Кластер ұғымы. Бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі296,65 Kb.
#45610
  1   2
Байланысты:
СӨЖ № 6


Кластер ұғымы. Бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері.



СӨЖ № 6


Экономика және бизнес негіздері
Жұбанов атындағы өңірлік университет
2022
Орындаған: Балагерей.О
Тексерген: Назарова.Ш
Финляндияның экономика институтының ғалымдары кластерлерді кемелділік деңгейі бойынша жіктейді және күшті, тұрақты, потенциалды, латентты кластерлерді бөліп көрсетеді. Мықты кластерлер үшін өндірістік циклдің негізгі этаптары жоғары бәсекелестікпен қатысушылар арасындағы белсенді байланысты көрсететін кластердің тиімді құрылымы қажет. Тұрақты кластерлер тұрақты дамиды, кластер ішінде белсенді өзараәрекетке ие болады. Агломерациядан мәнді артықшылықтарды алу үшін өндірістің потенциалының критикалық массасы жеткіліксіз. Потенциалды кластерлер дамудың мәнді ресурстарына ие, сондай-ақ құрылымы үзінділенген болып келген. Латентті кластерлерде бірнеше құрылымды буындар және әлсіз коммутивті өзара қатынастар бар.
Кластер ұғымын түсіндіруде әр-түрлі көзқарастар бар. Бұл:
- кеңістікті – экономикалық (аймақтық-салалық концентрация мазмұнында кластер ішкі технологиялық және басқа да өзарабайланыстармен шарттасқан болып қарастырылады). Бұл көзқарасты қолдаушылардың бірі М.Портер;
- құрылымды (кластердің анықтамасы оның құрылымынан және қатысушылардың өзарабайланысынан туады);
- желілік (кластер желі түрінде немесе желінің әртүрлілігі ретінде түсіндіріледі);
- институтционалды (қатысушылардың іс-әрекетіне, институттардың орнымен роліне көп орын беріледі);
- функционалды (кластер анықтамасы тік және көлденең байланыстардың талдауына сүйенеді);
- интеграциялы (кластердің негізін қатысушылар арасындағы байланыс құрайды, интеграциялы байланыстар маңызды орын алады);
- стратегиялық (кластер стратегияны, өндірістік саясатты жүзеге асырудың, аймақтың, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің құралы ретінде қарастырылады).
Кеңістікті – экономикалық көзқарас жалпыланған болып саналады. Бұл көзқарастың айналасында кластер трактовкасы екі кезеңде орналасқан – бұл қатысушылар арасындағы байланыспен өндіріс концентрациясы. Бұл көзқарас екі бағыт бойынша дифференциялануы мүмкін:
1) негізінде өндіріс күштерінің орналасуы, жергілікті ресурстардың тиімді қолдануы, экономикалық агломерация жатқан экономика-географиялық көзқарас;
2) аймақтық өндіріспен мамандануы негізінде құрылған көзқарас;
Кластердің әсерлерін және масштаб әсеріе зерттеуге ерекше мән беріледі. Кеңістікті – экономикалық көзқарастарды кластерді экономикалық білім ретінде қарастырғанда қолданады.
Құрылымды көзқарас кластердің қызмет атқарып отырған жақтарына, олардың өзара байланысына басымдық беретін отандық зерттеушілерге тән.
Желілік көзқарас айналасындағы кластер трактовкасы даулы болып табылады. Осы көзқарасты жақтаушылар кластерді бір немесе бірнеше иерархиялық кластерге сегменттелген желілердің әртүрлілігі ретінде қарастырады.
Кластер теориясы және желілер теориясы –процестерді жақсы түсіндіруге және бір-бірімен өзара байланысқан әртүрлі бағыттар. Кластерлер теориясы өзара қатынас пен бәсекелестік желілер теориясын байланыстырады. Кластер – географиялық аймақ айналасында бақыланатын, фирма және ұйымдардың жақын орналасуы белгілі-бір жалпылаудың формасын қамтамасыз ететін және өзара қатынастың жиілігімен күшін арттыратын желілер формасы.
Желілер теориясы кластер қалай жұмыс атқаратынын және шығарылымды болып келе жатқанын түсінуге көмектеседі. Кластер теориясы өз тарапынан желілер арасында қоғамдық капиталмен, қоғамдық белсенділікпен бәсекелестік арасында, экономикалық өсумен тығыз байланыс орнату мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Кластердің құрылу процестері ішкі орта факторларының ықпалымен жылдамдатылады, баяулатылады және бейтараптандырылады. Бұл процеске бизнес-қоғамдар, кәсіпорын ассоциациялары, салалар мен басқа да институтционалды білімдер, сондай-ақ үкімет жүргізетін саясат өз ықпалын тигізеді.
Кластер шаруашылықтың, экономикалық қатынас пен байланыстың жаңа формасы болып табылады. Олар өз кезегінде келесі бағыттарда көрініс табатын белгілі - бір әлеуметтік-экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді. Біріншіден, экономика секторларының және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігімен өнімділігі артады. Екіншіден, инновациялық және кадрлық потенциалының артуы. Кластерге қатысушылардың біріккен күші мамандарды даярлау жүйесін құруға себебін тигізеді. Кәсіби білім және мамандарды даярлау және қайтадаярлау, квалификацияны арттыру жүйелері – маңызды бәсекелестік артықшылықтар. Үшіншіден, нәтижелерді енгізумен зерттеулер жүргізу тәжірибелі өндірісті құру міндеттерін бірлесе отырып шешкен дұрыс. Төртіншіден, бұл жеткізу жүйесінің дамуы. Кәсіпорын үшін жеткізушілер – технологиялық тізбектегі маңызды бөлік, өнімнің бағасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты. Кластердің дамуы – шикізат жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға септігін тигізеді. Бесіншіден, бұл аймақтың экономикалық дамуы, аймақ жұмысбастылықпен қамтамасыз етіледі, еңбекақы деңгейінің артуы және құрылымының жағымды жаққа өзгеруі.
Қорытындылай айтсақ, кластер ірі бизнесті дамытуға заманауи жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Жаңа технологиямен жаңа өнім алуға қадамдар жасалады.
Аймақ экономикасында кластерді дамыту бәсекеге қабілеттілікті көтерудің факторы ретінде
Саланың эволюциялық процесі кластерлердің пайда болуын немесе ұлғайғанын көрсетеді. Сонымен кейбір секторларға серпін беріледі, сөйтіп сала шегінен шығып экономиканың дамуының күшті қуатына айналады. Кластерлердің пайда болуы фирмалардың көптеген типіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалардың алға тартушы күші ақтық өнімге қойылатын талапқа байланысты. Ақтық өнімді щығаратын сала бәсекеге қабілетті сүйемелдеуші саланы туындатады. Жоғарыда айтылғандай, Жапонияда көптеген бәсекеге қабілетті өндіріс іргелес салалардан өсіп шықты.
Кластерлердің пайда болуы жеке салаларда прогресті жылдамдатады. Кластердің ішіндегі өзара байланыс инновацияны күшейтетін тіпті ұлттық экономиканың көптеген секторларында да осындай жағдай кездеседі. Бұл қазіргі кезде Жапонияда электрониканы тұтынудағы көршілес салаларда анық байқалып отыр.
Экономикадағы үнемі дамып отырған өндірісте кейбір кластерлердің азайғаны байқалады. Бәсекеге қабілеттік әртүрлі детерминаттарға сүйенгендіктен ұлттық позицияны сақтау әртүрлі кластерлерде біркелді болмайды. Технологиясы күрделі емес, өнімі нашар жіктеліп топтасқан салалар өздерінің бәселестік басымдығынан айрылады. Құндылық тізбегіндегі өнімділігі аз қызмет түрі шет елге ауысады.
Саланың пісіп-жетілуіне байланысты инновациялық процесс баяулайды немесе бүтіндей тоқтайды. Осындай жағдайда фактор шығыны шешуші рөл атқарады. Егер де жағымсыз жағдайлар өздерінің ықпалын таңдаса, өндірісті жетілдіруге серпін береді. Ел жоғары дамыған сегментте (салада позициясын жоғалтқанмен) дұрыс жүргізілген бәсеке негізінде өзінің позициясын сақтап қалады.
Мобильді технология әлемдік нарықта шешуші рөлді факторлық шығын атқарады деген пікір туғызады. Алайда технологияның мобильділігі имитациялы лагты қысқартқанымен, басқа елдерден технология алатын фирмалар тұтас бір ұрпаққа артта қалып қояды. Фирманы күшейтетін фактор технологияға ену емес, технологияны дамыту болып табылады. Импортталған технологияны орналастыру және жетілдіру көптеген жағдайда ұлттық “ромбыға” тәуелді. Жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік фирманың білім мен технологияны жасап, оны пайдалануына байланысты. Ақпарат технологиясын дамыту, жаңа материалдарын өндіру, биоинжерия жаңалықтарының толқынына қажетті жағдайларды жасайды. Тіпті дәстүрлі немесе бір қарағанда қарапайым салалардағы “кемелдену” қорқынышының жалған болуы мүмкін.
Италия осы жағдайда жиі пайдалана алды, дәстүрлі салаларда (жиһаз, аяқ киім және киім) фирмалар өздерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Швеция “көзге түсетін” салалар негізінде жақсы дамып келеді. Олардың қатарына жататындар тұрмыстық электр приборлары, жүк машиналары, кен қазу құралдары.
Бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерінде бәсекеге қабілетті салалар ұлттық экономикада біркелкі бөлінбейді. “Ромбаның” жүйелік табиғаты ұлттық бәсекеге қабілетті салалардың кластерлерін жасайды. Гүлденіп отырған сала әдетте вертикалды (сатып алушы жабдықтаушы) немесе горизантальды (жалпы клиенттер, технология, делдалдар және т.б) өзара қарым-қатынастарымен байланысты болады.
Бұған жақсы мысал Дания. Осы елде әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті салалар өзара тығыз байланысты. Бұған қоса Данияда бәсекеге қабілетті салалардың кластері бар. Олар үй жиһаздарны жасайтын және медицина салалары. Денсаулық сақтау кластерлері ауыл шаруашылық кластерлерімен технология және шикізатқа қойылатын талап арқылы байланысқан.
Швецияның целлюлоза және қағаз өндірісінде ғана емес, ағаш өңдеу құралдары, бақылау-өлшеу аспаптары, конвейерлі жүйелер, қағаз кептіру құралдары, сондай-ақ целлюлоза мен қағаз өндіретін құралдар өндірісінен бәсекеге қабілеттігі бар. Швецияда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі болмағанмен, целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған химиялық заттар өндірісінен дүниежүзілік деңгейге жетті. Италияда ірі кластерлер тұрмыстық тауарлар, тамақ, сәндік киімдер мен аяқ киім өндіруді біріктіреді. Герменияда мына төмендегідей салалардың кластерлері бар: химия өндірісі; металлургия; көлік және қағаз басу. Осы айтылғандардың бәрі де өнім шығару арқылы табысқа жеткен. Мысалы, Израильде негізгі кластерлер ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш, су жүйесі т.б) және қорғаныс саласында жинақталған. Кластерлердің пайда болуы ұлттық басымдық детерминанттарына тікелей байланысты, олардың жүйелілік сипатының көрінісі болып табылады.
Бәсекеге қабілеті бір салада өзара күшейту қатынасы арқылы басқасына көмектеседі. Бұндай сала тауарлардың сатып алушылары мен қызмет көрсететіндерге талап қойғыш болып келеді. Елде олардың болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің маңызды факторы болады.
Бәсекеге қабілетті жабдықтаушылар, сондай-ақ елде тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік береді. Олар технологиямен қамтамасыз етеді, жалпылама өндіріс факторларын дамытады, жаңа өндірушілерді туындатады. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бір сала жөнінде де осыны айтуға болады.
Кластер қалыптасқанда барлық өндіріс бірін-бірі сүйемелдейді және пайда барлық бағыттағы байланыстар бойынша таратылады. Бір саладағы белсенді бәсеке басқа салалардың кластеріне таратылады. Басқа салалардан келген кластер жаңа өндірушілердің дамуын жылдамдатады. Бұлар жаңа стратегияны және біліктілікті ендіруге қажетті қаржылармен қамтамасыз етеді. Сөйтіп ақпаратпен еркін алмасу мен жаңалықтың тезірек тарауы жүзеге асады. Кластерлердің ішкі өзара байланысы күтпеген жерден бәсекеге жаңа жол жасауға көмектесіп, жаңа мүмкіншіліктерді туындатады. Адам ресурстары және идеялар жаңа комбинация құрайды. Силикон алқабы осыған айқын мысал бола алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет