Лекция Липидтер алмасуы. Сіңірілуі, липидтер алмасуындағы тіндер мен мүшелердің ролі. ДӘріс жоспары: Тағам липидтері және қорытылуы



бет4/6
Дата20.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
ІІ сатысы. Сіңірілуі, ащы ішекте өтеді: суда еритін гидролиз өнімдері – глицерол, фосфор қышқылы, қысқа көміртек тізбекті (С<10) май қышқылдары және азотты негіздер диффузиялық жолмен, өз бетінше сіңіріледі.
Ал суда нашар еритін немесе ерімейтін гидролиз өнімдері: β-МАГ, ұзын тізбекті БМҚ, холестерол мицелланың гидрофобты ядросын түзеді. Мицелланың гидрофильді қабатын ФЛ мен ӨтҚ құрайды, бұл заттар суда да, майда да ериді. ФЛ мен ӨтҚ-ң гидрофобты бөлігі мицелланың ішіне қарап, гидрофильді жағы сыртына қарап орналасады.
Мицелла d= 0,005мкм.
Мицелла ішек қабырғасына диффузия арқылы сіңіріліп, сол жерде ыдырайды.
Сонымен, мицеллалар липидтердің суда ерімейтін гидролиз өнімдерінің сіңірілуіне қатысады.
ХС
МАГ
БМҚ>10
ФЛ
ӨтҚ
Мицелла диффузия түрінде, пиноцитоз арқылы ішек қабырғасына түседі
ҰЗЫН ТІЗБЕКТІ БМҚ
β–МАГ
ХС
ФЛ
ӨТ Қ.
МИЦЕЛЛА
ФЛ

Схема. Всасывание липидов в тонкой кишке. Модификация: Despopoulos А., Silbernagl S., Gay R., and Rothenburger A. Color Atlas of Physiology. Thieme Medical Publishers, 2003, 432 p. Обозначения: ТГ - триацилглицеролы, МГ - моноацилглицеролы.

ІІІ сатысы. Аралық алмасу.
Липидтер алмасуы барлық жасушаларда өтеді, солардың ішінде
  • ІШЕК ҚАБЫРҒАСЫ;
  • ӨКПЕ;
  • БАУЫР;
  • МАЙ ТІНІ

  • ерекше роль атқарады.

ІШЕК ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ РОЛІ
  • МИЦЕЛЛА ЫДЫРАЙДЫ.
  • ЛИПОГЕНЕЗ – ТАГ синтезі, бұл моноглицеридті жолмен өте жылдам жүреді:

  • β-МАГ ДАГ ТАГ

3. Липонеогенез – липидтердің заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілуі.
4. ФЛ түзіледі (өте аз мөлшерде). Осы ішек қабырғасында түзілген ТАГ пен ФЛ-ң құрамы тағам липидтерінен өзгеше болады.
5. Хиломикрондардың (ХМ) түзілуі.
ХМ липидтердің тасымалдану формасына жатады. ХМ – тұрақсыз, диаметрі мицеллаға қарағанда 100-300 есе үлкен: d=0,5-1,5мкм. ХМ-ң гидрофобты ядросын 80% ТАГ, 11% ХС және оның эфирі, ал гидрофильді қабатын ФЛ-7%, белоктар-2% құрайды. Белоктар немесе апопротеиндер (апобелоктар) В–48, С-ІІ, Е (апо В-48, апо С-II, апо-Е).
ТАГ 80%
ХС 11%
ФЛ 7%
ХМ лимфаға түседі. ХМ бірге гидролизге түспеген 30% тағам липидтері де лимфаға түседі
Белоктар 2%
ХМ көлемі үлкен болғандықтан, лимфаға, одан кейін кеуде лимфа өзегі арқылы v.jugularis (яремная вена)  v.cava superior (верхняя полая вена) оң жақ жүрекше оң жақ қарынша өкпе  сол жақ жүрекше  сол жақ қарынша  қолқа (аорта)  ҮҚАШ түседі.
ХМ артерия қаны арқылы органдарға тасымалданады, бірақ олардың ішіне өте алмайды. Тек бауыр капиллярларында олардың құрамындағы ТАГ-ты глицерол мен БМҚ-на ыдырататын липопротеидлипаза (ЛПЛ) ферменті бар. Бұл ферменттің активаторлары:
  • апоС-ІІ,
  • гепарин.

ЛПЛ ферментінің әсерінен ХМ мен липопротеиндердің (ЛП) қан тамырларының эндотелийлерінде ыдырауы қан тамырішілік липолиз деп аталады. ЛПЛ әсерінен ХМ қалдық ХМ-ға (құрамындағы ТАГ мөлшері аз) айналады да, эндоцитоз жолымен гепатоциттерге тасымалданады. Қалдық ХМ-нан бауырда липидтердің басқа бір тасымалдану формалары – ЛП түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет