Ii. Негізгі бөлім Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері



бет4/9
Дата12.12.2022
өлшемі53,91 Kb.
#56680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Геологиялық бөлім



2.1 Ауданның геологиялық құрылымы

Геологиялық тұғырдың құрылуы геофизикалық құрылымынан, сирек кездесетін терең ұңғылардан, сондай-ақ геологиялық түсірулер мәліметтерінен алынады. Аймақтағы тұғырдың жатыс тереңдігі 2 шаршы шақырымды құрайды. Аймақтың тұғырында магмалық түзілім құралмаған.


Аралық құрылымдық саты (АҚС) негізінен әлсіз дислоцирленген субплотформалық отырғышта көрсетілген. Оның қимасына сүйенетін болсақ фамендік террогенді-галогенді қызыл түсті локальді түзілім бар екендігі байқалады, бұл түзілім ежелгі тас-көмірлі теңіздік террогенді-карбонатты түзілімменен көлемдік түрде жабылған.
Оның құрамы сұр түсті, көп көлемде таралған битуминозды ізбестасты, құмтасты, алевролитті және аргилитті болып келеді.


2.1.1 Мезозой-кайназой түзілімінің стратиграфиясы

Шу-Сарысу Депрессиясының (ШСД) мезозой-кайназойлық және 4 аймақтың түзілімдері үш кешенге бөлінеді׃ юралық-алдыңғы-платформалық, бор-палеогенді-платформалық және үшіншісі төрттік-суборогенді- плотформа.


Кеш түзілімді бор. Бұл түзілім аумақта беттік шайылған тереңдікте жатыр және де континенттік құрылымда ғана көрсетілген.
Қимаға сүйенетін болсақ, сондай-ақ бұрғылау жұмыстарынан алынған мәліметтер бойынша ортаңғы-палеозойдағы беттік төмендеудегі шайылудан кейінгі қалған реликті қызыл түсті тығыз саз, бұл саздың құрамында малта тас, тақта тасты койыршақ тас және әртүлі түйіршекті сазды құмтастары аралас кремнийлі жыныстарды көруге болады. Олардың ауданы жай алғанның өзінде 10 - 15 м құрайды.
Жоғарыда жатқан кеш түзілімді бор түзіндісінде жекеше үш түрлі жиекке бөлінеді׃ Мыңқұдық (ертедегі турон), Інқұдық (кешкі турон-коньяк-сантон) және Жалпақты (кампон-маастрихт ертедегі палеоценге дейінгі).
Мыңқұдық жиегі (t1mk) 1973 жылы бір есімді кен орны болып қалыптасты. Аумақтың ауданында сұр түсті және шұбар түсті аллювиальды және көл-аллювиальды бөліністер қалыптасқан, бұл қалыптасу шартты турондық өзендік жүйеде солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай шоғырланған.
Жиектің көлденең қимасында литологиялық ауысым төменнен жоғары қарай төмендегідей етіліп көрсетілген׃
- арналық әртүрлі түйіршекті, малта тасты және қойыршақтасты әртүрлі түйіршекті құмдар;
- орта түйіршекті атаулық құм түзілімдері;
- орташа-ұсақ түйіршекті құм саз қабаттары;
Мыңқұдық жиегінің аймақтағы жатыс ауданы 70 - 90 м құрайды, сондай-ақ аймақтағы кен сыйымдылығы жөнінен негізгі жиектің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет