Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет6/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Медиасауаттылық – бейнелерді (образдарды), дыбыстарды және хабарламаларды алу, талдап-сараптау және бағалау қабілеті, со-
нымен қатар медиа әлемде жеке мақсаттарда дұрыс байланыс орнату қабілеті. 
Медиасауаттылыққа мына құзіреттер жатады:
● Эстетикалық және шығармашылық: медиаконтентті зерделеу, жасау және түсіндіру қабілеті. Бұл қабілеттерді оқушылар өз беттерінше 
медиаконтент жасау арқылы қалыптастыра алады.
● Байланыс және коммуникация: медианың жәрдемімен қарым-қатынас орнату және түрлі медиа рөлдерді жобалай білу қабілеті, яғни 
ақпарат тұтынушы және ақпарат жеткізуші болып көру. Оқушылар бұған серіктестік орнату және тәжірбиелік тапсырмаларды орындау 
барысында үйренеді. Байланыс орнату дағдылары өз көзқарастарын білдіруге дағдылануға көмектеседі.
● Сыни ойлау және талдау: медиаформаларды және олардың мазмұнын әртүрлі талдау құралдарының көмегімен түсіну, түсіндіру 
және бағалау қабілеті.
● Қауіпсіздік: мәселелерді шешу және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу. Интернеттегі қауіпсіздік туралы айтар болсақ, адамның жеке 
өміріне зиян келтіретін контенттен және қауіпті байланыстардан сақ болу керек.
● Медиа және ақпараттық сауаттылық – медианы, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да ақпарат көздерін (кітапхана, 
мұрағат, мұражай) тиімді пайдалану қабілеті. Бұл сыни ойлау және өмір бойы оқу, іздену, білім алу дағдыларымен байланысты. 
Бұлар – азаматтық қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін өте қажетті дағдылар.
8
9


Оқушылар:
- Баспасөзде жазылған, теле және радиобағдарламаларда, кинофильмдерде айтылған, интернетте және басқа да ақпарат көздерінде 
жарияланған ақпаратты зерделеп, талдап-сараптап, сыни бағалап және іріктей алатын болуы керек;
- Әртүрлі коммуникация құралдарындағы хабарламалардың шығу мақсаты мен себептерін түсініп, осыған байланысты сенімді ақпарат-
ты таңдай алулары керек;
- Көпшілікке арналған ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін саналы түрде әрі тиімді пайдалана білулері 
керек;
- Ақпараттық хабарламаларды әртүрлі формада дайындай алулары қажет;
- Бұқаралық ақпарат құралдары мен медианың рөлін бағалап, олар бетпе-бет келетін қатерлерді түсіне білулері керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет