«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» салтанатты жиынының сценарийі Мақсаты



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі54 Kb.
#21838
түріСценарий
1   2   3   4
Диханбаевна: Қайырлы күн құрметті әріптестер, оқушылар, ата-аналар, мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер! Бұл мереке – жас ұрпақтың бойындағы дарынды дамытып, арман жолына жетелейтін, білімнің биік шыңына көтеретін ардақты да ұлағатты ұстаздарымыздың мерекесі. Биылғы жыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы Республика көлемінде тойланып отыр. Біздің мектептің оқушылары да жүлделі орындарға жеткенін айта кеткен жөн. 2019-2020 оқу жылын жақсы табыстармен аяқтадық.Мектептің 12 мектеп бітіруші, 14 негізгі мектепті бітіруші грант иегері болып отыр. Биылғы оқу жылындағы мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге білім жолында биік белестерге жетіп, жаңа армандар мен үміттердің орындалатын жылы болсын, ұмытылмас əсер қалдырсын! Осы айтулы əрі жарқын мерекеде баршаңызға толымды табыс, мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін! (Бұйрықтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер) .

Жүргізуші: Мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді құттықтау сөз кезегі 11 сыныптың үздік оқушылары Ахмедияқызы Гүлім (ағылшынша), Талғат Махаббат-Қалабаева Лаура (біреуі қазақша), Горбачева Алинаға (орысша) беріледі. (11-сынып оқушыларының құттықтау сөзі) 

Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтай отырып оқуда озат, білімнің биік шыңына жете беріңдер демекпіз.


1 жүргізуші:

Келесі сөз кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.



Сыңғырла,сыңғырла қоңырау!( 1 сыныптардың жыр шумақтары) (1 «А» сыныбы 3 оқушы, 1 «Ә»сыныбы 3 оқушы, 1 «Б» сыныбынан 4 оқушы өлеңдерін жатқа оқиды)

1-Айғаным:Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Биікке самғап ұшамыз.


2-Айша: Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке

Білімнен сусын аламын.

3-Айару:Өсті мені бойымыз

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойыңыз!


4-оқушы: Алты жасқа келгенім
Еркеліктен кеткенім
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

5-оқушы: Оқыған әпке,ағамыз,

Қадірлі мектеп-бұл мектеп

Сендердей біз-де боламыз

Есейдік міне караңыз.



6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8-оқушы: Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9-оқушы: Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.


10 оқушы: Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жүргізуші:

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.

И те из нас, кто обучение закончил,

И кто его не начинал пока,

Не смогут без улыбки встретить осень,

И эти звуки первого звонка!

 Алғашқы қоңырау соғу рәсімі (қашықтық-онлайн)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет