Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ



Pdf көрінісі
бет84/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   165
ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗ 
САРАПТАМА: COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ 
ДЕЗИНФОРМАЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ ТҰРУ 
ФАКТОРЫ
Маргарита Бочарова
Кіріспе
2020 жылғы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 
коронавирустың жаңа түрінің таралуын пандемия деп танып, 19 мамырда 
ресми түрде мүше мемлекеттерді COVID-19-бен күрес кезінде «халыққа 
сенімді әрі толық ақпарат беруге» және «жалған мәліметтердің, қауесет 
пен дезинформацияның таралуына жол бермеуге» үндеді (WHO, 2020a). 
23 қыркүйекте ДДСҰ-мен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ Балалар 
қоры, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНЕСКО, АИТВ/ЖИТС бойынша БҰҰ 
Бірлескен бағдарламасы, Халықаралық электр байланысы одағы, БҰҰ-
ның «Жаһандық пульс» бастамасы мен Қызыл Крест және Қызыл Жарты 
Ай қоғамдарының халықаралық федерациясы мүше мемлекеттерге 
мәлімдеме жариялаған болатын. Бұл жолы беделді халықаралық 
ұйымдар «инфодемияға қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеп, іске асыруға» 
шақырған (WHO, 2020b). Құжатта инфодемияға «жалған мәлімет тарату 
мақсатымен шамадан тыс көп ақпарат ұсыну» деп анықтама берген. ДДСҰ 
инфодемияның тарап кету салдарына диагностикалық тест жүйелерінің 
қажетсіз болып қалуын, иммунизацияның оң нәтиже бермеуін, вирустың 
бақылаусыз таралып кетуін, қоғамда қарама-қарсы пікірлердің, жек 
көру сарынындағы риториканың белең алуын, адам құқықтарын бұзу 
деректерінің көбеюі мен адам өлімі сияқты жайттарды жатқызған. 
Зерттеушілердің есебі бойынша, пандемияның алғашқы үш айында 
коронавирус туралы дезинформацияның кесірінен кемінде 800 адам 
қайтыс болған, шамамен 5 800 адам ауруханаға түскен (Islam et al., 2020). 
BBC тілшілері жүргізген зерттеуге сенсек, жалған ақпарат тарату мен 
адамдарға шабуыл жасау, үй-жайларды өртеу сияқты фактілер арасында 
байланыс бар (Spring, 2020).
ДДСҰ-ның үндеуіне және коронавирус туралы фейктердің бақылаусыз 
таралып кетуіне жауап ретінде Қазақстан үкіметі әлемнің басқа да көптеген 
елі қолға алған шараларды іске асыруға кірісті. Сондай елеулі шаралардың 
бірі Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен 
Stopfake.kz интернет-порталының ашылуы болды (Демесинова, 2020). 
Ведомство басшысы Аида Балаеваның айтуынша, бұл сайт «жалған 
ақпараттарға дереу жауап қайтару үшін құрылған» (Айтжанова, 2020). 
Оның Қазақстан мен Орталық Азияның өзге де елдеріндегі таралу 
ауқымы қандай екенін фактчекинг жүргізетін үш тәуелсіз редакцияның 
«Коронавирус, нет, нет, нет» («Коронавирус, жоқ, жоқ, жоқ») атты арнаулы 
жобасы жақсы айқындап берді (Infodemiya, 2020). 


201
Өкілетті мемлекеттік органнан бөлек, коронавирус туралы фейктерге 
қарсы күреске көптеген қазақстандық медиа, соның ішінде, телеарналар 
да атсалысуда. Олардың осы процесте ерекше рөлге ие болғанын қалың 
көпшіліктің бұрыннан-ақ теледидар арқылы таратылған ақпаратқа 
сенетінімен және шектеу шаралары енгізілген кезде телевизия арқылы 
хабардар болу ұмтылысының көбеюімен түсіндіруге болады. Мәселен, 
Қазақстан аумағында жарияланған төтенше жағдайдың алғашқы 
апталарында теледидар көру көрсеткіші 22%-ға артқан. Осы ретте айта 
кетерлігі, пандемияға дейінгі кезеңде әдетте басқа ақпарат көздерін 
қолданған адамдар (жас топтары) теледидарды бұрынғыдан әлдеқайда 
көп көретін болған: 18–24 жас аралығындағы адамдардың көрсеткіші 
32%-ға, ал 25–34 жас аралығындағы адамдар көрсеткіші 41%-ға өскен. 
Тұтас алғанда, қазақстандық телеарналардың рейтингі 27%-ға өсті, 
ауқымы 8%-ға кеңейіп, көру уақыты 12%-ға артты. Сондай-ақ ақпарат 
бағдарламаларын көру ұзақтығы 42 минутқа артқанын атап өткен жөн. 
Қазақстандықтар карантинге дейінгі кезеңде жаңалықтардан хабардар 
болу үшін теледидар көруге уақытының шамамен 9%-ын арнаса, карантин 
жарияланғаннан бері уақытта 11%-ға ұзарған (Королева, 2020). 
Тележаңалықтарды қағыс қалдырмау үрдісі – пандемия басталғалы 
бері кең тараған жалпыәлемдік тренд. Журналистер бұл үрдісті 
дезинформацияға қарсы күресу құралы ретінде әрқалай пайдалануға 
тырысты. Мысалы, Түркияда Teyit атты тәуелсіз фактчекинг жобасы елдегі 
ең ірі жаңалықтар арнасының бірі үшін күн сайын коронавирус туралы 
мифтерді жоққа шығаратын бір минуттық бейнебаян шығаратын болды 
(Kelly, 2020). Дегенмен телевизия да фейктерге қарсы тұру процесінде 
көрінеу жалған ақпарат таратып, кері әсерін тигізе алады (Sutu, 2019). 
Сондықтан қолда бар әрқилы деректер негізінде дезинформацияға қарсы 
күресте телевизияның рөлі туралы нақты пікір айту мүмкін болмай отыр. 
Сөз болып отырған проблема дүниежүзіндегі көптеген телеарналар үшін 
айтарлықтай сын-қатерге айналды, олар енді көрерменге, әсіресе тікелей 
эфирде болып жатқан жайттар туралы тек сенімді ақпарат жеткізудің 
жаңа әдіс-амалдарын табуға тырысып бағуда (Fischer, 2020).
Пандемия басталған кезеңде күн тәртібінде алдыңғы орынға 
шыққан коронавирус туралы расталмаған, жалған ақпаратқа Қазақстан 
телеарналары да жауап беруге мәжбүр болды. Осыған жауапты мемлекеттік 
лауазымды қызметкерлердің ресми түсініктемелері фейктерге төтеп 
беру құралына айналды. Осы ретте қалың бұқараға сарапшылар мен 
мамандардың балама пікірлерін де жеткізіп отырудың маңызын жоққа 
шығаруға болмайды: бұл адамдардың сыни ойлауына, қалыптасқан 
жағдайды дұрыс талдауына, дұрыс шешім қабылдауына негіз болады. 
Бұл жұмыс коронавирус туралы дезинформацияның таралуына қарсы 
тұру шаралары аясында карантин кезінде теледидарда сөз сөйлеген 
тәуелсіз сарапшылардың рөлін айқындау мақсатын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет