Фокус/Коучинг сұрағы/ Зерттеу сұрағы «Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырамыз?»


«Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырамыз?» тақырыбында өткізілген коучинг-сабақты талдау



бет2/2
Дата11.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#137552
1   2
«Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырамыз?» тақырыбында өткізілген коучинг-сабақты талдау

Мектептегі әріптестерімнің қажеттіліктеріне сәйкес ете отырып, желтоқсан айының 5-і күні «Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырамыз?» тақырыбында коучинг өткіздім. Мұнда мен 5-7-сыныптарға сабақ беріп жүрген бірнеше әріптестерім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтпегендіктен (әрине, алдағы уақыттарда оқиды), жаңартылған курстан өткен мұғалімдермен бірлесе отырып тәжірибе алмасса деген ойды көздедім. Ол ойым жүзеге асты. Әріптестерім бір-бірімен коучинг барысында тәжірибелерімен бөлісті.


Коуч-мұғалімнің мақсаты - коуч өткізіп құтылу емес, коуч жоспарын мұқият жасауда оның мұғалімдерге пайдалы жағын көздеуі керек деп ойлаймын. Сондықтан да мен өз жоспарыма мұғалімдердің білуі қажет деген тапсырмалар мен мәліметтерді жинақтап ендірдім.
Коучингтің мақсаты: Қалыптастырушы бағалау туралы өз ойларын түсіндіреді, тиімді оқытуда бағалау үдерісін жақсартуға басымдық береді.
Ал күтілетін нәтижелері: Қалыптастырушы бағалау туралы өз білімдерін қорытындылайды; жаңартылған білім мазмұны аясындағы сабақтарда қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырып жатқандығын анықтайды; бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді және оларды байланыстырады; тиімді кері байланысты сабақ барысында қалай қолданып жүргендігі жайында тәжірибе алмасады.
Коучты бастамас бұрын мұғалімдерге жайлы, жағымды орта жасауды назарда ұстап, «Мен өзгеріп жатырмын» атты сергіту сәтін өткіздім. Анықтап айтқанда, «Мен өзгеріп жатырмын, себебі ... . Ал сіз өзгеріп жатырсыз ба?»
Мұғалімдер өз тәжірибелеріне енгізіп жатқан өзгерістерді атап шықты. Әріптестерім бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасасын, бір-бірімен тәжірибе бөліссін деген мақсатта жаңартылған білім мазмұны аясы арқылы енген қалыптастырушы бағалау, бағалау критерийлері, дескриптор, кері байланыс сөздерін қолданып, төрт топқа бөліп отырғыздым.
Тақырыпты ашу үшін «Миға шабуыл» және «Қызығушылығын ояту» жұмыстары жасалады. Бұл мақсатта «Жер бетіндегі жұлдыз» бейнефильмінен үзіндіні тамашалаттым.
Бейнефильмнен кейін әр топ фильм туралы өз ойларын ортаға салды.
«Ой қозғау» топтық жұмыс беріледі. Мынандай сұрақтар ұсынылды:
1-топқа: Жаңартылған білім мазмұны бойынша күнделікті сабағыңызды қалай өтуде? Сабағыңызға қандай өзгерістер енгіздіңіз? Сіз өзгердіңіз бе?
2-топқа: Оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалауды қалай жүзеге асырып жатырсыз? 7 модулді сабағыңызға енгіздіңіз бе? Қай түріне көбірек басымдық бересіз?
3-топқа: Топқа және жұпқа оқушыларды қалай бөліп жүрсіз? Топтық және жұптық жұмыстарды орындаудың ұтымды жақтарын көрсетіңіз? Жеке жұмысты қалай ұйымдастырып жүрсіз?
4-топқа: Кері байланысыңыз тиімді болып жатыр ма? Кері байланыс жасауды сабағыңызда қалай қолданып жүрсіз? Сіз үшін оның маңыздылығы неде?
Мұндай сұрақтарды ұсынған себебім: мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалау туралы не білетіндіктерін және оларда қандай проблемалардың бар екендігін білу, әріптестерімнің бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, үйренсе, белгілі бір тұжырымға келсе деген ниетім болды.
Әріптестерім өздеріне берілген сұрақтар бойынша өз білімдері мен ойларын постерге түсіріп қорғады. Топтар бір-біріне кері байланыс берді. Кері байланыс сәті - мақтау, ұсыныс айту, мақтау арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар берілген тақырыптар төңірегінде бір-бірлеріне сұрақтар беріп отырды. Мұғалімдер тұжырымдамалық карта қорғауда аса қиналмады. Бірақ кері байланыс беру кезінде оларда едәуір қиындықтар болды. Себебі деңгейлік курстан өткен бір-екі мұғалім ғана тиімді кері байланыс бере алатындығына көзім жетті. Алдағы уақытта кері байланыс жөнінде де коучинг өткізу керек екен деген ой туды.
Одан кейін «Сахналық көрініс» деп аталатын топтық жұмыс жасаттым.
Нақты тапсырма: Әр топ бір-бір сахналық көрініс дайындайды.
Бағалау критерийі: Сахналық көріністен үзінді көрсету.
«Шаштаразда», «Құда шақыру», «Құрылыста», «Автобуста немесе жол оқиғасы»
Дескрипторлар:1. Тапсырманы түсінеді. (Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дғдыларын ендіреді) 2. Әртістік шеберлігін көрсетеді. 3.Кретивтілігі көрінеді. 4.Топ мүшелерінің барлығы қатысады.
Бұл әдісті алғандағы мақсатым – мұғалімдерге бағалау критерийі мен дескрипторлардың дұрыс құрылуын естерінде сақтату, бағалау критерийі мен дескрипторлардың өзара байланыстылығын ұғындыру болды. Нақтырақ айтқанда, бағалау критерийі мен дескрипторларды қарапайым етіп түсіндіргім келді. Мұғалімдер бұл тәсіл арқылы сергіп, көңіл-күйлері көтерілгендігін байқадым. Әр топ билерін көрсетіп болған соң, бір-біріне кері байланыс берді. Яғни кері байланыс беру арқылы мұғалімдер ынталандыруды жүзеге асырып жатқандығын байқалды.
Коуч ретіндегі менің мұғалімдерге ұсынған сұрақтарым: Осы тапсырма сіздерге не үшін берілді? Бағалау критерийі мен дескрипторлардың маңыздылығы неде деп ойлайсыздар? Кері байланыс не үшін қажет деп ойлайсыздар? Мұғалімдер осы сұрақтарды топта талқылап, ортақ бір шешімге келе отырып жауап береді.
«Қалыптастырушы бағалау» туралы мұғалімдердің коучингіде айтқандарын толықтыру мақсатында МАН-ды пайдаланып жасаған 10 беттік презентациямды көрсетіп, қосымша ақпараттар бердім.
Коучингте жіберген кемшіліктерім мынадай: презентация көрсетіп, қосымша ақпарат беруде ұзақтау сөйледім. Мұғалімдерді жалықтырып жібергенімді сездім. Бір сағатқа жоспарлаған коучингім 2 сағатқа созылып кетті. Алайда алдағы уақытта кемшіліктерімді болдырмау жағын қарастырамын деген ой түйдім.



Әріптестер коучинг тапсырмаларын орындау сәтінде

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет