Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайла Жүсіпбек Аймауытов "Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер" деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен кеоу керек. Сабақ барысында Интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді