Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы


Модульдік оқыту  технологиясы



Pdf көрінісі
бет6/52
Дата15.03.2017
өлшемі8,32 Mb.
#9314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Модульдік оқыту  технологиясы 
Оқу  үрдісінің  сапалы  оқыту  бағытын  айқындайтын  бірден-бір  жаңа  жол  –  модульдік  оқыту  техно-
логиясы. Модуль арқылы оқыту идеясын ең алғаш 60 жылдары Американдық ғалымдар Н.Постлувейт, 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
23 
Б.Л.  Гольдшмид  жасады.  Қазір  дүние  жүзінде  модульмен  оқытудың  5  түрлі  жолы  бар:  Американдық 
модуль, неміс модулі, Скавиннің орыс модулі, Алексюк пен Фурманның украин модулі, В.М. Монахов-
тың модульдік технологиясы 
Модуль дегеніміз – бір-бірімен тығыз байланысты ірі блоктар, бағдарламадағы тақырыптар, яғни оқу 
модулі ақпараттардың аяқталған блогінен тұрып, білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, студенттердің өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін 
қамтамасыз етеді. 
Қазақ тілін модульмен оқыту мәселелсін теориялық жағынан да, әдістемелік қырынан да зерттеп, ол 
туралы алғаш  докторлық диссертация қорғаған ғалым К.Жақсылықованың пайымдауынша, модуль - іс-
әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген 
білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу 
ақпараты  болып  табылатын  модульмен  оқытудың  негізгі  құралы,  басқаша  айтқанда  адамның  өздік 
дамуының шамасы.  
Модульдік оқыту технологиясының ең басты белгілерінің бірі – студенттердің оқу белсенділігі болып 
табылады. Оқу материалы белсенді іс-әрекет барысында сапалы меңгеріледі. 
Модульдік  оқытудың  келесі  бір  белгісі  –  оқу  материалының  шағын  бөліктерін  үлкен  бір  тақырып 
ретінде алып, яғни, ірі блоктарға бөліп оқыту. Бұл ретте тірек-сызбаларды қолдану көзделген. 
Кейбір ғалымдар икемділік пен еркінділікті де модульдік оқыту технологиясының негізгі белгілерінің 
қатарына жатқызады. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  курсты  3  пайызға  дейін  қысқартуға  мүмкіндік  береді,  оқу  үрдісін 
оңтайлы, жүйелі ұйымдастыруға,  оқу сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 
Оза оқыту технологиясы   
Бекітіліген оқу бағдарламаларының өте күрделілігі, оны меңгертуге уақыттың жетіспеушілігі сияқты 
мәселелер оза оқыту технологиясының пайда болуына негіз болды. Оза оқыту технологиясының авторы 
бағдарламада  көрсетілген  оқу  материалын  толықтай  меңгеріп  шығу  үшін  оқу  үрдісін  басқаша  үлгіде 
ұйымдастыру  керек  деп  есептеген.  Оның  пікірінше,  нағыз  сабақ,  ол  –  барлығына  және  бәріне  уақыт 
жеткізу. 
Сабақта үнемі тілдік қарым-қатынастың болуы, оқушылар мен оқытушылардың бір-бірімен ынтымақ-
тастықта, түсінушілікте әрекет етулері, оқушылардың ойлау әрекеттерін үнемі белсендіріп отыру  – оза 
оқытудың негізгі белгілерінің бірі.  
Оза оқыту технологиясы бірнеше бағытта жүргізіледі. Оның біріншісі – жеке оқушымен жұмыс. Ол 
бойынша  әр  оқушыға  жекелеме  сұрақтар  (дифференцированный  опрос)  бере  отырып,  оқу  материалын 
меңгерту және ол алдымен үлгерімі жақсы оқушылардан басталып сұралады. Одан кейін орташа оқитын 
оқушыдан,  соңында  үлгерімі  төмен  оқушымен  жұмыс  жүргізіледі.  Оза  оқыту  технологиясының  бұл 
түрінің негізгі қағидасы – білімді жақсы меңгерген оқушы арқылы білмейтін оқушыны үйрету. 
Оза  оқыту  технологиясының  келесі  түрі  –  тірек-сызбалар  (таблица,  карточка,  сурет)  арқылы  оқыту. 
Тірек-сызбалар  арқылы  оқытудың  бір  ерекшелігі  –  олар  алдын  ала  дайындалып,  сызылмайды.  Тірек-
сызбалар әр сабақ үстінде, яғни жаңа материалды меңгерту барысында дайындалады. Сонда оқушылар 
ережені, формуланы т.б. құр жаттап алмай, салыстыру, сызу, көру арқылы оқу материалын өздері меңге-
ріп, есте берік сақтайды. Ол тірек-сызбалар сабақ соңынан кейін көзден таса жерге алынып тасталмайды. 
Керісінше, білім берік меңгерілгенше оқушылардың көз алдарында ілініп тұрады. 
Тірек-сызбалар арқылы оқыту, біріншіден қатені дер кезінде көрсетіп отырса, екіншіден, жіберілген 
қатені сол сәтте түзетуге, үшіншіден, әр өткен материалды әрбір сабақта есте түсіріп отыруға мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ тірек-сызбалар уақыт үнемдеуге, оқу материалын жылдам меңгеруге игі ықпал етеді. 
Дамыта оқыту технологиясы   
«Дамыта  оқыту»  идеясы  Пестолаци  еңбектерінен  бастау  алып,  В.В.  Давыдов,  Л.В.  Занков,                             
Д.П.  Эльконин  сияқты  Ресей  ғалымдарының  зерттеулерінде  жасалғасын  тапты.  Дамыта  оқыту  техно-
логиясының  жеке  тұлғаны  тұтас  дамытуға  бағытталған  оқыту  технологиясы  (Л.В.  Занков),  ақыл-ой  әре-
кетін дамытуға негізделген оқыту технологиясы (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов) сияқты бірнеше түрлері бар. 
Дамыта оқыту технологиясы – белсенді іс-әрекетке негізделген, жеке тұлғаның ерекшелігі мен білім 
деңгейін ескеретін, жеке тұлғаның барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген оқыту технологиясы. 
Дамыта оқыту технологиясының оқытуда қолданылатын негізгі ұстанымы: білімді күрделіден жеңіл-
ген қарай меңгерту, яғни қиын тапсырмалар беру арқылы меңгерту болып табылады. Бұл жердегі «қиын» 
ұғымы жолда кездескен бөгеттерді жеңіп шығумен байланысты берілген. 
Ғалым Л.В. Занковтың пікірінше, жеңілден күрделіге қарай берілетін білім баланың дамуын тежейді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
24
 
 
Өйткені  біртіндеп  берілетін  дайын  білім  баланы  еш  ойландырмайды.  Ал  оқу  үрдісін  қиын  деңгейде 
ұйымдастыру арқылы баланың дамуына жол ашылады. Оқушы алдына саналы түрде белгілі бір мақсат 
қойылып,  кездескен қиыншылықтарды жеңуге тырысады, ізденеді ойланады, өзіндік жұмыс атқарады. 
Қорытындылай айтқанда, дамыта оқыту технологиясы: 
-  оқушыны жан-жақты дамытуға; 
-  мәселелік жағдайларды шешуге; 
-  ойлау қабілетін дамытуға; 
-  танымдық қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. 
Компьютерлік технология   
Ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны  оқу  үрдісінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдануды 
қажет  етіп  отыр.  «Жаңа  ақпараттық  технологиялар»  деген  тіркестің  пайда  болуы  білім  беру  үрдісінде 
компьютерлерді пайдаланумен байланысты болды.  Мысалы Г.А. Боровский  мен  В.Л. Извозчиков жаңа 
ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде оқытудың жаңа электрондық құралдарын, соның ішін-
де, компьютерді пайдаланумен байланыстырды. Бұндай көзқарасты басқа да көптеген ғалымдар қолдады. 
Сондықтан «жаңа ақпараттық технология» терминін қысқартып «компьютерлік технология» деп атайды. 
Компьютерлік  технология  оқытушылардың  оқыту  әдістері  мен  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  түрлерін 
түбегейлі  өзгертуге,  оқу  үрдісін  үнемі  жаңартып  отыруға,  оқытушылар  мен  студенттерге  өзіндік  және 
бірлесіп шығармашылық жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді. 
Компьютерлік технологияны оқу үрдісінде қолдану арқылы: 
-  компьютер  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана  алатындай  жан-жақты  дамыған  дара  тұлға 
тәрбиелеуге; 
-  білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; 
-  жаппай компьтерлік сауаттылық мәселесін шешуге; 
-  студенттердің шығармашылық қабілетін, іскерлігін дамытуға; 
-  оқыту сапасын арттыруға; 
-  студенттердің дамуына бақылау жасауға; 
-  бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін жетілдіруге болады.  
Компьютерлік  технологияның  басты  ерекшелігі  жалпы  оқу  материалын  меңгерту,  түсіндіру,  бекіту, 
қайталау,  білім,  білік,  дағдыны  тексеру  сияқты  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  қолданылуында  болып 
табылады.  Сондай-ақ,  компьютерлік  технология  оқу  уақытын  үнемдеуге,  мол  ақпарат  алуға  ықпал 
жасайды. 
Дебат технологиясы   
Австралиялық философ Карл Поппердің «Дебат» бағдарламасы бойынша қазір оқу үрдісінде кеңінен 
қолданылып жүрген оқыту технологияларының бірі – дебат технологиясы. 
 «Дебат» француз сөзі. Пікір сайыс деген ұғымды білдіреді. Орыс тілі сөздігінде дебат сөзіне белгілі 
бір мәселені талқылау, пікір алмасу деген түсіндірме берілген. Яғни, дебат сөзі айтыс, жарыс сөз деген 
ұғымды білдіреді. 
А.Х.  Аралханов,  Р.А.  Жұмақанова  сияқты  ғалымдар  дискуссия  мен  дебат  екеуі  бір  нәрсе,  екеуінің 
ешқандай айырмашылығы жоқ деген пікір айтады. Бірақ көптеген мақалалар мен еңбектерді талдай келе, 
дискуссия мен дебаттың өзіндік айырмашылықтары бар екендігіне көз жеткізілді. 
Дебат  дискуссиясының  басқа  түрлерінен  өзіндік  жаңа  методологиямен  және  жоғары  дәрежелі  ой 
әрекеттестігі арқылы ерекшеленеді. Біріншіден, егер дәстүрлі дисскуссияда оған қатысушы адам алдын 
ала  белгіленген  көзқарасты  қорғаса,  ал  дебат  тәртібі  бойынша  әрбір  қатынасушы  адам  көтерілген 
мәселені міндетті түрде қарама-қарсы көзқарас жағынан қарастырады. Ал ол дебатқа қатынасушылардың 
мәселені  жан-жақты  талдай  білу  шеберлігін  қалыптастыратын,  оппоненттердің  пікірін  сыйлай  білуге 
үйрететін бірден бір жол. Екіншіден, дебат өзінің технологиялығымен жеке және ұжымдық ой әрекетінің 
нақты  алгоритімімен  ерекшеленеді.  Бұл  ерекшелік  бойынша  дебат  технологиясы  оқу  үрдісінде  жан-
жақты білім алуды қамтамасыз етеді. 
Дебат  технологиясының  өзіндік  жүргізілу  тәртібі  бар.  Дебаттың  өз  мәнінде  өтуі  оның  тақырыбын 
таңдаумен  тығыз  байланысты.  Таңдалатын  тақырып  қазіргі  күннің  талабын  қанағаттандыра  алатындай 
болуы тиіс. Сол жағдайда әрі қызықты, әрі пайдалы дебат ұйымдастыруға қол жеткізуге болады. Мысалы, 
қазіргі күннің кезек күттірмейтін мәселесі - ҚР-ның мемлекеттік тілі бойынша дебат ұйымдастырғанда, 
студенттерді  үш  командаға  бөліп  өткізуге  болады.  Бұндағы  бірінші  топ  –  даттаушы,  екінші  топ  – 
жақтаушы топ, ал үшінші топ  опоннент міндетін атқарады. «ҚР-ның мемлекеттік тілін білу қажет» деген 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
25 
көзқарасты  қолдаушылар жақтаушы топ болса, «ҚР-ның мемлекеттік тілін білу қажет емес» деген пікірді 
қолдаушылар  даттаушы  топ  болады.  Әр  топ  өкілдеріне  дайындалуға  15  минут  уақыт  беріледі.  Ал  өз 
көзқарастарын қорғап шығу үшін 5 мин. уақыт беріледі. Үшінші топ мүшелеріне 3 минут беріледі. 
Дебат технологиясы арқылы қазақ тілі сабағын ұйымдастырғанда оқу қызметінің бес түрін де (тыңда-
лым,  тілдесім,  оқылым,  жазылым,  айтылым)  жетілдіруге  болады.  Дебат  технологиясы  студенттердің 
шығармашылық  белсенділіктерін  жетілдіреді,  пәнге  деген  қызығушылықтары  артып,  пәннен  терең 
білімділіктерін  дамытады.  Студенттердің  сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдылары,  зерттеу  жүргізу  дағдылары 
қалыптасады.  Көтерілген  мәселе  бойынша  көпшілік  ақпарат  құралдары  мәліметтерімен,  кітапханада, 
қосымша әдебиеттермен, статистикалық мәліметтермен, энциклопедиялық сөздіктермен т.б. жұмыс істей 
отырып  білім  қорларын  молайтады.  Қозғалған  мәселе  бойынша  өз  тұжырымдарын  жасауға,  қоғамда, 
адамзатқа пайдалы, пайдасыз не деген өлшеулерге өзіндік баға беруге үйренеді. 
Даралап - саралап оқыту технологиясы  
Даралап - саралап оқыту - студенттің әрқайсысымен жеке - жеке жұмыс істеу деген сөз. Әр студенттің 
жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Адамдардың ойлау қабілеті 
бірдей  емес.  Бұған  психологиялық  тұрғыдан  мән  беріп,  педагогикалық,  әдістемелік  шеберлікпен  келу 
арқылы оқытушының ойдағыдай дәрежеге жететіні белгілі. 
Оқушылардың  барлығының  ақыл-ой  қабілеті,  бағдарламадағы  берілген  материалды  ұғынуы  бірдей 
емес.  Оқушылардың  кейбіреулері  оқытушылардың  түсіндірген  сабағын  тез  ұғады,  кейбіреулері  орташа 
ұғады. Кейде үлгере алмаушылар да кездеседі. Сондықтан барлық студенттердің бірдей білім алуына қол 
жеткізу  үшін  өз  мүмкіндіктеріне  сәйкес  үйрету  керек.  Өз  мүмкіндіктеріне  сәйкес  үйретудің  маңызын 
зерттеуші ғалымдарымыз ғылыми жағынан дәлелдеп берді. Ю.К. Бабанский нашар үлгеретін, даярлығы 
ойдағыдай  емес  және  басқа  оқушыларға  даралап  -  саралап  қатынас  жасау  қажеттігін  айта  келіп: 
«Педагоги  школы  всемерно  опираясь  на  результаты  изучения  школьников,  стремятся  обеспечить 
дифференцированный  подход  в  обучении  к  группам  слабоуспевающих  и  наиболее  подготовленных 
школьников, пытаются дойти к процессе обучения до каждого ученика» - деп қорытынды жасайды. 
Даралап-саралап оқыту біріншіден, оқулықтарға, екіншіден, әдістемелік оқу құралдарына, үшіншіден, 
ұстаздардың  шығармашылықпен  еңбек  етулеріне,  төртіншіден,  студенттердің  даярлықтарына,  талап-
тарына, белсенділіктеріне, бесіншіден, оқыту әдістемесінің жүзеге асуына байланысты. Даралап-саралап 
оқыту екі кезеңнен тұрады: дайындық және негізгі кезең. Дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі - 
студенттер  ішінен  талапты,  дарындыларды  тауып,  олардың  қабілеттерін  дамыту,  білімге  құштарлық-
тарын  қанағаттандырып,  белсенділіктерін  арттыру.  Негізгі  кезең  -  студентті  ынталандырған  тақырып-
тарды айқындап, тереңдете оқытуға назар аудару. 
Ойын арқылы оқыту технологиясы  
Тілді  үйретуде  студенттердің  сабаққа  қызығушылығын,  танымдық  белсенділігін,  тіл  үйренуге  деген 
ынтасын  арттыру  үшін  түрлі  ойындарды  пайдалану  -  тиімді  тәсілдердің  бірі.  Сабақ  барысында  ойын 
элементтерін пайдалану арқылы тілді жылдам әрі сапалы меңгеруге мүмкіндік туады. Жоғары оқу орын-
дарында  тілдерді  оқытып  үйретуде  рөлдік  және  іскерлік  ойындардың  алатын  орны  ерекше.  Себебі  бұл 
ойындар студентті  болашақ мамандығына бір табан жақындатып, іскерлік дағдыларының қалыптасуына 
ықпал  етеді.  «Появления  деловых  и  ролевых  игр,  имитационных  методов  обеспечивают  существенное 
повышение  эффективности  за  счет  экономий  времени,  трудозатрат  и  средств;  решение  проблем  при 
дефиците  информации;  разрешение  конфликтных  ситуации»  –  деген    тұжырым  (47.  280  б.)  уақытты 
үнемдеуге, мол ақпарат алуға мүмкіндік тудыратынын да көрсетеді. 
Іскерлік ойындар алғашқыда әскери жаттықтыруларда қолданылған. Ал оқу үрдісінде ең алғаш іскер-
лік  ойындар  1930  жылы  Ленинградта  пайда  болды.  Оның  негізін  салушылар  М.М.  Бирштейн  мен                      
Т.П.  Тимофевский  болды.  70-80  жылдардан  бастап  іскерлік  ойындар  әртүрлі  зерттеу  институттарында 
жан-жақты қарастырылып, оқу үрдісінде белсенді қолданыла бастады.  
Іскерлік  ойындар  оқу,  өндірістік  және  зерттеу  ойындары  болып  үшке  бөлінеді.  Оқу  ойындарының 
негізгі ерекшеліктері мыналар: 
1.  Кәсіпорын, ұйым жетекшілерін т.б. тағайындап, оның атқаратын қызметін анықтау. 
2.  Ойынға қатысушылардың рөлдерін бөліп беру. 
3.  Рөлдік мақсаттың әртүрлілігі. 
4.  Ойынға қатысушылардың өзара әрекеттестігі. 
5.  Ойын ұжымының ортақ бір мақсатының болуы. 
6.  Мәселені бірлесіп шешу. 
7.  «Шешім цепочкасын» ойын кезінде іске асыру. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
26
 
 
8.  Шешімнің көп варианты болуы. т.б.  
Іскерлік ойындарды сабақта пайдалану студенттердің тек іскерлік шеберліктерін қалыптастырып қана 
қоймай,  сондай-ақ,  іскерлік,  орындаушылық,  шыншылдық,  белсенділік,  жауаптылық  т.б.  сияқты 
қасиеттердің де қалыптасуына әсер етеді. 
Қарастырылған оқыту технологияларының әрқайсысы да қазақ тілін оқытып үйретуде тілдік қатынас-
ты іске асыруды мақсат етеді. Өйткені тілді оқыту мәселесіндегі жаңа технологияның теориялық, практи-
калық  маңызы  оқушыларға,  студенттерге,  жалпы  тіл  үйренушілерге  тілдік  қатынасты  үйренуге  келіп 
тіреледі. 
 
 
1 Богалюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия //Вопросы     образования. – М.,1983. 
– 
№2. 

С.125-132. 
2 Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.:Народное образование, 1988.  
– 
274 с. 
3 Қараев Ж.А. Педагогическая технология обучения Караева. – Алматы,  1988. 

 112 c. 
4 Чошанов М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения. –  М.: Народное оброзование, 1996. 

160 с. 
5  Өмірбаева  К.О.  Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердің  5-сынып  оқушыларының  сөйлеу  тілін  деңгейлік 
тапсырмалар арқылы дамыту. Педагогика ғылымдарының  кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 
диссертация.   – Алматы, 2001. 
– 
132 б. 
6 Давыдов В.В. Виды обобщения в обучений. – М.: Просвещение, 1972. 
– 
432 с. 
7 Юдин В. Сколько технологий в педагогике? //Школьные  технологий. – 1999.   

№3.  
– 
С.34-40. 
8 Смирнов С. Еще раз о технологиях обучения  //Высш.обр.в Россий.   
9 Дьяченко В.К. Еще раз о коллективных  учебных занятиях  //Народное образование. – 1992.  
– 
№1-2. 

 С.12-17. 
10 Арыстанов М. Проблемное обучение в учебном процессе вуза. – Алматы: Мектеп, 1975.  

 80 с. 
11  Пидкасистый  П.И.,  Арыстанов  М.Ж.  Проблемно-модульное  обучение:  вопросы  теорий  и  технологий.  – 
Алматы: Мектеп, 1990.  
– 
207 с. 
12 Гонтарь Г.М. Использование проблемного подхода при обучений второму иностронному языку. Автореф. ... 
канд.пед.наук. –  М., 1987. 

16 с.  
 
 
Резюме 
Муканова К.К. 

 доцент кафедры казахского языка и литературы, к.п.н.  
Государственныйуниверсиет им. Шакарима г. Семей 
 
Oбразовательные технологии   активизирующие  учебный процесс 
В данной статье анализируются  образовательные технологии, рассматривается  виды педагогических технологии 
обучения   активизирующие  учебные деятельности обучающихся. 
Ключевые  слова:  интенсификация    учебного  процесса,  образовательные  технологии,  обучающиеся,  научно-
исследовательский, проектное обучение, проблемное обучение, модульное обучение.  
 
Summary 
Mukanova K.K – Associate Professor of Education Sciences, State university named after Shakarim Semey city. 
 
Educational technologies fer activisation educational process 
This article considers different kinds of pedagogical technologies in educational process. 
Keywords:  the  intensification  of  the  educational  process,  educational  technology,  students,  research,  project  learning, 
problem-based learning, modular training 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
27 
ӘОЖ 377.091.004 
 
ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ  - МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ  
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КЕПІЛІ 
 
Кубенова Ш.И.  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, 
 физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
kubenovas@mail.ru
 
 
Мақалада  кәсіптік  және  техникалық  білім  беру  жүйесіндегі  дуалды  оқытудың  тиімділігі  кәсіптік  бағдар  беру 
жұмыстарына, кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңартуға, оқу лабораторияларын жаңа талаптарға сай жасақтауға, 
педагогикалық қызметкерлерге және өндірістік оқыту шеберлеріне материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуге, түлек-
терді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ және бос жұмыс орындарына бекітуге, педагогикалық қызметкерлердің өнер-
кәсіп орындарында квалификациялық біліктілігін арттыруға оң әсерін тигізетін артықшылықтары туралы айтылған. 
Болашақ  мамандардың  құзыреттілігін  қалыптастыру  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып 
ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін 
сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелеріне  назар  аудара  отырып,   
институт тарапынан жүргізіліп келе жатқан нәтижелі жұмыстарға тоқталған. 
Тірек сөздер: дуалды оқыту, әлеуметтік серіктестіктер және мамандардың кәсіби құзыреттіліктері.  
 
2016-2019  жж.  білім  берудің  Мемлекеттік  бағдарламасында  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 
жүйесінде қызмет жасайтын  педагогтар алдына маңызды мақсат – қоғам сұранысына және экономика-
ның  индустриалды  инновациялық  дамуына  байланысты  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін 
жаңғырту  мәселесін  қойды.  Қазақстан  үшін  бұл  өзекті  мәселені  қоғам  сұранысына  сәйкес,  техникалық 
және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  сапалы  даярланған  білікті  мамандарынсыз  шешу  мүмкін  емес. 
Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі дуалды оқыту - дүниежүзінде  кәсіптік техникалық білім берудің  ең 
тиімді жолы болып танылып отыр. Бұл турасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Кәсіптік  білім беруде дуалды 
оқытуды дамыту маңызды қолданбалы біліктіліктің жаңа орталықтары қажет. Бұл мамандықтар бойынша 
кадр жетіспеушілігін жояды...», - деп  оқытудағы дуалды жүйеге көшудің тиімділігі мен маңызына басты 
назар аударған болатын  [1]. 
Оқытудың дуалды жүйесіне көшу арқылы мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін  Кәсіп-
керлер  палатасы,  өнеркәсіптік  мекемелер  және  оқу  орындарымен  бірлесіп  қызмет  етудің  рөлі  зор.  Бұл  
мамандардың  кәсіби  дайындығын  жоғарылатуға  ықпал  етеді.  Еңбек  өнімділігіне,  халықтың  көшіп  – 
қонуы азаюына оң әсерін тигізеді және әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді. Дуалды жүйені енгізудің 
нәтижесінде, колледждер өңірдегі нарық сұранысына сәйкес оқу бағдарламаларын дайындайды, өздерінің 
кәсіби  әлеуеттерін  дамытады,  оқытушылар  құрамының  біліктілігін  көтереді,  тұтасымен  алғанда,  білім 
беру мекемесіндегі кадрларды дайындаудың сапасын арттырады.  
Кәсіптік және техникалық  білім беру жүйесіндегі  дуалды оқытудың тиімділігі кәсіптік бағдар беру 
жұмыстарына,  кәсіптік  білім  берудің  мазмұның  жаңартуға,  оқу  лабораторияларын  жаңа  талаптарға  сай 
жасақтауға,  педагогикалық  қызметкерлерге  және  өндірістік  оқыту  шеберлеріне  материалдық  тұрғыдан 
қолдау  көрсетуге,  түлектерді  жұмысқа  орналыстыру,  сондай-ақ  және  бос  жұмыс  орындарына  бекітуге, 
педагогикалық  қызметкерлердің  өнеркәсіп  орындарында  квалификациялық  біліктілігін  арттыруға  оң 
әсерін тигізетін артықшылықтары арқылы кәсіптік және техникалық оқу орындарының жұмыс берушілер 
және әлеуметтік серіктестіктер байланысын нығайтуға мүмкіндіктер береді. 
Дуалды  оқыту  кезінде  төменгі  курстарда    жалпы  теориялық  база  берілсе,  екінші,  үшінші  курстарда 
өндірістік  жағдайдағы  тәжірибеге  бағытталған  оқу  тапсырмаларын  қамтыған  жеке  жоспар  бойынша 
белгілі мамандық бойынша өндіріс жағдайының талаптарын орындау жоспарланады. Тұтасымен алғанда, 
білім беру мекемесіндегі кадрларды дайындаудың сапасын арттырады. Кәсіптік және техникалық  білім 
беру жүйесіндегі дуалды оқытудың тиімділігі кәсіптік бағдар беру жұмыстарына, кәсіптік білім берудің 
мазмұның жаңартуға, оқу лабораторияларын заманауи талаптарға сай жасақтауға, педагогикалық қызмет-
керлерге және өндірістік оқыту шеберлеріне материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуге, түлектерді жұмыс-
қа  орналыстыру,  сондай-ақ  және  бос  жұмыс  орындарына  бекітуге,  педагогикалық  қызметкерлердің 
өнеркәсіп орындарында квалификациялық біліктілігін арттыруға оң әсерін тигізеді. 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2014  жылғы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  «...Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
28
 
 
бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқым-
ды жұмыс күтіп тұр дей келе басты назарды әсіресе, білім берудің кадрлар даярлау мәселесіне аударды. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндіріс-
терде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс ...», - деп кәсіптік және техникалық білім беру 
алдына  астарлы  мақсаттар  қойды.  Ал  қазіргі  заманғы  «Дуалды  оқытудың  Ұлттық  жүйесін  жасау»  
осындай келелі мақсаттарды жүзеге асыруға зор мүкіндіктер береді деп күтілуде. Нақты өндіріс жағдай-
ларына  бейімделген,  жұмыс  орнында  дағды  мен  білімді  тікелей  игеруге  бағытталған,  практикалық 
сағаттардың  оқыту  бағдарламасына  барынша  үйлесіммен  біріктірілетін  білікті  мамандарды  дайындау 
қазіргі кезде білім берудің  КжТББ  саласының  өзекті мәселесіне айналуда. Осындай бәсекеге қабілетті-
лікті  мойындататын  білімді,  экономикалық  даму  деңгейіне  өз  әсерін  тигізетін  мүмкіндіктерді  жүзеге 
асыруға институтымыздың тарапынан  нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.  
Мәңгілік  еліміздің  экономикасын  көтеруге  атсалысу  ғана  емес,  бұл  жаңа  дәуір  келбетін  ұлықтай 
түсетін  үдеріс  екендігін  мойындайтын  инженер-педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруда  институт 
ұжымы біркісідей атсалысуда. Ол үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы тарапынан  
Ақтөбе  облысының  кәсіпкерлер  Палатасы  тарапынан  және  облыстағы  жетекші  оқу  орындарының 
әлеуметтік серіктестері «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ тарапынан бесжақты келісімшарттар 
жасалды.  Келісімнің  мақсаты  тараптардың  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  педа-
гогикалық және басшы қызметкерлерінің біліктілікті көтеру саласында ынтымақтасуы  болып табылады. 
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: 
-  өзара  қажеттіліктер  мен  қызығушылықтарын  есепке  алған  теңдік  қағидасы  негізінде  техникалық 
және  білім  ұйымдарының  саласы  бойынша  педагогикалық  және  басқарушылық  қызметкерлері  
саласындағы ынтымақтастықты дамыту; 
- оқытудың дуалды жүйесін енгізу; 
- колледждердің  базасында  қызметтік  сала  кластерлерін  даярлау,  қайта  даярлау,  біліктілікті  арттыру 
және кадрларды сертификаттау; 
- ТжКББ инженерлік – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру 
бағдарламаларын  жетілдіру,  біліктілікті  арттырудың  оқу-тақырыптық  жоспарын  тәжірибелік-бағыттық 
компонентті  енгізу  жолымен,  сондай-ақ  жұмыс  берушілер  саласының  қажеттіліктеріне  жауап  беретін 
заманауи мазмұндық саланы жетілдіру; 
- келісімде енгізілген нормативтік-құқықтық актілер мәселелері және басқа да әлеуметтік-экономика-
лық сұрақтар бойынша қабылданған шешімдер туралы тараптарды  ресми ақпараттандыру; 
- әлеуметтік  серіктестік  тәжірибесі  туралы  кадрларды  дайындау  және  қайта  даярлау  материалдарын 
Тараптардың ресми сайттарына орналастыру; 
Дуалды  оқыту  жүйесін  енгізу  қазіргі  қоғам  алдындағы  төмендегідей  проблемаларды  шешуге 
мүмкіндіктер береді: 
- жастарға мектептерде, жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәсіптік бағдар беру;  
-  жастардың    мамандық  таңдау  еркіндігі  кеңейеді  (Болашақ  студент  өнеркәсіп  орынымен  келісе 
отырып, өзінің тағылымдамадан өтетін жерімен және болашақ  жұмыс орнымен  байланыс орнатады ) 
- оқудың 70 пайызы өнеркәсіп орнында өткізіліп, 20-30 пайызы ғана оқу орнында жүргізіледі; 
- Жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болғандықтан түлектерді жұмыспен    қамтуды   жүзеге асыру 
көрсеткіші жоғарылайды;               
-  студент  санасында  оқу  орнында  жүргенде-ақ  болашақ  қызметкердің  психологиясы  қалыптаса 
бастайды және түрлі әлеуметтік жағдаяттарға  кедергісіз бейімделе бастайды; 
-  «Тәжірибеден  теорияға»  қағидасымен студент мәтіндер және шартты жүйелермен емес өндірістік 
жағдайттармен көбірек жұмыс жасайды; 
-  арнайы  пән  оқытушылары  болашақ  маман  иесін  теориялық  біліммен  ғана  қаруландырып  қоймай 
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгереді. 
Осы  келісім  аясында  «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  Ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы  мынандай 
міндеттерді шешуге өз тарапынан үлес қосып келеді: 
- ТжКББ инженерлік-педагогикалық және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының 
тәжірибелік сабақтарын өткізу кестесін жасауға және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курс-
тарының  тәжірибелік  сабақтарын  өткізу  кестесіндегі  өзгерістер  туралы  Тараптарды  уақтылы  ақпарат-
тандыруға; 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
29 
- ТжКББ инженерлік – педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру 
бағдарламаларын  жетілдіруге,  біліктілікті  арттырудың  оқу-тақырыптық  жоспарын  жасақтауға,  оқу-
бағдарламалық  құжаттарға  тәжірибеге-бағытталған  компонентіне  енгізілуін,  сонымен  қатар  жұмыс 
берушілер саласының сұраныстарын қанағаттандыратын заманауи мазмұндық  саланы жетілдіруге; 
- «Өрлеу» БАҰО Құрылтайшы болып табылатын мерзімді басылымдарға  инженерлік-педагогикалық 
және басшы қызметкерлердің ғылыми-әдістемелік мақалаларын жариялауға жәрдемдесуге; 
- «Өрлеу»  БАҰО  курсаралық  кезеңдерде  өткізетін  кластерлік  саланың  инженерлік-педагогикалық 
кадрларын  конференцияларға,  семинарларға,  байқауларға,  көрмелерге,  дөңгелек  үстелдерге,  шебер-
кластарға, және басқа да іс-шараларға жұмылдыруға; 
- салалық  кластерлердің  әлеуметтік  серіктестерін  және  инженерлік-педагогикалық  басшы  қызмет-
керлерді, оқу-әдістемелік бағдарламаларды жасақтауда авторлық құрамды, жұмысшы топтары, сараптау 
комиссияларына қатысуға тартуға; 
-  осы  келісім  аясында  облыстың  кәсіпкерлер  Палатасы  ТжКББ  инженерлік–педагогикалық  қызмет-
керлерінің және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу-тақырыптық жоспарлары 
және білім беру бағдарламаларын жасақтауды біліктілігін арттыру курстары жоспарларымен сәйкестікте 
оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәжірибелік-бағыттағы компонентін сонымен қатар, жұмыс берушілер 
саласының қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи мазмұндық саланы қамтамасыз етуді енгізуге; 
- оқытудың дуалды технологиясын енгізуге; 
-  еңбек  нарығы  талаптарына  сәйкес  заманауи  материалдарды  қолданумен  жаңа  технологияларды 
оқыту  және  өндіріс  бойынша  басшылардың,  оқытушылардың  және  өндіріс  шеберлерін  қайта  даярлау 
және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға; 
-  ынтымақтастық  мәселелері  бойынша  конференциялар,  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер,  кездесулер 
өткізуге; 
- кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді енгізу мәселелері бойынша 
Халықаралық ынтымақтастықты орнату; 
- біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру үшін саланың жоғары білікті мамандармен қамтамасыз 
ету; 
- осы келісімді жүзеге асыру нәтижелерін және бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру. 
Сонымен  Ақтөбе  облысының  колледждері  институттың  әдістемелік  бағыт  беруімен  төмендегідей 
міндеттерді орында: 
- еңбек нарығының талаптарына сәйкес заманауи материалдарды пайдаланумен қатар оқытудың жаңа 
технологиялары және өндіріс бойынша басшы және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру 
курстарының тәжірибелік сабақтарының ұйымдастырылуына қатысады; 
- ТжКББ    инженерлік  –  педагогикалық  қызметкерлерінің  және  басшы  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыру  курстарының  оқу-тақырыптық  жоспарлары  және  білім  беру  бағдарламаларын  жасақтауды 
біліктілігін арттыру курстары жоспарларымен сәйкестікте оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәжірибелік-
бағыттағы  компонентін,  сонымен  қатар  жұмыс  берушілер  саласының  қажетттіліктеріне  жауап  беретін 
заманауи мазмұндық саланы қамтамасыз етуді енгізеді; 
- оқытудың дуалды технологиясын енгізуді эксперименттік тәртіпте өткізеді; 
-  конференциялар,  семинарлар,  дөңгелек  үстелдер,  кездесулер  және  ынтымақтастық  мәселелері 
бойынша кеңес берулерді өткізеді; 
-кадрлардың біліктілігін арттыру саласында әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізу мәселелері 
бойынша  халықаралық,  ынтымақтастық  жобаларын  таратады.  Қазіргі  ортақ  мақсат  -  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті  отыз  елдің  қатарына  қосылу  жөніндегі  нақты  қадамдарға  өз  үлесімізді  қосу,  қоғамымыздың 
жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып, нарықтық 
қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету, мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік қадір-қасиетері бар, 
өмірге деген жеке дүниетанымдық көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі 
жоғары, әрі жан-жақты жетілген, кәсіби жағынан білімдар және құзыретті маман болу. 
  Міне,  құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  мамандардың  -  қазіргі  студенттердің 
шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық  белсенділіктің  жоғары  дең-
гейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды 
қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ.  Бұның  өзі  өз  кезегінде  қазіргі  ұстаздардан 
шәкіртті  оқытуда,  білім  беруде,  тәрбиелеп  өсіруде  белгілі  бір  құзіреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке 
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. 
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 3(51), 2016 ж. 
 
30
 
 
 
бағдарлы  құзіреттілік (азаматтық  белсенділік,  саяси  жүйені  түсіну,  баға  бере  білу,  елжандылық, 
т.б.); 
 
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен 
өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 
 
оқу-танымдық  құзіреттілік  (өзінің  білімділік  қабілетін  ұйымдастыра  білу,  жоспарлай  білу, 
ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 
 
коммуникативтік  құзіреттілік (адамдармен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу,  мемлекеттік  тіл 
ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); 
 
ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік (ақпараттық  технологиялармен,  техникалық  объектілер 
көмегімен  бағдарлай  білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  таңдай,  талдай  білу,  өзгерте  білуді  жүзеге  асыра  білу 
қабілеті); 
 
әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабыл-
дай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); 
 
тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі (отбасылық  еңбек,  экономикалық  және  саяси  қоғамдық 
қатынастар  саласындағы  белсенді  білімі  мен  тәжірибесінің  болу  қабілеті).  Әлеуметтендіру  идеясын 
жүзеге  асыру   тұтас  педагогикалық  үдерісте  оқу  және  оқудан  тыс  уақытты  толыққанды  пайдалануды, 
сондай-ақ  мектептің  отбасымен,  қосымша  білім  беру  ұйымдарымен  тығыз  ынтымақтастықта  болуын 
талап етеді. Әлеуметтендіру өзі өмір сүріп отырған қоғамға бара – бар өмір сүруі үшін индивидтің белгілі 
бір  білім,  нормалар  мен  құндылықтар  жүйесін  меңгеру  үрдісі.  Әлеуметтендіру  адамның  әлеуметтік 
тәжірибені  меңгеруіне  қарай  қоғамдық  қатынастар  мен  қарым-қатынас  формалары,  қызмет  түрлерінің 
ендірілуі арқылы жүреді [4, 28 б.]. 
Егеменді еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы, экономикалық, әлеуметтік және 
саяси жағынан өркендеп  өсуі жас ұрпақтың қолында, сонымен қатар,  олардың оқу орындарында алған 
білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.  
Нарықтық  қатынастар  жағдайында  білім  беру  мен  кәсіби  даярлау  бағытындағы  еліміздің  оқу  орын-
дарының  басты  міндеті  -  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  білім  беру,  сонымен  бірге  түлектердің  алған 
дипломдары барлық әлемге танылуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін болашақ мамандарды даярлауда 
қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру қажеттілігі туын-
дайды. Республикамызда бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімдар, шығармашылық-
пен жұмыс істей алатын, жан-жақты дамыған құзыретті мамандарға деген сұраныстар көбеюде. 
 Қоғам  қазіргі  заман  мұғалімінен  жоғары  мәдениеттілікті,  терең  рухани  және  адамгершілік  қасиетті 
құндылықтарға көзқарастың қалыптасқан жүйесін, ұстаздың өзінің шәкіртінің шығармашылық деңгейінің 
дамуына  қызығушылық  танытуын,  инновациялық  іс-әрекеттерге  қабілеттілігін,  өздігінен  жетіле  алуын, 
кәсіби белсенділікті және т.б. қамтамасыз етуді талап етеді. 
Құзіреттіліктің  қалыптасу  процесі  білімнің,  біліктің,  іс-әрекеттің  қалыптасуын  қамтиды,  ұстаздың 
жалпымәдени  дамуын,  өзінің  көзқарасының  және  тұлғалық  кәсіби  құнды  қасиеттердің  қалыптасуын 
қамтиды. 
Білім  болашаққа  бағдарланатын  болғандықтан,  кез  келген  маман  даярлайтын  оқу  орнының  басты 
міндеттерінің  бірі  -  білім  алушының  кәсіби  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет-тұлғаның  белгілі  бір  пәндер 
шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан  сапалары-
ның жиынтығы. Ал құзіреттілік-адамның өзінің іс-әрекет саласына сай тәжірибесін көздейді. 
Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  қазіргі  даму  кезеңіндегі  қоғамның  түрлі  кезеңдерінде  ақпарат 
көздерін  кеңінен  пайдаланылуы  және  12  жылдық  білім  беруге  көшуге  дайындық  барысында  еліміздің 
әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениетті мен ақпаратты құзыреттілігі қалыптасқан тұлға 
болуы қажет. Бұл міндеттің шешімін табу еліміздің даму старатегиясына сәйкес қоғамымыздың барлық 
саласында жүріп жатқан ақпараттандыру процесі арқылы жүзеге аспақ. Ол үшін: 
 Тұтынушылардың, яғни оқушылар талаптарын қанағаттандыру арқылы білім беру қызметі сапасын 
тиімді қалыптастыру. 
 Корпоративтік мәдени сапасы бар бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін ішкі инновациялық орта 
жасау. 
 Тұтынушылар мен қызығушы тараптардың сенім деңгейін нығайтуға. 
 Құзыреттілік,уәжділік, кері байланыс және білім сапасы үшін барлық қызметкерлерді тарту ұстаным-
дарын пайдалану негізінде оңтайлы технологиялық ахуал жасау. 
 Оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қол жеткізу. 

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Педагогические науки», № 3(51), 2016 г. 
 
31 
Педагогикалық  үрдіске  инновация  енгізуге  бағытталған  төмендегідей  іс-шаралар  жүзеге  асырылуы 
тиіс: 
o Басқарудың  мақсаттарымен міндеттерін анықтау. 
o Оларға жету үшін нақты шараларды талдап белгілеу. 
o Міндеттерді іске асыру операцияларының жекеленген түрлерін орайластыру, бөлу. 
o Педүрдіс іс-әрекеттерін  лауазымды  басшылар арасынды тиімді бөлу. 
o Оқу орны ішіндегі әртүрлі  бөлімшелердің өзара әрекеттестігін үйлестіру. 
o Салалық кластерлік топтарды анықтау,серіктестік әрекетті іске асыру. 
o Іс-әрекет  мотивациясын  ойластыру  және  басшылық  пен  әлеуметтік  жауапкершіліктің  нәтижелі 
стильдерін іздестіру. 
  Болашақ маман – бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығарма-
шылық әлеуеті мол тұлға. Ол - ақпарат көздерін өмірге енгізуге дайын, өзі еңбек ететін саласына жаңа-
шырлық  танытатын,  қоғамның  ең  озық  бөлігінің  бірі.  Оқу-тәрбие  үрдісінің  мазмұнына  және  ұйымдас-
тырылуына кешенді тұрғыда қарайтын зерттеушілік ыңғайға бейім, теориямен практика іс-әрекетін бірік-
тіре  білетін,  өмірлік  құндылық  қағидалары-адамгершілік,  ізгілік,  еңбекқорлық,  парасатты  мінез-құлық 
қасиеттерді бойына сіңірген маман. 
Бүгінгі маман білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана емес, ол Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін 
әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда  маманға  қойылатын талаптарға жауап 
бере  алатын,  білім  мен  іс-әрекетін  ұйымдастыру  іскерлігінің  жоғары  деңгейіне  ие  маман  болуы  тиіс. 
Кәсіптік  және  техникалық    білім  беру  жүйесіндегі  дуалды  оқытудың  тиімділігі  кәсіптік  бағдар  беру 
жұмыстарына,  кәсіптік  білім  берудің  мазмұның  жаңартуға,  оқу  лабораторияларын  жаңа  талаптарға  сай 
жасақтауға,  педагогикалық  қызметкерлерге  және  өндірістік  оқыту  шеберлеріне  материалдық  тұрғыдан 
қолдау  көрсетуге,  түлектерді  жұмыска  орналыстыру,  сондай-ақ  және  бос  жұмыс  орындарына  бекітуге,  
педагогикалық  қызметкерлердің  өнеркәсіп  орындарында  квалификациялық  біліктілігін  арттыруға  оң 
әсерін  тигізеді.  Білімнің  еңбек  нарығындағы  сұранысқа  сай  берілуі  қазіргі  заман  талабы.  Сондықтан 
оқытудың  дуалды  жүйесіне  дүниежүзілік  қолдау  көрсетуге  бір  кісідей  атсалысуымыз  тиіс.  Бұл  бола-
шақтада  кәсіптік  және техникалық оқу орындарының жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестіктер 
байланысын нығайтпақ.    
 
1.  ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы: «Нұрлы 
жол болашаққа бастар жол».     
2.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016 жыл. 
3.  Қазақстан  Республикасында  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  Кооперативтік  (дуалды)  оқыту  енгізу. 
Ұсыныстар. – Астана, 2009. 
4.  Аникеев  А.А.,  Артуров  Е.А.  «Современная  структура  образования  в  Германии»  //Журнал  «Alma  mater».  
Москва, 2012.  №3. – 67-68 бб. 
5.  Камербаев  А.Ю.,  Кашук  Л.И.  «Для  подготовки  кадров  новой  формации»  //  Журнал  «Современное 
образование». – Краснодар, 2012.  – №2 (86).  – С.55-57.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет