Мазмұны кіріспе І. Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру



бет2/7
Дата12.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#36721
1   2   3   4   5   6   7
Зерттеудің болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды мұғалім жақсы өткізсе онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді жоғары дамыған тұлға қалыптасады.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесін теориялық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің міндеттері:1)сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың талаптарын анықтау
2)математика пәнінен сыныптас жұмысты ұйымдастырудың әдістерін анықтау,талдау,сұрыптау
3)математикадан пәнінен сыныптан тыс жұмыс түрін ұйымдастыру
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныпта математика сабағында сыныптан тыс
жұмыстардын тиімділігін сараптау, талдау болып табылады.
Зерттеу әдістері:
-зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды;
-мектептерде ұйымдастырылған әр алуан шараларға қатысу арқылы үйреніп, оны талдау және жалпылау;
-сонымен бірге мектепте бақылап, ойға түйгендеріміз практикалық жағынан іске асырылды. Дипломның тақырыбына байланысты педагогикалық эксперимент жүргізілді.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
І.БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу үдерісінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың табиғи жалғасы болып табылады.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды балаларды көрсетіп, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз еріктерімен қатысуына мүмкіндік береді. Онда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ қандай да бір іс-әрекеттері, есептеу шапшаңдығы, тапқырлығы, ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуы тиіс.Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім сынып-комплектінің балаларының жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескеріп, әр сынып балаларына шамалары келетіндей, қиынырақ материалдарды немесе материалдардың негізгі курсын оқып-үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды таңдап алуға болады. Аталмыш жұмыстардың өзгешелігі – математикалық ойын-есептер, ойындар, жарыс т.б. сипатта болады, онда балаларды қызықтыратын формадағы жаттығулар қолданылады, бірақ ол жаттығулар мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерін тереңдетуге және айқындауға себі тиюі тиіс.Мұғалім сыныптан тыс жұмыстардың түрін таңдауды, оны ұйымдастыруды, белсенділікті және оқушылардың өз бетіндік жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей мұқият ойластыруы тиіс.Сыныптан тыс жұмыстарға мыналар жатады: сыныптан тыс сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктер, математика үйірмелері, олимпиадалар, спартакиадалар, ҚМК (КВН), т.б.Сыныптан тыс сабақтар (қызықты математика сабағы). Сабақ барлық сыныпарға арналып жүргізіледі, сабақтың ұзақтығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 30-40 минутқа дейін, сабақ айына бір рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен сабақтағы жұмыспен байланысты болуы керек, бірақ қиын есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептерді шығару көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет