«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет7/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – адамды және жануарларды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғаштарын жоюға бағытталған шаралар жиын- тығы. Дезинфекцияның мақсаты – инфекциялық ауру- лардың таралу жолдарын жою. Дезинфекциялық шара- лардың түрлері: дезинфекция, дезинсекция және дера- тизация. Дезинфекция арқылы қоршаған ортадағы және заттардағы патогенді микроорганизмдерді жояды. Дезинфекцияның алдын-ала (дезинфекциялау) және ошақты түрлері бар. Алдын-ала дезинфекциялау – па- тогенді қоздырғыштар бар болуы мүмкін деген аймақ -ты ғана (құбырдағы және жүзуге арналған бассейндер- дегі суды хлорлау, адамдар көп жиналатын жерлерді және т.б. дезинфекциялау) зарарсыздандыру. Ошақты дезинфекция (күнделікті және қорытынды) инфекция- лық ауру ошағында, яғни инфекциялы ауруы бар науқас болған жерде мысалы: пәтерде немесе инфек- циялық бөлімшеде жүргізіледі. Инфекциялы ауруы бар науқастың төсегінің қасында науқас адамнан бөлінген патогенді микроорганизмдерді жою үшін күнделікті дезинфекциялау жұмысы өткізіледі. Науқастың төсек орнын, киім кешегін, науқасты күту кезінде қолданған заттарды, науқастан бөлінген заттарды, және т.б. күн- делікті дезинфекциялап отырады. Мысалы, дизентерия кеінде ауру қоздырғыштары науқастың нәжісімен көп бөлініп қоршаған ортадағы әртүрлі заттарға таралады, іш сүзегі кезінде қоздырғыштар нәжіс және зәрмен бөлініп жатады. Сондықтан науқастың нәжісі мен зәрі және оларды қоршаған заттар бірінші орында зарарсыз- дандырылуы қажет.Қорытынды залалсыздандыру ошақтағы жұқпалы ауру қоздырғышының көзі жойыл- ғаннан кейін (жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі науқас ауруханадан шықаннан кейін немесе науқас өлгеннен кейін) сол жерде сақталып қалуы мүмкін ауру қоздырғыштарын жою үшін жүргізіледі. Сонымен бөлімшелерде күнделікті және қорытынды зарарсыз- дандыру жүргізіледі. Бөлімшенің мейірбикесі зарарсыз- дандырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін жақсы білуі керек және оны өзінің жұмысында үнемі қолданып кіші медицина қызметкерлерін үйретіп отыруы керек.
Зарарсыздандырудың 3 негізгі түрі бар: механикалық, физикалық және х имиялық. Механикалық зарарсыздандыру түріне бөлмелерді жуып-тазалау, сыпырып, қағу кіреді. Ауа мен суды бөгде заттар мен микробтардан тазалау үшін сүзгіштен өткізу әдістері қолданылады. Механикалық зарарсыз- дандыру микробтардан толық арылу үшін жеткіліксіз, сондықтан оны физикалық және химиялық зарарсыз- дандырумен ұштастыру керек. Зарарсыздандырудың физикалық түрі – қайнату, бумен, ыстық ауамен және ультракүлгін сәулелермен өңдеу болып табы -лады. Төсек орынды (2 сағат бойы сабынды-содалы ерітіндіде қайнатады), ыдыс-аяқты (15 минут бойы 2% содалы ерітіндіде қайнатады), ішуге арналған суды, ойыншықтарды, тамақ қалдықтарын қайнатады. Бу ауалы қосынды пароформалинді зарарсыздандырғыш камерадағы негізгі әсер көрсетуші зат болып табылады; зарарсыздандырғыш камерадағы науқастың заттары мен төсегі зарарсыздандырылады. Ультракүлгін сәулемен (БУВ-15 немесе БУВ-30 шамы) емдеу және басқа мекемелердегі ауа зарарсыздандырылады. Зарарсыздандырудың химиялық әдісінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін химиялық заттар қолданылады. Хлор әгі-хлор иісі бар ақ ұнтақ-түйіршікті зат, оның әсер етуші бөлшегі оттегі және хлор. Зауыттан дайындалып шығарылғанда оның құра- мындағы белсенді хлор 32 немесе 36% болады, бірнеше уақыт бойы сақталғаннан кейін ол біртіндеп азаяды. Белсенді хлор мөлшері 15 %-тен кемігенде оны зарар- сыздандыру мақсатында қолдануға рұқсат етілмейді. Құрғақ хлор әгімен нәжісті, зәрді, қақырықты зарарсыз- дандырады. Мысалы, ішек жұқпалы аурулары кезінде (дизентерия, іш сүзегі) нәжіс пен зәрдің 1 л 200 г құр- ғақ хлор әгін қосады. Хлор әгінің жарықтандырылған ерітінділерін бөлмелерді, ыдыс-аяқ пен т.б. заттарды зарарсыздандыруға қолданады, тек маталардан және темірден жасалған заттарға қолданбайды. 10% хлор әкті сұйықтықты 24 сағат бойы тұндырып қояды, оның бетіндегі сұйықтықты қою-қышқыл түсті ыдысқа құйып алады. Негізгі жарықтандырылған ерітіндіні (10%) 5 тәулікке дейін сақтап қояды. Ол сұйықтықтан бірнеше есе аз концентрациялы жарықтандырылған хлор әгінің ерітіндісімен шаяды. Хлорамин – ақ немесе боздау түсті жартылай суда ерітілетін хлор иісі бар ұнтақ. Құрамында 24-28% белсенді хлоры бар. 0,1 – 10% судағы ерітіндісі түрінде қолданылады. Хлорамин ерітіндісі сақтағанда хлор әгінің ерітіндісінен тұрақты- лау және маталарды көп тоздырмайды. Ауруханалардың бөлмелерін, ыдыс-аяқты, төсекті зарарсыздандыру үшін хлорамин кеңінен қолданылады. Киімді 0,2 – 0,5% хлорамин ерітіндісіне салып қойып, содан соң жуып – шаю арқылы немесе қайнату арқылы зарарсыздандырады. Кальций гипохлоридінің үштен екі бөлікті негіз тұзы (дветриосновная соль гипохлорида кальция - ДТСГК) – ақ кристалды ұнтақ, құрамында 48-52% белсенді хлор бар, хлор әгімен салыстырғанда сақтауға тұрақты, 0,1-10 % ерітінді түрінде қолданылады. Сутегі ерітінділері қолданылады. Сутегі асқын тотығы жарақаттарды жууға, киімді, ыдыстар мен бөлмелерді зарарсыздандыруға қолданы- лады. Зарарсыздандыру үшін 70% спиртін қолдануға болады. Себебі бұдан жоғары концентрациясындағы ерітінділерінің бактерия мембранасына ену қасиеті төмен. Этил спирті инъекция жасау кезінде теріні өңдеуге, медициналық құрал – саймандарды стериль- деуге және т.б. қолданылады. Дезинсекция – жәндік- терге қарсы күреске бағытталған шара. Алдын-алу және толығымен жою түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет