Дәрменнің монологы



Дата12.12.2022
өлшемі15,32 Kb.
#56613
Байланысты:
Абай


ДӘРМЕННІҢ МОНОЛОГЫ
(_______)

— Абай аға, қадiрлiм! Ол дәндерiң өлген жоқ, жойылған жоқ. Рас, бұл күнде бiр араға бiткен дүм тоғай болмасын, үлкен бақ боп тұрмасын. Бiрақ ен дала, мол сахараның бар бойында ол дәндерiң өсiп келедi... Көп өсiп, көктей өсiп келедi… Өсе бермек, күн санап та, жыл санап...


Сол үшiн де өз өмiрiмде, өле-өлгенше асыл сөзiңдi сақтармын, ата тәрбиеңдi ақтармын, ағажан!


АҚ ЗАТ АСЫЛ МА, ҚАРА ЗАТ АСЫЛ МА?


Автор: Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
Нұрсұлтан: - Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма?
Автор: - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:
Сержан: Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петерборға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.
- Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!
Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет