Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өткен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласын жетілдіру туралы» тақырыбындағы



бет1/6
Дата10.12.2023
өлшемі36,51 Kb.
#136068
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде
өткен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеу саласын жетілдіру туралы» тақырыбындағы
Үкімет сағатының нәтижелері бойынша
ҰСЫНЫСТАР

Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласын жетілдіру туралы ақпаратын тыңдап шығып және талқылай келе, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҰСЫНАДЫ:




1. Жоғарғы Сот:
1.1. жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі тіркеуші органдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы, сондай-ақ құқықтарды мемлекеттік тіркеуді талап ететін жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелерден туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді соттардың қарауы бойынша сот практикасын жинақтауды жүргізсін;
1.2. мүлікті тәркілеу туралы үкім шығару кезінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықтарды бір мезгілде алу жөніндегі мәселені пысықтасын.


2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жылжымайтын мүліктің меншік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге және оның сенімді, заңды және жария азаматтық айналымын қалыптастыруға бағытталған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдасын.
Осы мақсаттарда мына заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері пысықталсын:
2.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне дербес деректерді қорғауды ескере отырып, жылжымайтын мүлік объектілері туралы мәліметтерге қолжетімділік беру көзделетін өзгерістерді АК 118-бабына енгізу бөлігінде;
2.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне зайыбын жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару кезінде құқықтары бұзылған жұбайының өтініші бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту бөлігінде;
2.3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылуы/құруы туралы шешім беру жөніндегі функцияны белгілі бір ведомствоға бекіту бөлігінде;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет