7-апта 13,14-дәрістің тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары



бет1/4
Дата25.11.2022
өлшемі22,11 Kb.
#52518
түріСабақ
  1   2   3   4

7-апта
13,14-дәрістің тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары
Дәрістің мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін меңгерту, мезгіл, шартты, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің байланысу амалдарын меңгерту.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Мезгіл бағыныңқы сабақтас
2.Шартты бағыныңқы сабақтас
3.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары
Аталған тілдік амалдар сабақтас кұрмалас сөйлемді жасау үшін қатыса келе, олар құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерінің де негізін құрайды. Біз жоғарыда сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының басыңқымен байланыстыруда түрлі етістік түлғаларының түйдектелу жүйесін анықтадық. Осы арада мынаны да айта кеткен жөн. Осы етістіктер мен есім-көмекшілердің бір түрінің өзі арқылы әр түрлі қатынасты көруге болады. Бір ғана көсемшелі бағыныңқы сөйлем арқылы амалды да, мезгілді де тануға болады. Осы құрамды байланысу тәсілдері түбінде сабақтас құрмалас сөйлемнің түрің айқындаудағы негізгі фактор да болып саналады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы әртүрлі пікірлер (кейде сөйлем мүшелері түрғысына қарай топтау) бар болғанымен, әзірше Т.Қордабаевтың сабақтас құрмалас сөйлемге тән классификациясын негізге алдық. Олар мыналар:
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары:

  1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас;

  2. Шартты бағыныңқы сабақтас;

  3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас;

  4. Салыстырмалы бағыныңқы сабақтас;

  5. Себеп бағыныңқы сабақтас;

  6. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас;

  7. Мақсат бағыныңқы сабақтас;

  8. Түсіндірмелі сабақтас;

  9. Көп бағыныңқылы сабақтас.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас
Жасалу жолы жағынан сабақтастардың ішіндегі ең күрделісі - мезгіл бағыныңқы сабақтас. Бұл сөйлемнің бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің болу уақытын көрсетеді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың басыңқысынан бағыныңқы сыңарына қашан? қашанға шейін? қашаннан бері? қай кезде? қай мезгілде? деген сұрақтар қойылады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз баяндауышының жасалу жолдары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет