І нұсқа Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары


Грамматикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары



бет2/6
Дата18.10.2023
өлшемі26,43 Kb.
#117978
1   2   3   4   5   6
Грамматикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары
6. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?

7. Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.


A) Ол – күлдіргі бала.
B) Оқыған озады.
C) Мақсат ән айтты.
D) Армансыз адам болмайды.

8. Анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.


A) Ол кітапты көп оқиды .
B) Отан отбасынан басталады.
C) Таңғажайып табиғаты бар ел.
D) Түркістанға автобуспен баруға болады..

9. Үйірлі бастауышты табыңыз.


A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.

10. Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.


A) Бәріміз уәдені орындадық.
B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер?
11. Толықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол кітап сатып алды.
B) Алтын күз келді.
C) Жетісудың табиғаты көркем.
D) Ол жақсы оқиды.
12. Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Билеті барлар бұрын кірді.
C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.

13. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.


A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.

14. Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.


Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
Д) Уайым жеу.

15. Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.


Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
С) Бақытты.
Д) Адамсыңдар.
16. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар?
Д) Танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды.

17. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
А) Кезектес
В) Ыңғайлас
С) Себеп - салдар
Д) Талғаулы

18. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
В) Ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын.
С) Осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда.
Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.

19. Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.


А) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
В) Талғаулықты салалас
С) Түсіндірмелі салалас
Д) Мақсат бағыныңқылы сабақтас
20. Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз - көбейемін деп үмітті, жарлы- байимын деп үмітті, ауру- жазыламын деп үмітті.
А) Түсіндірмелі салалас
В) Қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас
С) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Д) Кезектес салалас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет