзбен баяндалған, көлемі шағын ғана қысқа шығармалар новелла немесе ұсақ әңгіме деп аталады» - деп ғалым Қ.Жұмалиев көрсетсе, Е.Ысмайлов: «Әңгіме – өмірде кездесетін қысқа эпизодты, тәптіштеп, жан-жағын қамтып суреттейтін жанр. Әңгіме новелладан көбірек жайылған екінші бір түрі» - деп өз пікірін білдіреді.
Қазақтың ұлы жазушыларының бәрі алғашқыда әңгімемен көрінді. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы. Кейде әңгіме сюжетсіз болуы мүмкін, кейде қара сөзбен, ал кейде өлеңмен жазылуы да мүмкін. Әңгіменің негізгі ерекшелігі жинақылығында, ол қысқа жазылуы тиіс, шындығы бар нағыз құдіретті проза болуы тиіс. Соңғы жиырма жыл ішінде жазылған қазақ әңгімелерінде қаламгерлердің ұлттық ауқымдағы шеберлік нақыштарымен ғана шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістерді қазақ топырағында жаңғырта білгендігімен көңіл аудартады. Сондықтан да бұл зерттеулер қазіргі әдебиетіміздің бүгінгі заманның көкейкесті маңызды мәселелерінің қандай бір көркемдік шешім тапқанын анықтауға бағытталып отыр. Сонымен бірге әңгімедегі жаңғырып, түрленіп отыр деген мәселелер жаңаша таныммен анықтау, қазіргі қазақ әңгімесіндегі жаңа образдар, көркемдік амаләдістердің тереңіне бойлап сараптау, мәтіннен тыс тұрған құпияларды айқындау маңызды зерттеулер екендігі белгілі. Қазақ әдебиеттану ғылымында әңгімені әр қырынан С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Ш. Елеукенов, З.С. Кедрина, Р.Тұрысбек, Б.Ыбрайым, Т.Жұртбай, Г.Пірәлиева, Ә.Бөпежанова, Г.С. Балтабаева т.б. ғалымдар мен әдебиет сыншылар еңбектерінде талданды. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ қоғамындағы өзгерістер рухани өмірімізді жаңа белестерге шығарды. Көркем өнер тез күш жинап, жемісті ізденістерге жеткенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры, оны ішінде әңгіме жанры ширақ қимылдап, қаламгерлердің бірқатары осы тұста сөз еркіндігін пайдаланды. Жазушыларымыз көбіне жанына жақын тақырып – елдің егемендігін, ұлт мүддесін өз тақырыптарына арқау етті, ұлт әдебиетіне ортақ жаңа сапалар, өлшемдер кіргізді. «Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды». Бұл кезеңде қазақ әңгімесінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділ, Т.Нұрмағамбетов, Ә.Тарази, Д.Досжан, С.Балғабай, С.Асылбекұлы, Н.Ақыш, Д.Әшімханұлы т.б. жазушылар өз үлестерін қосты. Әсіресе, ғалым Г.Балтабаеваның «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі (повестер мен әңгімелер)» атты докторлық диссертациялық еңбегінде Тәуелсіздік кезеңіндегі әңгіме жанрындағы фольклорлық символдар мен сарындардың қайта жаңғыру заңдылықтарын пайымдады, әңгіме жанры даму деңгейін ұлттық идеямен сабақтастыра отырып, жаңа прозалық ізденістерді көркемдік дәстүрмен байланыстыра саралады, әлемдік көркем ой үрдістер сабақтастығын виртуальды, айшықты, мистикалық прозаны қазақы дүниетанымға сай түрлену заңдылықтарын бағамдады. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры көлемі жағынан оқырман үшін де, автор үшін де тиімді жанрлардың бірі болып отыр. Тәуелсіздіктен кейінгі прозада саяси мәселелерден тысқары өзінің тарихи-рухани ұлттық тамырына тереңдегенін шығармалардан көрінеді. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың қазақтың тіліне, әдебиетіне, діліне, қазақ қоғамына үлгі бола алмайтындығын сезініп, ұлттық кодты сақтай білу – ұлт болашағы екенін білетіндей. Ұлттық код, ең алдымен, тілде, содан кейін дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізде, ұлттық мәдениетімізде. Міне, осы дүниелер қазіргі қазақ әңгімесіне аса қажет құндылықтар. Әңгімелердегі ақпараттарды айқындау күн тәртібіндегі мәселе. Қазақы салт-дәстүрдегі ақпаратты жинақтау, этномәдени ақпарат, ұлттық мінез бен характерге байланысты ақпарат, ұлттық стеоротипке байланысты т.б. ақпараттар әңгіме арқауы болмақ. Қазақи дүниелердің жаңғыруы – ұлт болашағы.
1.1.Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық, көркемдік ерекшелігі


Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды.
Ғ.Мүсіреповтің тырнақалды туындыларында төңкерістен кейінгі қазақ даласында болып жатқан саяси - әлеуметтік оқиғалар көрініс тапқан. Алдында әңгіме болып жазылып, кейіннен (1928) повеске айналып, жарық көрген «Тулаған толқында» жиырмасыншы жылдардағы ел өмірінде орын алған саяси күрес, оның жекелеген адамдардың тағдырына .
«Тулаған толқында» қазақ ағарушы - демократтарының тікелей әсерімен жазылған. Мұнда да қазақ қызы Шәйзаның тікелей әсері суреттеледі. Қазақ даласын оятқан Октябрь дабылы мен дауылы ел ішіне өзгерістер әкелді. Повесте екі айырылып, бір жағы ақтар, екінші жағы қызылдар болып соғысып жатқан елдің аянышты халі біршама сәтті көрініс тапқан, бас бостандығы үшін күресін көрсету негізгі мақсат тұтылған. Сонымен бірге ел ішіндегі Оспан,Итемген сияқты бай-болыстардың өркөкірек, менмен мінездері, озбырлық, жыртқыштық әрекеттері аяусыз әжуаланады. Повестің желісі ауылдағы байлар мен кедейлердің арасындағы таптық тартысқа, ескі мен жаңаның арасындағы күреске құрылған.
Ғ.Мүсіреповтің алғашқы туындысында-ақ суреткерлікке тән таланты, өзіндік ерекшеліктері айқын көрінеді. «Ұзамады, ұзын астауға салынып балқыған бағланның еті келді. Бүгілген тізелер жазылып, көсіліп мінгескен аяқтар жиналды. Еріндегі насыбайлар кілемнің астына тасталды. Екі құлағы қалқайып, езуі ыржиып, таңдайы көрініп жатқан қозының басы мен теңкиіп жатқан сары қазысы бар ұзын астау келіп сылқ ете түсті» - деген жолдардан Ғ.Мүсіреповтің стиліне тән жылы юмор, бейнелілік, ықшамдылық байқалады.
Дегенмен де жазушының тырнақалды туындысында арқауының солғындау түскен тұстары да кездеседі. Бұл повестің сюжеті мен композициялық құрылымның босаңдау өрілуіне байланысты болатын. Ауылдағы тартыстар, ақтар мен қызылдар арасындағы күрес, Біржан мен Шәйзаның арасындағы сүйіспеншілік сияқты бірнеше оқиға тізбегі суреттеліп, бұлардың біртұтас сюжеттік желі, композициялық құрылым түзе алмай, шашыраңқы шығуы, жымдасқан тұтастықтың жетіспеуі повестің негізгі кемшілігі ретінде көрінеді.
«Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Бір адым кейін, бір адым ілгері» (1932), «Талпақ танау» (1934) сияқты әңгімелерінде төңкерістен соң қазақ даласында болған саяси өзгерістер - байларды тәркілеу, халықты ұжымдастыру суреттеледі.
Отызыншы жылдардың бас кезінде елімізде түбірлі өзгерістер болып жатты. Бұрынғы бытыраңқы, ұсақ шаруашылықты коллективтендіру ісі жүргізілді. Шаруалардың сан ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық негізін өзгерту, сонымен бірге атам заманнан ана сүтімен бойына сіңіп келе жатқан жеке шаруашыл ұғымды зерттеу саяси, экономикалық зор маңызды іс еді. Мұндай үлкен іске қарсылық та көп болды. Осы ұлы өзгеріс М. Шолоховтың «Көтерілген тың» атты ірі шығармасын туғызды. Сонымен бірге Ф. И. Панферовтың «Қайрақ» романы, Твардовскийдің «Жер ұйық» («Страна Муравий») поэмасы осы тақырыпқа арналған совет әдебиетінің көрнекті шығармалары. Сол кезде қазақ әдебиетінде жоғарыда аталғандардай ірі шығармалар жазылмаса да, шебер әңгіме, повестер де, әсіресе Б. Майлин еңбектерінде колхоздастыру дәуірінің көптеген картиналары көрінеді, қазақ жазушысының психологиясындағы өзгерістер аңғарылады. Майлин шығармаларымен қатар шағын көлемде жазылса да әдебиеттік құнын жоғалтпаған, сол дәуірге көркемдік ескерткіш боларлық туындылар да баp. Солардың қатарына Ғабит Мүсіреповтың «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Алғашқы адымдар» тағы басқа кейбір әңгімелері кіреді.
«Қос шалқар», (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Бір адым кейін, бір адым ілгері» (1932), «Талпақ танау» (1934) сияқты әңгімелерінде төңкерістен кейін қазақ даласынды болған саяси өзгерістер- байларды тәркілеу, халықты ұжымдастыру суреттеледі.
«Қос шалкар» әнгімесінде осы аттас көлдің жағасында өмір сүріп жаткан елдің тұрмыс-тіршілігі, жаңа заман әкелген жаңалыктар әсерлі бейнеленеді. Әңгіменің сюжеті карапайым да шебер кұрылған. Автор «Қос шалкарда» үш рет болған. Әр жолы болғанында көргендерін көркем баяндау аркылы бұл өңірде болып жаткан өзгерістерді шынайы бейнелей алған. «Қос шалқар» бұрын Қасым байдың иелігінде болып келсе, соңғы келгенінде халыктың меншігіне айналған. Еңбекші жұрт ұжымдасып, шаруашылық кұрған. Бірігіп еткен еңбек алғашкы жемістерінде бере бастаған. Елдің еңсесі көтеріліп, ертеңгі күнге деген сенімі арта түскендей.
«Алғашқы адымдарда» колхоз құрылысының қазақ шаруаларының тіршілігіне, психологиясына әкелген өзгерістері көрініс тапкан. Әңгімедегі Ақан мен Қиналған «қой аузынан шөп алмайтын» жуас, момын жандар болатын. Кедейшілік қысып, жігері кұм болған екеуі кейіннен колхозға кірген соң өз еңбектерінің нәтижелерін көріп, жігерлене бастайды; сана-сезімі оянып, бақытын маңдай терімен табуға ұмтылады. Ал «Көк үйдегі көршілер» колхоз кұрылысына жасалынған зиянкестіктерді суреттейді. Момын шаруа Сәрсен колхозға карсы Ташкеннің ықпалына түсіп, шаруашылыққа біраз зиян келтіреді. Кейін райынан кайтады; іштей катты күйзеліп, «Ұсынған мойынды қылыш шаппас» дегендей, өзі келіп кылмысын мойындайды. Сәрсеннің сана-сезіміндегі өзгерістер, толғаныстар шебер көрінген.
«Талпақ танау» (1933) — Ғ.Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдаскан шаруалардың дәстүрлі кәсіптерімен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылыктағы жаңалыктардың ауыл кедейлерінің психологиясына айтарлыктай өзгерістер әкелгендігі шебер суреттеледі. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, үлкен пайда тауып отырғанын көріп, іштей есеп кұрып, бірнеше шошка сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы деп есептейтін ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Арада біраз уақыттар өтеді. Шошқалар торайлап, өсіп береді. Оның етін мемлекетке өткізіп, колхоз көп пайда табады. Колхозшылардың тұрмысы жақсарады. Шошқа баққан Есенге кешегі күлушілер бүгін қызыға да қызғана карайды.
Әңгіменің композициялық құрылымы шебер жымдасып, әсем көмкерілген. Ғ.Мүсіреповтің суреткерлік стиліне тән риясыз юмор, психологизм барынша жарқырап көрінген. Жаңа түлік шошқаның төңірегіндегі оқиғаларды, айтылып жаткан әнгімелерді мырс етпей оқу киын. Суреткер кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді бергенде шын шеберлік танытады. Сырлы сөзбен сұлу сомдалған кейіпкерлер, дәл детальдар, әсерлі окиғалар, көрікті көріністер психологиялық толғаныстармен тұтаса келіп, өзгеге ұксамайтын өзгеше бір шынайы әсемдік әлемін кұрайды, Ғ. Мүсірепов қаламының көркемдік қуат, дарын даралығы бар болмысымен жаркырап көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет