Бұйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диалог түрінде ықшам, кейде қаратпа сөзді болады



Дата13.06.2023
өлшемі14,76 Kb.
#100940
түріҚұрамы

Бұйрықты сөйлемдердің де мазмұны біркелкі бола бермейді. Олардың әр түрлі болу себебі бұйрық қалай, қандай жағдайда, қандай мақсатпен айтылғанымен байланысты. Сонысына қарап бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, баяндауыштарының құрамы, сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: 1. Шыныңды айт! 2. Шыныңды айтшы. 3. Шыныңды айта ғой! 4. Шыныңды айтуың ғой. 5. Шыныңды айтсаң болмас па еді. Бұл сөйлемдердін, мағыналары біріне-бірі жақын, негізгі баяндауыш қызметіндегі сөзі (айт) бәріне ортақ болғанмен, олардың мазмұны бірдей емес: бірінші сөйлем - қатаң бұйрықты, екінші - тілекті, үшінші - жалынышты, төртінші - өкінішті білдірсе, бесінші сөйлем оның үстіне наразылықты білдіреді. Ол сөйлемдердің осындай эмоциялық мағыналары баяндауыштардың құрамын түрлендіруден болып түр.
Бұйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диалог түрінде ықшам, кейде қаратпа сөзді болады.
Осындай ерекшеліктеріне қарай, бұйрықты сөйлемдер бірнеше мағыналық топқа белінеді:
1. Қатал бүйрықты: - Өшір үніңді(Ә.Сәрсенбаев). - Көрсетпе көз жасыңды! (М.Әуезов).
Солғын бұйрық: - Қарындасым, ондай өтірікті айтушы болма! (Ә.Әбішев). - Кәне, жігіттер, аттарыңды қамаңдар! (С.Мұқанов).
Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте
беріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрық мәнді сөйлемдердің жасалу жолдары:
1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, бұйрықты сөйлем
бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы: - Мен не айтсам, сен соны айт! – деді Марат Омарға қарап.
2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, бұйрықты сөйлем талап,
тілек мәнінде айтылады. Мысалы: Студенттер кітапханаға жылдамырақ барсын! – деді оқытушы.
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. Мысалы: - Қане, осы айтыста бас бәйгені маған бермей көрші.
4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Омар, тез жиналыңдар! Барлық жұмыскерлерді шақыр! - деді агроном.
5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап сабақ сезіз жарымнан басталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет