Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет348/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   832
Б
ЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ АОРТААРТЕРИИТ
 
Бейспецификалық 
аортаартериит
(Такаясу 
ауруы) 
эластикалы 
артерияларды, яғни қолқа мен оның тарамдарының бастапқы бөлігін және өкпе 
артериясының негізгі сабағын зақымдайды. 
Этиологиясы мен патогенезі

Этиологиясы әлі анықталмағанмен, 
инфекциялық аурулармен (риккетсиоз және ревматизм) байланыстылық 
байқалтады. Кәсіптік зиянды факторлардың (пестицидтер, корғасынды 
қоспалармен, дәнекерлеу кезінде пайда болатын аэрозольдармен улану) да әсері 
бар. Патогенезі иммундық механизмдерге негізделетін сияқты. 
Патологиялық анатомиясы.
Көбіне қолқа доғасы және ми мен қолдың 
артериялары (74%), кейде қолқаның құрсақ (42%) және кеуде (18%) 
қуыстарындағы бөлімі, бифуркация тұсы (18%) және қолқа доғасының жоғары 
бағытталған бөлімі (9%) зақымдалады. Үдеріс кейде қолқаның барлық тарамын 
және жүректің тәждік артериясын да қамтиды. Ауру тым өрістеп кетсе, тіпті 
көлемі ұсақтау артериялар да қабынады. Қан тамырлары ерекше өзгеріп, 
олардың ақшыл түсті тін жайлаған іргесі қалың әрі тығыз болады. Интимасы 
қалыңдаған тамырдың саңылауы тарылып, қабырғасында түзілген тромбымен 
бітеліп те қалады (165-сурет). Қан тамырларының адвентициялық (аба) қабаты 
мен маңындағы тін шорланып, аневризмалық қалташалар пайда болады. Зақым 
тамырды сегменттеп немесе біркелкі қамтиды. 
Макробейнесіне
қарай, 
бейспецификалық 
аортаартерииттің 
стенозды

аневризмалы 
және 
деформациялы варианттары
болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
293
165-сурет Бейспецификалық аортаартериит:
а — қолқа; қабырғасы өте қалыңдап, саңылауы бітелген 
(окклюзия); б — кеуделік қолқаның құлдырама бөлімі тарылған, құрсақтық және қос бүйректік артериялар 
тарылып, жоғарғы шажырқайлық артерия бітелген (аортаграмма, А.В. Покровскийдің препараты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет