Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата06.02.2017
өлшемі2,43 Mb.
#3539
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Аннотация.     В статье  рассматривается  проблеме подготовление детей дошкольного 
возраста по психологий.               
Annotation.  The article discusses important issues naskolko prepared on psychology of 
children under school age. 
 
 
Р.Ә.Жҧмағалиев, В.Дубовик 
 
М.ЖҦМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ОҚУ ҚҦРАЛЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ӘӚЖ 7100131 
   188 
 
«Адам  ӛмір  бойы  тәрбиеленеді  және  қайта  тәрбиеленеді.  Аадам  баласының  ұрпағы 
үнемі  жаңарып,  ӛзгеріп  отырғандықтан,  педагогика  ілімі  де  үнемі  ӛзгеріп  отырады.  Қазіргі 
кезде  тәрбиенің  ықпал  жасау  аясы  кеңейе  түсуде.  Сондықтан  «педагогика  –  бала  тәрбиесі 
жайындағы  ғылым»,  -  деп  шек  қоюға  болмайды.  Педагогиканың  ғылыми  таным  саласы  – 
тәрбие. Әрбір ғылымның ӛзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, 
философиядағы  ұғымдарға  «болмыс»,  «материя»,  «қозғалыс»,  саяси  экономияда  – 
«қоғамның ӛндіргіш күштері мен ӛндірістік қатынастары, ал педагогикада – «тәрбие», «білім 
беру», «оқыту» жатады.  
Тәрбие – адамдарды қоғамдық ӛмірге және ӛнімді еңбекке дайындау мақсатын кӛздеп, 
жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі [2, 36 б.]. Білім беру  – табиғат пен 
қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны ӛмірде тиімді 
етіп қолдана білуі [3, 37 б.]. Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті 
процесс: 
1.  Оқытушы  оқушыларға  білім  беріп,  іскерлік  дағдыға  үйретеді.  2.  оқушы  таным 
міндеттерін  жете  түсініп,  жаңа  білімді,  іскерлікті,  дағдыны  игереді  және  оларды  ӛмірде 
қолданады [10, 8 б.]. 
Педагогиканың  пайда  болуы  қоғамның  жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  тиімді  жолын  табу 
мақсатынан  және  де  ӛндірісті  дамыту  талабынан  туған.  Тәрбие  ұрпақ  пен  ұрпақты 
байланыстырып дәнекер болып саналады.  
Ежелгі  дүние  философиясы  ертедегі  шығыс  елдерінің  қорытып  жинастырған  білім, 
мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саяси, тәрбие, мемлекет, жеке 
адам  тәрбиесінің  мақсаттары  мен  мазмұны,  ерекшелігі  сияқты  педагогикалық  мәселелерді 

 
78 
 
қарастырады.  Мәселен,  қазақ  халқының  ұлы  ойшыл  ақыны  Абай  Құнанбайұлының  (1845-
1904)  поэтикалық  шығармалары  мен  «Ғақия»  сӛздері  педагогикалық  ой-пікірлерге  толы. 
Табиғаттың  санадан  тыс,  тәуелсіз  ӛмір  сүруі,  ӛмір  ақиқатының  түйсікпен  қабылдануы, 
адамдар  жаратылысының  бірдей  еместігі,  ғылымның  ақылмен,  жан  құмарымен 
алынатындығы оның кӛрінісі. Ақынның педагогикалық кӛзқарасының қоғамдық қатынастар 
тұрғысындағы  пікірлері,  жастарды  халқының  әдет-ғұрпы,  салт-санасы,  дәстүрінен  тәлім-
тәрбие  алуға  шақыруды  дүниежүзілік  педагогика  классиктерінің  ой  пікірлерімен  үндеседі. 
А.Байтұрсынов  «Қазақ»  газетіндегі  (1914  ж.)  «Мектеп  керектері»  деген  мақаласында:  «Ең 
әуелі  мектепке  керегі  –  білімді,  педагогика,  методикадан  хабарлар  оқыта  білетін  мұғалім. 
Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы ән сайлы болуы. Үшінші – мектепке керегі 
белгіленген  бағдарлама.  әр  іс  кӛңілдегідей  болып  шығуы  үшін  оның  үлгісі,  я  мезгілді 
ӛлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я ӛлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы», - деп 
оқытудің дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді [8, 41 б.]. «Педагогика 
адамның  денесін  һәм  жанын  дұрыс  тәрбия  қылу  жолдарын  үйрететін  фән  болғандықтан, 
педагогика фәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі айтқанда, адамды дұрыс тәрбия 
қыла білу үшін адамның денесі һам жанының жайын кеңес қылатын «басқа фәндермен таныс 
болуға тиісті», - деп жазады М.Жұмабаев ӛз еңбегінде [7, 9 б.]. 
Дене туралы фәндер: 
Анатомия.  Адам  денесінің  құрылысын  баяндайды.  (денеде  қандай  мүшелер, 
жаратылысы қандай). 
Физиология.  Адам  денесінде  болатын  кӛріністерді  баяндайды  (қан  жүру,  дем  алу 
сықылды). 
Гигиена. Саулықты сақтау фәні.  
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы туралы фән [7, 9 б.]. 
Жан туралы фәндер: 
Психология.  Адамның  жанының  жайын,  жан  тұрмысын,  жан  кӛріністерін,  жан 
күштерін, ақыл, қайрат, кӛңілдің жайын баяндайтын фән.  
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын кӛрсететін фән.  
Этика. Құлық туралы фән. 
«Бала тәрбия қылғанда әрбір тәрбияшының алдымен қолданатын жолы – ӛз тәжірибесі. 
Яғни бала күнінде ӛзі қандай тәрбия алған һәм баланы бұрын ӛзі қалай тәрбия қылған, міне, 
осы жолмен жүреді. Адамның ӛз тәжірибесі – жүріп кеткен жолы. Ол жолдың жақсы – жаман 
жағы кӛз алдында сайрап тұр, естігеннен кӛрген анық. Кӛргеннен бастап кешкен анық», - деп 
жалғастырады  Мағжан.  –  Бірақ  бұл,  әркімнің  ӛз  тәжірибесі  қанша  қымбат  болғанымен, 
қатесіз  жол  деуге  болмайды.  Бір  адамның  тәжірибесі  тыс  тар,  тым  бір  беткей  тәжірибе. 
Тәрбияшының  ӛзіне  қолайлы  болған  жол  тәрбия  қылынатын  балаға  қолайлы  болмасқа 
мүмкін. Тәрбиядан Мақсұт баланы тәрбияшының дәл ӛзіндей қылып шығару емес, келешек 
ӛз  заманына  лайық  қылып  шығару  ғой.  «Балаңды  ӛзімдей  бол  деп  үйретпе,  ӛзімдей  болма 
деп  үйрет»  деген  әзірет  Әлінің  сӛзінде  кӛп  шындық  бар.  Бұл  –  бір.  Екінші,  әрбір 
тәрбияшының  қолданатын  жолы  –  ұлт  тәрбиясы.  Әрбір  ұлттың  бала  тәрбия  қылу  туралы 
ескіден келе жатқан жеке – жеке жолы бар. Ұлт тәрбиясы баяғыдан бері сыналып, кӛп буын 
қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбияшы, сӛз жоқ, ұлт тәрбиясымен 
таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы ӛз ұлтының арасында, ӛз ұлты үшін қызмет 
қылатын  болғандықтан,  тәрбияшы  баланы  сол  ұлт  тәрбиясымен  тәрбия  қылуға  міндетті. 
Бірақ  ұлт  тәрбиясын,  ұлтың  тәрбия  жолында  ұстаған  жолын  түгелімен  дұрыс  деуге 
болмайды. Ұлт тәрбиясының жақсылық жағы кӛп болғанысықылды, жамандық жағы да кӛп. 
Талай  нашар,  зиянды  әдеттер  әрбір  ұлт  тәрбиясы  ішінде  толып  жатыр.  Баяғыдан  бергі  ұлт 
тәрбиясының ішінде ұнамсыз зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың біреуі – біздің 
қазақ.  Қысқасы,  ұлт  тәрбиясы  қанша  қадірлі,  керек  жол  болғанмен,  адастырмайтын  дұрыс 
жол деуге бола бермейді.  
Балаға шын дұрыс тәрбияберу үшін тәрбияшының ӛз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиясымен 
таныс болуы ғана жетпейді екен. Бұлар бірбеткей, шикі тәжірибелер, бұлар сыннан ӛткізіліп, 

 
79 
 
пісірілмеген  күйде  берік  негіз  бола  алмайды.  Бұлардың  арасынан  жақсы,  жаманын,  алтын 
мен  мысын  теріп  ала  білу  үшін  тәрбия  майданында  шабылып  ысылған  тарландардың 
тәжірибаларымен,  түрлі  ұлттан  түрлі  заманда  шыққан  тәрбия  ғалымдарының  ойларымен, 
қысқасы, тәрбия турасы дұрыс жолға түсу үшін тәрбия фәнімен, яғни «педагогикамен жақсы 
таныс болу керек», - дейді М.Жұмабаев [7, 9 б.]. 
Кӛріп  отырғанымыздай  Мағжан  ӛзіні  еңбегінде  ұлттық  тәрбиеге  кӛп  кӛңіл  бӛледі, 
ӛйткені  жас  ұрпақты  адамгершілікке  тәрбиулеуде  ұлттық  сана  мен  мінез  ерекшеліктерінің 
орны ерекше. 
«Туған  елін  сүю  сезімі  туа  біткен  сезім  болып  табылмайды,  оны  адамға  табиғат  тарту 
етпейді.  Елжандылықты  қоғам  мен  жекеленген  адамдар  бойға  сіңіріп,  дамытып,  тиісті 
деңгейге  кӛтереді.  Отбасы  мен  мектеп  жастарды  асқақ  елжандылық  сезімге  тәрбиелеуге 
тиіс», - дейді. С.Кӛбеев [6, 14б.]. 
Профессор М.Ғабдуллин ӛзінің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі 
жастарды  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеуде  ақын-жыраулардың  ӛнеге  сӛздерінің  белгілі 
мӛлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. 
Халықты сүй, халық үшін ерік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген 
сӛздер  емес  қайта  мағыналы,  мәнді  сӛздер.  Сондықтан  бұлардың  ішінен  жастарымызды 
тәрбиелеуде  әсер  ететіндерін  таңдап  алып,  орнына  пайдалана  білсек,  нұр  үстіне  нұр  болар 
еді», - дейді ,[7,17 б.].   
17-18  ғасырда  ӛмір  сүрген  жырау,  қолбасшы,  батыр,  қоғам  қайраткері  Атамберді 
Сарыұлы:  
Жауға шаптым ту байлап,  
Шепті бұздым айғайлап,  
Дұшпаннан кӛрген қорлықтан 
Жанды жүрек, қан қайнап,  
Ел-жұртты қорғайлап 
Ӛлімге  жүрміз  бас  байлап,  -  деп  елінің  бас  бостандығы  үшін  жаумен  жан  аямай 
кескілесе күресуге шақырады [9, 15 б.]. 
19 ғасырда ӛмір сүрген Д.Байбақайұлы жігерсіз адамнан ерік іс шықпайтындығын, ерік-
жігердің, қажыр қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді: 
Ер қолынан  іс келмес,  
Сұңқардайын түйілмей.  
Буынып белін бесінбей, 
Зердесі жігер қайнамай... 
 
Жігерім болса жетем де,  
Еліме барып ұл болам.  
Жігерсіз болмай жетесіз,  
Қойын жайып құл болам.... [9, 15 б.]. 
Жастарды  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеу  19  ғасырдағы  қазақтың  ақиық  ақыны, 
жауынгер жыршысы М.Ӛтемісұлының ӛлеңдерінде ӛзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, 
отансүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды.  
Мағжан бұрыннан бері қалыптасып келе жатқан ұлт тәрбиесі жайлы ойларды ары қарай 
ӛзінің еңбегінде жалғастыра алады, ӛйткені Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар 
шығармасында  ерекше  сӛз  болатын.  Ерік,  Отанын,  елін,  жерін  жаудан  қорғап  білушілік, 
отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді 
дәріптей  отырып,  жастардың  бойына  ұлтжандылық  пен  гуманистік  қызметтерді  сіңіре 
аламыз.  
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еіліміздің аз ғана жылдық ояну 
дәуіріне баға беру үшін алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.  
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір, қазақ мұғалімдері.  
Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам.  

 
80 
 
Ниетімнің  тазалығы  үшін  тартуымды  қабыл  кӛріп  алыңыздар»,  -  деп  жазды 
М.Жұмабаев ӛзінің оқырмандарына [6, 15 б.].  
Ақындық  алғашқы  қадамында  ол  ағартушылық  бағыттағы  кӛптеген  дидактикалық 
жырлар  жазған.  Ол  әрине,  ашық  үгіт,  насихат  заман  талабынан  туған.  Ақын  сӛзі  ащы 
шындықтың  айнасы  болып  отырған.  Мағжан  ақын  бар  ӛмірін,  білгенін  сол  туған  халқына, 
еліне арнаған ақынның бірі еді.   
Қазақ  әдебиетінің  20  ғасыр  басындағы  жарқын  жылдыздарының  бірі  –  Мағжан 
Жұмабаев. Ӛмірі мен ӛлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты  соңғы жарты ғасырдан 
артық уақыт бойы айтылмаған. 
Басқа жұрт, аспан, кӛкке ұшып жатыр, 
Кілтін ӛнер-білім ашып жатыр, 
Бірі-ай, бірі - жұлдыз, бірі - күн боп, 
Жылтырап кӛктен нұрын шашып жатыр, 
Таласып ӛнер-білім алып жатыр, 
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр, 
От жегіп, кӛкке ұшып, суда жүзіп, 
Тәңірінің  рахметіне  қонып  жатыр…-  деп,  Ыбырай  Алтынсариннің  ―Ӛнер-  білім  бар 
жұрттар‖ ӛлеңімен сарындас бастаған жырын соза келе, қыр қазағының бар теріс қылығын 
сынап, еліне жәрдемдесуге дәрменсіз оқыған азаматтарға шүйлігеді . 
―Ӛнер білім қайтсе табылар‖ атты ӛлеңінде әдеттегідей күйіну жоқ. Бұл ӛлеңді жастарға 
арнап,  ӛзінен  кейінгі  іні-қарындастарын  оқуға  жұмылдыру  мақсатында  жазған.  Қазақ 
халқының  ағартушылық  тақырыптары  оның  шығармашылығынан  кӛрініс  алады.  Осы 
мәселелерге  байланысты  ол  ӛзінің  кӛптеген  ӛлеңдерін  арнаған.  Соның  ішіндегі  -  ―Балалық 
шақ‖, ―Күз‖, ―Қазағым‖, ―Немере мен әжесі‖ т.б.  
Балалық шағы 
Патшалық тағы 
Ала алмас оны бағалап, - деп, басталатын келесі бір тамаша жырын Мағжан, бозбалалар 
мен бойжеткендерді қойып, ауылда ойнап жүрген ойын балаларына арнайды. Оларға ақыл-
сананың таза кезінде бойға тек асылды ғана сіңіруге кеңес береді. 
Жастық - алтын, 
Қуып қал салтын, 
Салты оның үйрену. 
Ӛнер қуып, белді бекем буып, 
Надандықтан жирену. 
Ӛрге, қарғам, ұмтыл! - 
Аты ӛшкірден құтыл! - дейді. Баланың құлағына жағымды ―қарағым мен шырағымды‖ 
қолдана отырып, айтқан ойын сәби санасына ұялата біледі. 
Мағжан  балаларға  арнап  ―Ертеңгі  сәулелер‖  атты    ӛлеңді  орысшадан  әдейі    аударады. 
Күн  жерге  сәуле  тастайды:  бірінші  сәуле  босторғайды  оятып,  ол  шаттықпен  ән  салуға 
кіріседі;  екінші  сәуле  қоянды  оятып,  ол  семіріп  жем  іздеуге  кіріседі,  үшінші  сәуле 
тауықтарды оятып, олар да ертеңгі харекетке кіріседі; бесінші сәуле балаға түседі, ол аунап 
түсіп  ұйықтай  береді.  Мағжан  Крылов  мысалдарын  аударғандағы  Абай  үлгісімен  ӛзіндік 
қазақы  қорытындысын  қосады.  Білімнің  сәулесінен  қашуға  болмайтынын  уағыздайды. 
Осыған үндес ―Қарағым‖ атты ӛлеңі де балаларға арналған. 
Халықтық және әлемдік педагогиканың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін жинақтай келе, 
Мағжан  Жұмабаев  қазақ  педагогикасындағы  ең  ӛзекті  мәселелердің  бірі  оқыту  мен 
тәрбиелеудің алғашқы бастамасын құрды. 
М.Жұмабаев жеке тұлғаның жан-жақты дамуының ӛзегі адамгершілік тәрбиесінің рӛлін 
атап  кӛрсетеді.  Адамгершілік  тәрбиесінің  мақсатын  іс-әрекет  пен  ойлаудағы  адамгершілік 
бағыттылыққа  деген  қабілеттілікті  педагог  кӛре  білді.  Мағжан    Жұмабаев  ӛзінің  барлық 
шығармашылығында  адамның  рухани  ӛмірінің  күрделі  жақтарын  ағартушылықпен 
байланыстыра кӛрсетуге ұмтылады. Сонымен қатар, ол қазақ халқының рухани-адамгершілік 

 
81 
 
дәстүрлерінің маңыздылығын атап кӛрсетеді. Олар құрған қазақ мектептерінің үлгілері қазақ 
мәдениетінде бар тәрбиенің ең жақсы дәстүрлерін қамтиды.  
Педагог  Мағжан  тәрбиені  дене  тәрбиесі  және  жан  тәрбиесі  деп  екіге  бӛледі.  Дене 
тәрбиесіне  ерекше  кӛңіл  бӛліп,  оны  физиологиямен,  математикамен,  эстетикамен,  бала 
психологиясымен  ғылыми  байланыстырып,  талдау  жасау  арқылы  халық  педагогикасын 
пайдалана отырып, бұл тәрбиені асырудың жолдарын кӛрсетіп берді. 
Жан тәрбиесіне (сезіну, әсерлену, еске түсіру, салыстыру, елестету, ұғыну, қиялдау, ой 
қорыту,  сӛйлеу)  жан-жақты  терең  талдау  жасалынып,  ғылыми  тұжырымдар  айтылған. 
Жанды тәрбиелеу үшін Мағжан жан кӛрністерін үш топқа бӛледі: сезу, білу, қайрат. Ол ―жан 
тұрмысында бұл үш таптың арасында берік байлам бар‖ деп кӛрсетті. ―Сол ақыл, ішкі сезім, 
қайрат  үшеуін  бірдей,  тең  тәрбие  қылу-  тәрбиешінің  міндеті.  Бір  адамның  осы  үш  тап 
кӛрністері тең болмай, біреуі таразыны басып, билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес‖. 
Бұл пікірін ақын Абайдың жыр жолдарымен айқындайды: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бӛлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 
Жолда жоқ жарыместі жақсы демек. 
Мағжан  бала  тәрбиесінде  қиялдың  алатын  орны  зор  екенін  дәлелдеп:  ‖Қиял-ӛмірдің 
гүлі,  кӛрікті  болуын,  қиялсыз  адам-тұсаулы  есек.  Қиял  ақылды  кеңейтеді‖-дейді.  ―Бала 
санасы  қиялмен оянады, бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, баланың қиялы әсіресе ойында 
жарыққа  шығады‖  деп,  ұстаз  бала  қиялын  ұщқырлайтын  қызықты  ертегілерді,  ойындарды, 
ойыншықтарды тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын кӛрсетеді. 
Педагог  еңбектерінде  отбасы  тәрбиесіде  кӛтеріледі.  Оның  пікірінше,  ата-аналардың 
жоғары моралдық сапалары, баланың жеке басын сыйлау, отбасының  қолайлы жағдайлары 
балаларды тәрбиелеуде үлкен ықпалын тигізеді. 
Педагог-ғалым  бала  тәрбиесіндегі,  әсіресе  қыз  баланы  тәрбиелеуде,  ана  рӛлінің  зор 
екендігін айтады. Ӛйткені бала анаға жақын тұрады. Шешесі үйде баланың кӛзінше не істесе, 
қалай  қимылдап,  қалай  сӛз  сӛйлесе,  ертең  ұшқанда  баласы  әсіресе,  қыз  бала  соны  істейді. 
Сол  себепті  ананың  балаларының  алдында  әдепті,  мәдениетті  болуын  меңзейді.  Баланың 
маңайындағы адамдардың жүрісі-тұрыстары да әдепті, сұлу  болуға  тиісті.  
Мағжан  Жұмабаев  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  педагог  рӛліне  үлкен  мән  берді.  Ол 
тәрбиешілерге  ерекше  талап  қойды:  балаға  деген  сүйіспеншілік,  терең  адамгершілік, 
кәсібилік. 
Әдеби  шығармашылықтың  ғылыми-педагогикалық,  оқу-әдістемелік  қызметпен 
байланыстылығын  Мағжан  Жұмабаевтың  талантының  кӛпқырлылығын,  білімінің 
энциклопедиялығын  кӛрсетеді. 
Мағжан  қоғамдағы  тіл  рӛлін  терең  түсініп,  оны  негізгі  міндеттердің  бірі  деп  есептеп, 
қазақ  тілін  оқытудың  әдістемесін  жасауға  тікелей  қатысты.  Ол  тіл  туралы  үлкен  сезіммен 
жазған. Ол бала тіліне аса ұқыптылықпен қарауға шақырды. ―Кейбір адамдардың баланы ӛз 
тілінше сӛйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы еркелетіп, әдейі тілдерін бұзып, балаша 
шолжаңдап,  сақау  болып  сӛйлейді.  Бұл  әрине  ӛте  қате.  Баланың  тілін  шын  дұрыс  жолға 
салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп‖- деп жазды. 
―Қазақтың  тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  негізге  құрылуына 
байланысты.  Мектебімізді  таза,  сау,  берік,  һәм  ӛз  жанымызға  қабысатын,  үйлесетін негізде 
құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, 
келешегіміз күңгірт‖, - деп кӛрегендікпен айтқан болатын. Мағжанның бұл пікірлері бүгінгі 
күнгі  талаптармен  үндесіп  жатыр.  Қазір  де  ұлттық  мектеп,  ұлттық  оқулық,  қазақ 
мектептерінің  тағдыры.  Ана  тілі  мәселелері  егемендігін  алған  Қазақстан  Республикасының 
күн тәртібінде тұрған міндеттердің негізісі болып табылады. 
_______________________ 
1.Асқаров  Ә.,  Елеукенов  Ш.,  Қасқабасов  С.Мағжан  Жұмабаев.  І  том.  Ӛлеңдер,  дастандар, 
әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 2002. 

 
82 
 
2.Асқаров  Ә.,  Елеукенов  Ш.,  Қасқабасов  С.Мағжан  Жұмабаев.  ІІ  том.  Ӛлеңдер,  дастандар, 
аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2003. 
3.Бектурбекова Ф. Ұлттық поэзия падишасы. – Алматы, 2001.  
4.Дәрімбетов Б. Мағжан Жұмабаев. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым, 1992. 
5.Жұмабаев М. Жан сӛзі. Ӛлеңдер мен дастандар. – Алматы: Раритет, 2005.  
6.Жұмабаев М. Сүй, жан сәулем. Ӛлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2002.  
7.Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1993.  
8.Жұмабаев М. Педагогика: - Алматы: Ана тілі, 1992.  
9.Жазықсыз  жазаланған  қаламгерлер:  (А.Байтұрсынов,  Ш.Құдайбердиев,  М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев) // Қазақ әдебиеті – 1990.  
10.Жақыпов  Ж.  Дәуірдің  жарық  жұлдыздары  еді:  (Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар туралы) // Коммунизм нұры. – 1989.  
 
Аннотация. Данная статъя посвящена проблемам воспитания в учебнике «Педагогика» 
М.Жумабаева.  Сделан  краткий    анализ  труда,  основанный    на  теоретических  положениях 
авторов, касающихся вопросов воспитательного процесса в школах. 
Annotation.  This  article  is  devoted  to  some  problems  of  education  in  the  text-  book 
―Pedagogics‖, is written by M. Zhumabaev.  
 
 
 
М.Р.Касымов, Ж.Т.Тасжурекова  
 
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ПОДГОТОВКА  УЧИТЕЛЯ НОВОЙ ФОРМАЦИИ 
В УСЛОВИЯХ РЕАЛИЗАЦИИ КОМПЕТЕНТНОСТНОГО ПОДХОДА 
 
УДК 307 018 
 
В фокусе актуального диалога между  вузовским сообществом и рынком  труда была и 
остается  фигура  выпускника.  Именно  его  готовность  и  способность  к  эффективной 
профессиональной  деятельности  являются  для  работодателей    (и  общества  в  целом) 
основным  критерием  оценки  качества  обучения  в  конкретном  учебном  заведении  и,  как 
следствие, главной сферой ответственности самого вуза. 
Задача  высшей  школы  состоит  не  только  в  вооружении  выпускника  набором 
фундаментальных  знаний,  но  и  в  формировании  личности  выпускника,  способного 
эффективно применять знания, умения и навыки в стандартных и нестандартных ситуациях; 
мотивированного  постоянно  совершенствовать  свой  образовательный  и  профессиональный 
уровень,  использовать  разнообразные  источники  информации,  востребованные  его 
профессиональной  деятельностью;  готового  к  горизонтальной  мобильности  в  течение 
трудовой  жизни.  В  этом  плане  построение  компетентностной  модели  высшего 
профессионального образования актуально и стратегически оправдано. 
Происходящие  изменения  в  системе  образования  РК  обусловили  появление  новых 
представлений об  учителе  современной школы. Нужен  "качественный  учитель"  для  "новой 
школы":  педагог,  который  не  только  даст  школьникам  новые  знания,  но  и  научит  детей 
учиться,  организует  этот  процесс,  и,  что  очень  важно,  сделает  его  интересным, 
привлекательным, необходимым в течение всей жизни. 
Смыслом  современного  высшего  педагогического  образования  является  становление 
компетентного  специалиста,  способного  свободно  ориентироваться  в  сложных  социально-
культурных  обстоятельствах,  ответственно  и  профессионально  действовать  в  быстро 
меняющихся  условиях  науки  и  образования.  Компетентностная
 
модель  учителя  новой 
формации  предполагает  следующие  важные  целевые  ориентиры  при  проектировании 
образовательного процесса в вузе: 

 
83 
 
- студентоориентированную направленность образовательного процесса; 
- органичное включение образовательной среды вуза во все виды жизнедеятельности ее 
субъектов, приводящее к активизации внутренних ресурсов личности; 
- развитие личности студентов в профессиональном становлении; 
-  ориентацию  на  «компетенции»  как  «результаты  образования»  с  учетом  рынка 
образовательных услуг и международных тенденций; 
- насыщение личностными смыслами и гуманизацию содержания образования. 
Компетентность  предусматривает  способность  индивида  самостоятельно  находить  и 
использовать уже накопленные знания в различных ситуациях и сферах жизни, отличных от 
тех, в которых они были приобретены
На  наш  взгляд,  компетентностный  подход  –  это  прежде  всего,  индивидуализация 
обучения, а следовательно, внедрение новой модели обучения. Поэтому задача современного 
высшего образования состоит не столько в передаче  студенту определенной суммы знаний 
по той или иной специальности, сколько в необходимости формирования у него навыков и 
умений  распорядиться  этими  знаниями  в  нужный  момент.  Современному  студенту  нужно 
оказать  помощь  в  развитии  способностей  добывать  информацию,  обрабатывать  ее  и 
анализировать,  умело  использовать  и  принимать  на  ее  основе  эффективные  решения. 
Другими словами, образование должно помочь человеку в мире неопределенности. В более 
широком смысле можно говорить, что цель образования сегодня  – это развитие социально, 
культурно и профессионально компетентной личности. 
В  системе  образования  профессиональная  компетентность  также  предстает  как  –  то 
должное  качество,  которое  не  всегда  ясно  осознается  на  уровне  понятия  и  улавливается 
интуитивно  при  разработке  образовательных  программ.  Между  тем,  это  должное  качество 
есть  основа  проектирования  образовательных  программ,  а  значит  всей  системы 
профессионального  образования.  Однако  стремительные  изменения,  происходящие  в  мире, 
убеждают  нас  в  необходимости  рассмотрения  термина  «ключевые  компетенции»  в  более 
широком  смысле.  Это  обусловлено  тем,  что  межкультурные  и  межотраслевые  знания, 
умения  и  способности  становятся  необходимым  условием  успешной  работы  современного 
специалиста. 
 
Наиболее  важными  компетенциями,  с  нашей  точки  зрения,  являются:  научно-
предметная;  психолого-педагогическая;  коммуникативная;  социально-организационная 
(управленческая); креативная; информационная. 
Педагогический  вуз  обязан,  прежде  всего,    сформировать  образовательную  среду  и 
создать  условия,  необходимые  для  всестороннего  развития  личности  будущего  педагога. 
Квалифицированного
 
педагога,  способного  научить  детей  учиться  можно  подготовить 
только в современных условиях обучения. Если мы хотим, чтобы учителя работали с детьми 
по  новым  технологиям,  их  самих  надо  готовить  с  использованием  самых  новейших 
образовательных технологий.  
В  сложившихся  условиях  высшим  педагогическим  учебным  заведениям  необходимо 
искать  пути  преодоления  противоречия  между  новыми  требованиями  к  качеству 
образования, инновационными подходами к подготовке компетентного специалиста, с одной 
стороны, и неготовностью большинства студентов к такому обучению – с другой. 
На  наш  взгляд,  наиболее  эффективными  путями  решения  данной  проблемы,  являются 
следующие: 
Первый  путь  предполагает  жесткий  отбор  абитуриентов,  (на  основе  психо-
диагностических методов, с целью выявления педагогической направленности), обладающих 
необходимым  уровнем  образовательной  компетентности  для  осознанного  и  ответственного 
самоуправления профессиональным развитием.  
Второй  путь  предполагает  адаптацию  образовательного  процесса  в  высшей  школе  к 
возможностям  обучающихся.  Учитывая  недостаточную  развитость  их  мировоззренческих, 
мотивационных  и  личностных  механизмов  саморегуляции,  для  достижения  приемлемой 
результативности  обучения  необходимо  пошаговое  управление  учебной  деятельностью 

 
84 
 
студента,  что  и  осуществляется    в  ТарГПИ  посредством  контроля  посещаемости  занятий, 
проведения текущего и рубежного контроля знаний, увеличения количества часов по СРС и 
СРСП.  Постоянный  контакт  преподавателей  со  студентами  позволяет  лучше  организовать 
деятельность последних.  
Третий 
путь 
целенаправленное 
развитие 
образовательной 
компетентности 
обучающихся,  которая  ступенчато  (  по  мере  формирования  )  будет  включаться  в  качестве 
ресурса  дальнейшего  личностно-      профессионального  развития.  Это  предполагает 
изменения  как  в  содержании  и  организации  образовательного  процесса,  так  и  в 
непосредственном  педагогическом  взаимодействии.  Одной  из  важных  сторон  деятельности 
ППС  является  не  просто  трансляция  знаний,  а  включение  их  в  процесс  личностного 
взаимодействия между педагогом и студентами. 
На наш взгляд, проблема профессиональной подготовки учителей в условиях перехода 
на 12 летнее обучение требует поиска новых путей и решения следующих актуальных задач: 
-  создание профессионального стандарта  учителя и разработка стандартов повышения 
квалификации и переподготовки педагогических кадров; 
-  создание  условий  для  получения  руководителями  организаций  образования
работниками  органов  управления  образованием  и  кадрового  резерва  квалификации 
«менеджер в образовании»;  
-  постоянное 
совершенствование 
технологической 
деятельности, 
обогащение 
направленности,  компетентности  и  профессионально-значимых  креативных  качеств 
педагога; 
 
-  развитие конкурентной инновационной среды в сфере подготовки, переподготовки и 
повышения профессиональной квалификации работников образования; 
-  обеспечение  интеграции  научной  деятельности  и  образовательного  процесса  на  всех 
уровнях высшего и послевузовского образования; 
- обеспечить практикоориентированность образовательных программ, которая является 
главным  критерием  оценки  их  качества,  а  значит,  и  лучшим  инструментом  обеспечения 
конкурентоспособности  выпускников,  так  как  проактикоориентированное  обучение 
позволяет  достигать  соответствия  содержания  образования  сегодняшним  и  перспективным 
потребностям рынка труда; 
-  продолжать  наработанную  систему  дистанционной  поддержки  педагогической 
практики средствами интернет-технологий, благодаря которой студенты имеют возможность 
получить  любую  консультацию:  как  подготовить  урок  и  провести  его,  как  лучше  написать 
конспект, там же можно выложить свои материалы для обмена опытом, сформировать отчет 
по педагогической практике; 
-
 
контролировать  уровень  сформированности  базовых  компетенций  студентов  и 
выпускников  педагогических  вузов  при  этом,  отдельно  проверять  уровень  теоретических 
знаний в форме компьютерного тестирования и  уровень практических  умений и навыков  в 
форме выполнения практических заданий и решения педагогических ситуаций;  
-  совершенствовать  механизмы  взаимодействия  профессионального  образования  с 
рынком  труда,  работодателями  и  их  объединениями;  упрощение  поиска  работы  и 
сокращение  соответствующих  временных  затрат  выпускников  путем  внедрения 
современных  форм,  методов,  механизмов  трудоустройства  выпускников  педагогических 
вузов; 
-  пересмотреть  оценку  деятельности преподавателей  и наиболее  ценными  считать  тех, 
кто  не  только  имеет  ученые  степени  и  звания,  но  и  систематически  публикует  результаты 
своих  исследований,  участвует  в  конференциях  и  семинарах,  а  также  проводит  занятия  на 
высоком научно-методическом уровне, пробуждая в студентах творческое начало и вовлекая 
их  в  научную    работу.  Именно  такие  преподаватели  составляют  интеллектуальную  элиту 
любого вуза, и именно они обеспечивают непрерывное производство новых знаний, без чего 
невозможна никакая модернизация.  

 
85 
 
Комплексное решение всех этих задач позволит нам обеспечить школу талантливыми, 
любящими своих учеников учителями. Такие педагоги нужны прежде всего, нашим детям.
 
_________________ 
1.Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 
годы. Астана, 2010. 
2. Зимняя И.А. Ключевая компетенция – новая парадигма результата образования // Высшее 
образование сегодня, 2003. - №5. 
3.Третьяков  П.И.  Профессиональная  жизнеспособность  и  компетенции  педагогов-
руководителей как показатели качества образования. //Педагогическое образование и наука, 
2004. 
4.Шарф  И.В.  Реализация  самостоятельной  работы  студентов  в  компетентностной  модели  // 
Высшее образование в России №6, 2011. 
5.Шемет 
О.В. 
Пространственная 
организация 
компетентностно-ориентированного 
образовательного процесса в ВУЗе//Педагогика 2010. №6. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет