Философия және саясаттану факультеті



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#23098
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Нәзипа Құлжанова

(1887-1934)

Н.Құлжанова 1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.

1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады. Бұл еңбекке  алғы сөзi атақты – турколог ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсын

Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген. Осылайша, автор баланың елiктегiштiк, айналаны танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды.

Қорыта келе, қазақ этнопедагогикасын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеуде және даналық ойға суарылған халықтық тәлім-тәрбие өнегелерін ақындық өнерімен биік сатыға көтеруде ерен еңбегі бар дара тұлға - Әдібай Табылдиевті бүгінгі ұрпақтың - ақын, жазушы, педагог, ғалым деп танумен бірге әлі де үлгілі еңбек, келелі кеңес береріне сенімі мол, оның өнегелі өмірі - соның айғағы деп санаймын.

Сонымен қатар, Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде. Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы жастарымыз білгені абзал деп ойлаймын.

Қорытынды


  • Әлімқұлов С. Қаламы қарымды педагог-ақын // Еңбек туы.- 1986 жыл. 26 бет
  • Баймұратова Б. Үлгі сабақ жоспарлары // Бастауыш мектеп. – 1976 жыл. 86 бет.
  • Бимендин Ж. Ақынның «аялы алақаны» // Жезқазған туы.- 1975. – 19 бет
  • Ерімбетов Т. Аялы алақанның жыр жылуы // Лениншіл жас. – 1975. 2 бет
  • Жарықбаев Қ. Этнопедагогика – ұлттық тағылым // Алма­ ты ақшамы. –2001. 75 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет