Көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелері



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі24,27 Kb.
#16348
1   2   3   4   5   6   7
АнықтауышАнықтауыш сөйлемдегі зат есімнен немесе зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады. Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінен, сын есімдер болғанымен, зат есім, есімдік, сан есім, есімше, қимыл есімдер де грамматикалық тұлғалары арқылы анықтауыштық қызметте жұмсалады.

Зат есімнен болған анықтауыштарАлтун йысығ йолсузын асдым — Алтын қойнауынан астым.

Зат есімдер немесе басқа заттанған сөз таптары ілік жалғауында келіп, анықтауыш қызметінде қолданылады: Табғач қағаның ічрекі бедізчіг ыты — Табғач ханының ішкі жақтағы бедершісі келді. Біздің хан ағаларымыз — Біздің хан ағаларымыз.



Сын есімнен болған анықтауыштар. Негізінен, сын есімнің басты қасиеті зат есімдерді сандық, сапалық жағынан анықтау болғандықтан, оның сөйлемдегі негізгі қызметі — анықтауыш болу. Қызыл қаным төкті қара етрім йүгүрті — Қызыл қанымды төктім, қара терімді ағыздым. Негізгі сын есімдермен қатар туынды сын есімдер де анықтауыш болады. Берійекі будун қурыйақы йырайқы, өңрекі будун келті — Түстіктегі халық, батыстағы, терістіктегі, шығыстағы халықтар келді. Бір атлығ бармыс тійін — Бір аттық жүріс дедім. Сөйлемдердегі берійекі, қурыйақы, йырайқы, өңрекі (түстіктегі, батыстағы, терістіктегі, шығыстағы) жəне атлығ (аттық) туынды сын есімдері де анықтауыш болып тұр.

Сан есімнен болған анықтауыштарЙеті йүз кісііг удызығыма — Жеті жүз кісіні ерткен. Екінті күн келті — Екінші күн келді. Мұндағы йеті йүз, екінті (екінші) сан есімдері сандық, өлшеулік мағынаны білдіре отырып, анықтауыш қызметінде жұмсалған.



Есімдіктен болған анықтауыштар. Көне жазбаларда көбінесе сілтеу есімдіктері анықтауыш қызметінде жиі қолданылған. Ол сабығ есідіп түн удысқым келмеді — Ол сөзді есітіп, түн ұйқым келмеді. Бу сүг елт тіді — Бұл əсерді өзің баста, — деді.

Есімшеден болған анықтауыштар. Есімшенің көне түркі тіліндегі -дуқ, -туқ, -ығма, -ігме тұлғалары анықтауыш ретінде көп жұмсалған [5]. Өтүнтүк өтүнүчүмін есідү берті — Өтінген өтінішімді есітіп. Келігме беглерін будунын ітіп йығып азча будун тезміс еді — Келген бектерін, халқын жиып жатқанда, аздаған халық қашқан еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет