ҚОҒамдық саяси, Әлеуметтік экономикалық газет



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата31.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#10736
1   2   3   4   5   6   7   8

Суретте:  Е.Қожақов.

 

Аудандық 



мәслихаттағы 

«Нұр  Отан»  партиясы  депутаттары  өз 

жұмысын  Саяси  кеңестің  бюросында 

келісіп,  депутаттық  фракция  отыры-

сында  бекітілген  жұмыс  жоспарына 

сәйкес  жүргізіп  келеді.  Жалпы  ауданда 

3 облыстық және 17 аудандық мәслихат 

депутаттары жұмыс атқарады.

 

Олар 


мемлекеттік 

бағдарламалардың 

негізгі 

бағыттарының орындалуын

қадағалау 

мақсатында, 

фракция 

мүшелерін  әрбір  бағыт  бойынша  жа-

уапты  тұлға  -  партиялық  тәлімгер 

ретінде  бекіту туралы  мәселе көтеріп, 

оны  жүзеге  асыруда.  Қабылданған 

шешімдердің орындалуы үнемі фракция 

мүшелерінің назарында.

            Аудандық  партия  филиалындағы 

қоғамдық 

қабылдау 

бөлмесінде 

депутаттардың 

азаматтарды 

қабылдауы    арнайы  әзірленген  кесте-

ге  сәйкес  жүргізіліп  отыр.  Келіп  түскен 

мәселелердің    заңдылығына  қарай  оң 

шешілуіне  ықпал  етеді.  2016  жылдың  І 

жартыжылдығында  фракция  мүшелері 

-  аудандық  мәслихат  депутаттары  18 

қабылдау  өткізді.  Келіп  түскен  өтініш 

саны  50.  Оның  15-і  оңтайлы  шешіліп, 

қалғаны құқықтық кеңес алған. 

              Депутаттық  фракция  мүшелері 

өздерінің сайланған округіндегі жүргізіліп 

жатқан  «Мектептердің  құрылысы  мен 

жөндеу жұмыстары», «Ауруханалардың 

құрылысы  мен  жөндеу  жұмыстары», 

«Балапан»,  «Ақ  бұлақ»,  «Жұмыспен 

қамту- 2020», «Тұрғын үй коммуналдық 

шаруашылығын  жаңғырту»,  «Тұрғын  үй 

құрылысы»,  «Қолжетімді  баспана-  2020»,  

«Бірыңғай  ұлттық  денсаулық  сақтау  жүйесін 

енгізу» мемлекеттік  бағдарламаларының орын-

далуын  қадағалап, салынып жатқан нысандар-

ды  аралап,атқарылған  жұмыстардың  жүргізілу 

қарқынымен  танысып,  жұмыс  барысын  үнемі 

назарда ұстап отырады.

          Фракция  жұмысы    «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық  филиалы  Саяси  кеңес  бюросымен 

тығыз  байланыста  екенін  атап  өткен  орынды, 

оның  шешімдері  фракция  қызметіндегі  негізгі 

бағыт болып табылады.

 

Аудандық  партия  филиалы    және 



фракция  мүшелері  «Жас  Отан»  жастар 

қанатының  мүшелеріне  әрдайым  ағалық 

ақыл-кеңестерін  айтып,  жастарға  патриоттық, 

отансүйгіштік  рухта  тәрбие  беретін  шаралар-

ды  ұйымдастырып,  үгіт-насихат  жұмыстарын 

жүргізіп келеді.           

 

Әрбір  фракция  мүшесі  өз  сайлау 



округтерінде  сайлаушылармен  кездесу  өткізіп, 

жергілікті  жерлерде  олардың  жағдайларымен  

танысып,  өзекті  мәселелердің  уақытылы    әрі 

дер кезінде шешілуіне ықпал етеді. 

 

Фракция 


мүшесі, 

аудандық 

мәслихаттың  депутаты Абилов  Жандос Кеңес 

Одағының Батыры Хамит Көбіковтың  туғанына 

100    жыл  толуына  орай  Сарыбел  ауылында 

өткізілген іс –шараға қаржылай,   аз қамтылған 

отбасынан шыққан 1 баланың «Көктал Арасан» 

шипажайында демалуына көмек көрсетті. 

 

Фракция 


мүшесі, 

аудандық 

мәслихаттың  депутаты Оспанов Тілеуберген  2 

жас  маманның тұрақты  жұмысқа орналасуына 

ықпал етіп, Жаркент қаласындағы  көмекші мек-

теп – интернатқа  қаржылай көмек көрсетті.

Фракция  мүшесі,  аудандық  мәслихаттың  

депутаты 

Сабырбаев 

Бақытжан 

аз 

қамтылған отбасынан шыққан 1 балаға киім 



алу үшін, тұрмыс деңгейі төмен 1 отбасына 

құрылыс  материалын  (кірпіш),  1  отбасына 

отын түсіріп, заттай  көмек көрсетті. 

 

Фракция 



мүшесі, 

аудандық 

мәслихаттың    депутаты    Қожақов  Елтай   

Қоңырөлең  ауылындағы    орта  мектеп-

ке,  мектеп  стадионына  қаржылай  көмек 

көрсетіп,  көп  балалы  ана    Естемесова  

Күмісайдың  жұмысқа  орналасуына  ықпал 

етті.    Бұдан  тыс,    ауыл  тұрғындарынан  

20  адамның  «Жаркент  фрукт»  ЖШС-іне 

жұмысқа  орналасу    мәселесін    көтеріп, 

оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда. Ал-

маты қаласындағы «Күншуақ» санаторийіне 

демалуға  баратын    10    баланың  жол 

қаражатына демеушілік көмек көрсетті.  

 

Фракция    мүшесі,  аудандық 



мәслихаттың  депутаты  Тулақбаев Руслан  

тұрмыс деңгейі төмен   6 отбасына   жарты 

тоннадан  көмір түсіріп берді. Аз қамтылған 

отбасынан шыққан  3 баланың лагерде де-

малуына ықпал етіп,  қаржылай демеушілік 

көмек 


көрсетті. 

Алмалы 


ауылының 

жарықтандырылуына  демеушілік  көмек 

көрсетті. 

  

Фракция    мүшесі,  аудандық 



мәслихаттың  депутаты  Ақшалов Жақыпбай  

Кеңес Одағының Батыры Хамит Көбіковтың  

туғанына  100    жыл  толуына  орай  Са-

рыбел  ауылында  өткізілген  іс  –шараға 

қаржылай демеушілік көмек көрсетті. Аудан 

орталығынан  Садыр және Сарыбел ауыл-

дарына баратын жолдың бұзылған жерлерін  

қайта жасатуды  өз мойнына алды.    

 

Фракция    мүшесі,  аудандық 



мәслихаттың    депутаты    Сарпеков  Ұлан 

ардагерлер  туралы  кітап  шығару  үшін  

қаржылай демеушілік көмек көрсетті.

   


Фракция    мүшесі,  аудандық 

мәслихаттың    депутаты    Бегімбекова 

Ұлдана  Қоңырөлең  ауылының  тұрғыны  

мүмкіндігі шектеулі  қыз балаға  қаржылай 

көмек көрсетті.

 

Фракция 



мүшесі, 

аудандық 

мәслихаттың    депутаты  Тұрлыбеков  Ма-

хытбек  Лесновка  ауылында  орналасқан  

Д.Рақышұлы  атындағы  орта  мектепке 

жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  қажеттігі  ту-

ралы    сауал  көтеріп,  оңтайлы  шешілуіне 

ықпал етті. 

  Фракция  мүшесі,  аудандық  мәслихаттың  

депутаты    Ходжамбердиев  Адилжан 

тұрмыс деңгейі төмен отбасына, (Сасыков 

Авутжан  жанұясы)    2  бөлмелі  үй  салып 

беріп, көмек  қолын созды. Үйлері өртенген  

2  жанұяға    тиісінше  қаржылай  көмек 

көрсетті.  Бұдан  тыс    А.Ходжамбердиев  

оқу гранты бойынша  2  жетім баланы  өз  

қамқорлығына алған.  

    Аудандық мәслихат депутаттары халық 

көңілінен  шығуды  бірінші  кезектегі  мақсат 

ретінде  алға  қойып  отыр.  Депутаттық 

фракция  мүшелерінің  ұраны:  «Халықтың 

сенімі мен үміті - бәрінен қымбат!».



Мұратбек  ӘЖІБЕКОВ  ,

 депутаттық фракция төрағасы.

 

Елбасы  Н.Назарбаев  жа-



стар  жөнінде  сындарлы  ойларын 

айтып, жастарға зор сенім артуда. 

 

Еліміздің    болашағы 



-    жастардың    қолында.  Жастар 

Отанымыздың  патриоттары  болу-

лары тиіс. 

 

Аудандық  мәслихаттың 



хатшысы  Ермек  Нұрахметовтің 

және  депутаттардың  бастамасы 

бойынша  ауданымыздағы  барлық 

округтердегі    жастармен  кезде-

су  өткізілуде.  Ондағы  мақсат: 

жастардың    тыныс-тіршілігіндегі  

проблемаларды 

 

шешуге 



көмектесу.  Жастарға  дұрыс  жол 

сілтеу.  Мүмкіндігінше  олардың 

талап-тілектерінің  орындалуына 

қол  ұшын  беру  және  Елбасының 

саясатын  насихаттау. 

 

Қазан 



айының 

28-і 


күні 

Қоңырөлең 

ауылындағы 

депутаттардың  ауыл  жастарымен 

кездесуі  болды.  Оған  округтегі 

жастар  мен  жоғарғы  сынып 

оқушылары қатысты. 

 

Аудандық 



Мәслихат 

депутаттарымен  өткен  кездесу 

«Асулардан  асады  жастар  әлі, 

болашақ бүгіннен басталады»  атты 

тақырыпта өткізілді. 

 

Кездесуде 



«Атакәсіп-

жанға  нәсіп»  атты  тақырыпта 

аудандық  мәслихаттың  депута-

ты,  Ауған  соғысының  ардагері, 

Қоңырөлең  ауылдық  ата-аналар 

комитетінің төрағасы Елтай Қожақов 

баяндама  жасады.  Онда  жастарды 

білім  алуға,  кәсіпкерлікті  дамытуға, 

еңбек етуге уағыздады. 

 

Кездесу 



барысында 

Қоңырөлең    ауылдық  округінің  

жастар  ісі  жөніндегі  әдіскер-

нұсқаушысы  Елдос  Оспанбеков, 

ауылдық  округ  әкімі  аппаратының 

бас  маманы  Нұрлан  Әлімов 

жастардың  болашағы  туралы  ой 

толғады.    Жастар  Отанымыздың 

патриоттары    болулары    керек 

сондай-ақ  олар  жұмыссыз  жүрмей 

белгілі бір кәсіппен  шұғылданулары  

керектігі  жөнінде  баяндай  келіп, 

қазақ  елі-мәңгілік  ел,  біз  сол  елдің 

жас  ұрпақтарымыз-деп  өз  ойларын 

ортаға салды.  

 

Кездесуге  қатысқан  осы 



округтің бас имамы Бауыржан  Са-

тыбалдиев  жастардың  дәстүрлі 

ислам  дінімізді  қадірлей  отырып, 

өзге  жат  ағымдардан  сақтану 

керектігі  жөнінде  баяндады.    Жас 

ақын, ауданымыздың  түлегі Ақниет 

Төленді  өлең  оқыды,  Жандос 

Оразұлы домбырамен терме айтып, 

оқушылар да өз өнерін көрсетті. 

 

Қазақстан 



Республи-

касы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы 

қарсаңында  өткізіліп  отырған  бұл 

шараға 14- пен 21 жас аралығындағы 

жастар  қатысты.  Ауылда  жастарды 

мемлекеттік қызметке  тарту, патри-

отизмге  тәрбиелеу,  жас  кәсіпкерге 

қолдау 


көрсету, 

«Дипломмен 

ауылға»    бағдарламасын  жүзеге 

асыру  мақсатында  жұмыс  істей 

отырып,  салауатты  өмір  салтын 

қалыптастыру  үшін  «Арай»  спорт 

алаңдары жасалуда. 

 

Кездесуде 



аудандық 

мәслихаттың 

 

хатшысы 


Ер-

мек  Нұрахметов  жастарға  де-

ген  салиқалы  ойларын  айтып, 

жастардың  белсенділіктеріне  разы 

екендігін білдірді. 

 

Ауыл 



жаста-

ры 


депутаттарға 

әртүрлі  

тақырыптарда  сұрақтарын  қойып, 

оған  қанағаттанарлықтай  жауаптар 

алды. 

 

Аудандық    мәслихаттың 



депутаты  Ұлдана  Бегімбекова 

мен Мерек Сұлтанов та  қойылған 

сұрақтарға    тұщымды  жауаптар 

қайтара білді. Ал мәслихат депута-

ты, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің 

төрағасы  Құрманжан  Әубекұлы  

жастарға 

ауданымыздың 

ай-


насы  «Жаркент  өңірі»  газетіне 

жазылып,  оны  оқу  керектігін 

айтты.  Ауданымыздағы  барша 

жаңалық  пен  өтіп  жатқан  шара-

лар    осы  газет  арқылы  оқуға  бо-

латынын  түсіндірді.  Сондай-ақ 

жастарға  ағалық  ақылын  айтып, 

өмір  соқпақтарынан  жинақталған 

тәжірибесімен ой бөлісті. 

 

Кездесуді  округ әкімі Ер-



лан Далабаев қорытындылады. 

          Жұмағазы   БЕЙСЕБЕК.

4

«Жаркент өңірі»

4  қараша  2016  жыл

№ 45 (8836)

    

әділет  жаршысы



              « жаркент   өңірінің»  құқықтану  беті 

Жалпыға     Ортақ    ЕңбЕк 

қОғамына   қарай   20   қадам

                ЕңбЕк   

    қатынастарын  

      рЕттЕу  тЕтігі

 

Қ а з а қ с т а н н ы ң 



ХХI  ғасырдағы  жаңаша  өсу 

жолдарының    тың  белестер-

ге  көтерілуінде  инновациялық 

экономиканы  нығайтудың  жаңа 

міндеттері,  ғылым  мен  білімнің  

стратегиялық  қадамдары,  мем-

лекет басқарудың  эволюциялық 

жүйелері 

көзделген. 

Олар-


өңірлерді  дамыту,  тұрғындарға 

мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 

сапасын  арттыру,  электронды 

үкіметті  дамыту,  заң  жүйелерін 

жаңғырту,  адам  капиталының 

саналы  өсуіне  қол  жеткізу,  тағы 

басқа  да  серпінді  стратегиялық 

жетістіктер.  Осы  бағыттардың 

бәрінің де алға  өрлеуде маңызы 

өте зор. 

 

Осы 


уақыттарда 

нақты  стратегиялық  болашақ 

      

жаңаша 


   өрлеу  кепілі

айқындалып, 

инновациялық 

бағдарламалар әзірленді. 

 

Ұзақ  мерзімді  стратегия-



ны  болжау,  әлемде  болып  жатқан 

құбылыстарды,  мемлекеттің  ішкі-

сыртқы  жағдайларын  сараптау, 

жаңа  экономиканың  қандай  си-

патта  басқарылуы,  қандай  өнім 

шығару, 


халықтың 

әлеуметтік 

өрлеу, жағдайы жаңа инновацияның 

жаңа  экономикаға  тиетін  әсері, 

ғылым-білім  жүйелерінің  ,  ше-

тел  тәжірибелерінің  тек  тиімді 

бағыттарын  ғана  пайдалану  міне, 

осының  барлығын  сараптай  келіп, 

мүмкіндігімізді  келешек жолымызды, 

алатын белестеріміздің қандай болу 

қажеттілігін  ой  елегінен  өткізгеннен 

кейін  ғана  анықталатыны,  өте 

күрделі  процесс  екені белгілі. 

 

елбасы 



өз 

сөзінде 


экономикалық    прагматизм  ту-

ралы  өте  жиі  айтып  жүр.  соңғы 

жолдауында    Қазақстанды  про-

порцияны  басқарғандай  басқару 

керек деп атап көрсетті. Бұл жер-

де  прагматизм  мемлекетті  үнемді 

экономикалық  басқару  дегенді 

білдіреді. 

 

Қазақстанның 



жаңа 

стратегиялық  бағытының  бүгінде 

әлем  саясаткерлері  тарапынан 

толық  қолдау  табуының  өзі  оның 

өміршеңдігін көрсетеді.

Ф.Жұмашова, 

аудандық Әділет 

басқармасының  инспекторы.

          дамыған  30 елдің  қатарына  

қосылу  үшін  елімізде шағын және орта 

бизнесті дамыту басты назарда. Осы 

мақсатта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай 

жасау, бизнеске кедергі келтіретін  

жағдайларды  азайтуға   ерекше 

мән берілуде. жалпы, кәсіпкерлікті 

мемлекеттік деңгейде дамыту мен 

қолдау жан- жақты жүргізілуде. Нарық 

талабы  мен   халықаралық  тәжірилер 

   


«Электрондық  Үкімет» 

порталында  заңды  тұлғаларды  

Электронды  тіркеу

ескеріліп,   құқықтық   жағынан 

да  үлкен  қолдау жасалып, көптеген заңдар қабылдануда.  

жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралардың бірі, ол заңды 

тұлғаларды тіркеу кезінде Электрондық Үкімет порталы арқылы  шағын 

кәсіпкерлік субъектісін тіркеудің оңайлатылғаны.

 

Мұндай көрсетілетін қызмет түрі толықтай 



автоматтандырылған. «Электрондық Үкімет» заңды тұлғаларды тіркеу 

кезінде бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауда, тиісінше, осындай 

шарттар кәсіпкерлікті жана бастап келе жатқандарға шенеуніктердің 

қатысуынсыз өз істерін тіркей алады.

 

Осы мемлекеттік қызмет үшін мемлекеттік баж салығы алын-



байды.

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасын 1 сағат ішінде 

алады, «Электрондық портал» арқылы өтінім санаулы минуттар ішінде 

тапсырылады. өтінімді толтыру процессі кезінде компанияның жылжы-

майтын мүлігі орналасқан заңды мекен-жайы жазылады. жылжымай-

тын мүлік автоматты түрде, жылжымайтын мүлік тіркелімі мемлекеттік 

деректер қорынан тексеруден өткізіледі. өтінімде жылжымайтын мүлік 

басқарушының немесе құрылтайшының жеке меншігі болып келсе, ең 

алдымен  жылжымайтын мүлік мәліметтері бойынша сауал жүргізіледі. 

ары қарай, өтінімде заңды тұлғаның барлық болашақ деректемелері 

көрсетіледі (атауы, қызмет түрі, штат, жарғылық капиталы және т.б.).

тіркелу туралы анықтаманы алу үшін арыз беруші әділет органына келуі 

тиіс болатын. Қазіргі уақытта бұл электрондық қызмет түрі шетелдіктер 

(резидент емес) кәмелетке толмаған балалар және ыхтиярхаттардан 

басқа барлық тұлғаларға қол жетімді.

 

әділет органдарының негізгі міндеті жеке және заңды тұлғалар 



мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын жетілдіре түсуге, заңды 

тұлғаларды тіркеу жұмысын жеңілдетіп және де ақпараттық ресурсты 

белсенді пайдалануға көмектеседі.

Ғаламтор арқылы заңды тұлғаны тіркеудің артықшылығы, ол 

кәсіпкерлердің уақыты мен экономикасының үнемделуі.

 

Бүгінгі танда заңды тұлғаны  тіркеу «Онлайн» арқылы жұмыс 



істеу бүкіл ел бойынша жүзеге асырылды.

сондықтан жеке кәсіпкерлік субъектілерін интернет арқылы тіркеуді 

белсенді  түрде  пайдалануға   мүмкіншіліктеріңіз  бар.

к .рОзыбакиЕв,

 аудандық Әділет басқармасының бас маманы,

 қазақстан заңгерлер одағының  мүшесі.

     


басты  мақсат-

    


  сыбайлас  жемқорлықты   жеңу 

 

 



«жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістердің 

нәтижесінде аталмыш процестің  уақыты қысқартылды. айта кетсек,енді құжаттарды тіркеу  бір күн ішінде 

жүзеге асырылады. Ол үшін ең алдымен,жылжымайтын мүлікке құқық беретін келісімді нотариус бекіткеннен 

кейін құжат көшірмесі бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге автоматты түрде жіберіледі. Бұл жерде нота-

риус куәлік еткен құжаттардың ғана осы жүйе арқылы электронды тіркелетінін ескерген жөн.

ал,басқа құқық беруші құжаттар, мәселен, жергілікті әкімшілік шешімдері қалыпты режимде тіркеледі. 

Міне,осындай өзгерістерден кейін азаматтар келісім шарттарын ХҚкО-ға өткізіп, әділет органдарының шешімін 

күтіп,  уақытын жоғалтпайды. өйткені, келісімге қатысты барлық ақпарат орталыққа нотариус арқылы бірден 

жеткізіледі. сіздің құжаттарыңыз тек алым сомасын түскеннен кейін ғана қаралатынын ескерген жөн.

   сондай-ақ, электронды тіркеу үшін азаматтардан электронды қолтаңбаның болуы талап етілмейді. 

Міне,осындай оң өзгерістерден кейін әділет органдарының қызметкерлері қозғалатын әкімшілік істер санының 

азаятынына сенімді.



Г.байсиықОв,

 аудандық  Әділет  басқармасының  инспекторы,

 қазақстан  заңгерлер  одағының   мүшесі. 

ЖылЖымайтын   мүліккЕ   құқықтарды 

 

       элЕктрОнды   тіркЕу

 

әлеуметтік  жаңғырту,  әлеуметтік  бағдарланған мемле-



кет  құру  өндірістік  демократия институттарының дамуын  талап  

етеді. 


 

Қазақстан   республикасының   әлеуметтік    

жаңғыртылуы:  «жалпыға Ортақ еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 

атты материалында еңбек қатынастары саласындағы қарама-

қайшылықтарды реттеудің тиімді  көп деңгейлі тетіктерін құру 

қажеттігін атап өтті. 

 

еңбек дауларының негізгі себептері қатарында 



жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен  шеттетілуі 

мен дауларды және жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің  

әлсіздігін атауға болады. жұмысшылардың кәсіпорынды басқару 

мәселелерінен шеттетілуі-олардың тиімді еңбекке деген ынта-

сын едәуір төмендетеді де бұл, сайып келгенде, адамдардың 

қызмет нәтижесіне немқұрайдылығын тудырады. Қазіргі таңда 

қалыптасқан экономикалық  қарым-қатынастың мұндай моделі 

өзін-өзі ақтамай отыр. адам өзін қарапайым жалданушы ретінде 

сезінеді. өндірістік қатынастарды демократияландыру жалпыға 

ортақ еңбек қоғамын  құрудағы ажыратылмас элемент болып 

табылады.  

 

жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру әрбір  



қазақстандықтың еңбекке теңдей мүмкінішлігін қарастыруды 

көздейді. сондықтан, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа  

орналастыру мәселесіне айрықша ықылас қою қажет. Осыған 

орай әлеуметтік жұмыс  орындарына қатысты заңнамалық 

нормаларды да қайта қарастыратын уақыт жетті. Қазақстандық 

қоғамның барлық институттарының өзара тиімді қатынасы 

нәтижесінде әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруға болады.

                                                             



  данияр тохтахунов, 

аудандық Әділет басқармасының инспекторы, қазақстан 

заңгерлер одағының мүшесі.

Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет    болып  бекітілгеннен 

бері  көптеген қиыншылықтардан өтіп, тәуелсіз мем-

лекет ретінде әлемге танылды. 

Барлық 

қазақстандықтардың 



өсіп-өркендеуі, 

қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы-бұл  біз 

барлығымыз 

қалағымыз 

келетін 

мемлекетті 

сипаттауға  қажетті  түйінді  сөз.    Бүгінгі  күннің  

басымдылығы-жеткен  жетістіктерді  сақтап  және 

болашақ  үрдістерді  бекіту.  Қазақстанда  ұлттық  са-

яси  тұрақтылықты    сақтауға  және  нығайтуға  тиімді 

жағдайлар жасалған.

       Қазақстан республикасында  демократиялық 

және  құқықтық    мемлекет  құрудың  ең  басты 

кедергісі  ол  -  жемқорлық    мәселесі  болып  отыр. 

Бұл бір мезетте тұлғаны да, қоғамды да, мемлекетті 

де  бұзатын  бірден-бір  қауіпті  фактор.  жемқорлық 

бұл-  қоғам  мен    мемлекетте  қылмыстың  пай-

да  болуының  қауіпті  және  ауқымды    бөлімі. 

Қоғамдық тұрғыдан алсақ қауіптілік- жемқорлықтың 

мемлекеттік негізін құлдыратып, белгілі бір деңгейге 

жете  барлық  қоғамға  қауіп  төндіруде.  Қазақстан 

республикасының  «сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимыл  туралы»  Заңның  талаптарына  сәйкес 

барлық мемлекеттік органдар және жергілікті басқару 

органдары  өз  құзыретінің  шеңберінде  жемқорлық 

қылмыс  пен  құқықбұзушылық  жасаған  тұлғаларды  

жауапкершілікке тарту мен  жемқорлықпен күресуге 

міндетті.

 

Барлық мемлекеттік органдар  осы бағытта  



мақсатты  жұмыс  жасауға    міндетті.    жемқорлықты  

шектеу    кешенді  түрде  барлық  жақтарда    бірдей 

жүзеге асырылуы тиіс,  өйткені  жемқорлыққа  қарсы  

саясат биліктің әртүрлі деңгейінде кедергіге тап бола-

ды.  жемқорлықпен  күресуде    нәтижесіз  шараларды 

айқындау мен олардан бас тартып неғұрлым нәтижелі 

шараларға  ауыстыруға  қайта  қарастырып  отыру 

қажет.    жемқорлыққа  қарсы  заңнамаға  енгізілген 

өзгертулер мен толықтырулар  жемқорлықтың қандай 

да  бір    көрінісіне  жол  беруі  бойынша  шараларды 

күшейтуге  бағытталған.    жариялық-    бүгінгі  таңда  

жемқорлық пен күреспен  тиімді  тәсілдердің бірі болып 

табылады.  Халық  жемқорлық қоғамға  тигізетін зар-

дабын,  жемқорлық  құқықбұзушылық  жасағаны    үшін 

қарастырылған жауапкершілік туралы  хабардар болуы 

тиіс.  Осылайша әрбір азамат  мұндай қылмысқа бар-

мас бұрын өзінің  болашағы, отбасы туралы ойлайды. 

Бұл  саладаға  халықтың  хабардар  болуы  ғана  белгілі 

бір нәтижеге жетуге көмектеседі.             

 

әділет  органдарына  қатысты    мемлекеттік 



қызметті  көрсетудің  «Бір  терезе»  қағидасы  бойынша 

жүзеге  асырылуы  қызмет  сапасын  көтерудің  басты 

шарты  және жемқорлықпен күресудің бір тәсілі болып 

табылады. 

 

жемқорлық – бұл мемлекеттің және барлық 



қоғамның    рухани  мәселесі.    Оны  түптен  жоюдың 

жолы  –мемлекеттік  қызметшінің  алдындағы  тұрған 

мінеттерді адал  орындау, жемқорлықтың қандай да бір 

көрінісі мен қоғаммен жұмылып күресу мемлекетімізде  

құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз  етуде  құқық  қорғау 

органдарының  бар ынтасымен талпыну.



м.  сағымбЕк,

аудандық Әділет басқармасының басшысы

қазақстан заңгерлер одағының  мүшесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет