«Сауатсыздықты жою», «қызыл отау» «иммиграция» терминдеріне анықтама беріңіз



бет4/4
Дата08.10.2022
өлшемі65,57 Kb.
#41942
1   2   3   4
Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды калыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар аркылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі кат-қабат окиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халкының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тəжірибесі жинакталған ауыз өдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз əпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық картасына дүркін- дүркін өзгерістер енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы көшпелілер өзара өрекеттескен өзге халықтарды рухани байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кендігі мен сан алуандылығын көрсетті; экономикалық дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары сөйкес келе бермейтін, бір-бірінен оқшау орналасқан аймақтардағы адамзат қоғамдастығының арасына донекер болды. Ислам ренессансын бастан өткеріп, олемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл-Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлыкбектің астрономия зерттеулері, Омар Хайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі өлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мəдени жене этногенетикикалық үрдістері Шыңғысхан империясының шапкыншылығы кезінде күрт тоқырауға үшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғысхан империясының саяси құрылымын, әлеуметтік- құкықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-ғайыр кеңістікке канат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты кезінде қалыптасқан әскери-әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. 15 ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты жөне Шыңғысхан империяларының тарихымен тамырласып, шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан территориясындағы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің занды жалғасы ретінде өрбіді. Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы катар дамыған, дөстүрлі кала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде 14—15 ғ-лардг. біртұтасс экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл казак жерін бірегей саяси кұрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекетттік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер аумағын нығайтып, рухани жөне материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылық жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын əрі арзан шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбаска жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп түрды.

  • Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын алды.

    Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.

    1. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар. Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан жерін басып өтуі ірі және шағын қалалардың құрылуы мен дамуына игі әсер етті.

    2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – ең ірі қалалардың бірі. 568 жылы түрік қағаны Дизабул Византия императоры ІІ Юстиниан жіберген дипломатиялық елшілікті қабылдаған. Тараз – түргештер, кейін қарлұқтар мен қарахандықтар үшін маңызды әкімшілік орталығы саналған.

    1. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8595/

    2. Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 1950 жылғы деңгейден 2,8 есе, оның iшiнде егiншiлiкте 3,3 есе, мал шаруашалығында 1,9 есе артты. Дәндi дақылдардың егiс көлемі 1950 жылы 6,0 млн. га-дан 1960 ж. 21,9 млн. га-ға жеттi. Мемлекетке астық сату 1960 жылы 10,5 млн. т-дан асты (1950 ж. 2,1 млн. т). Алайда тың игерудiң пайдалы жақтарымен қатар экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салдарлары да болды. Тың көтеру әлеуметтік тұрғыдан бiрқатар керi әсерлерге ұшыратты. Тың және тыңайған жерлердi игеру одақтың басқа аймақтарындағы еңбек қорларын тарту арқылы атқарылғандықтан iс жүзiнде бақылаусыз көшi-қон қозғалысы туды. Тың игерген аймақтың жергiлiктi тұрғындарына балалары оқитын мектептердiң, өздерi iстейтiн ұжымшарлардың жабылып қалуына байланысты туған жерлерiн тастап кетуге мәжбүр болды.

    Соның салдарынан республиканың жергiлiктi тұрғындарының үлес салмағы 30%-ға дейiн азайды. Қазақ тiлiнiң дамуы мен қазақ этносының әлеуметтік-мәдени институттарына қатер туды.

    1. бесжылдықта республикада 200-ге жуық iрi кәсiпорын қатарға қосылды. Қарағанды металлургия зауыты, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты салына бастады. Жаңа көмiрлi аудандар (Саран, Шерубай — Нұра, Шахан) игерiлдi. Екiбастұз кенiнде алғашқы iрi көмiр қимасы пайдалануға берiлдi. Өскемен су электр станциясы iске қосылды, Бұқтырма СЭС-нiң құрылысы басталды. Мұнай және газ өнеркәсiптерi жоғары қарқынмен дамыды. Химия өнеркәсiбi Қазақстанның ауыл шаруашылығын және Орта Азия республикаларын фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етуге негiзделдi. Қарағанды синтетикалық каучук зауыты ауыр өнеркәсiптi органикалық синтез өнiмдерiмен, құрылыс индустриясын кальций карбидiмен қамтамасыз еттi. Республикада құрылыс жұмыстары кең өрiс алды. 1960 жылдың қаңтарына қарай Қазақстанда 398 кiрпiш, 119 әк зауыттары, 221 қабырға блоктарын өндiретiн кәсiпорындар, 895 бейруда құрылыс материалдарын өндiретiн өңдеушi кәсiпорындар жұмыс iстедi. 1958 ж. Алматы, Өскемен, Қарағанды қалаларында алғашқы телеқондырғылардан бейнехабар берiле бастады.

    Қазақстанның ауыл шаруашылығында қайта өңдеу, сақтау, iске асыру ең артта қалған салалар болды. Бұл кезеңдегi экономикалық дағдарыс әлеуметтік саланы да қамтыды. 1970 — 1985 жылдары республика тұрғындарының көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi, жалпы алғанда, көтерiлгендiгi байқалады. Отбасының көбiнде теледидар, тоңазытқыш, кiр жуу машиналары пайда болды, азаматтардың жеке меншiк автокөлiктерi мен ұзақ мерзiмдi сұраныс тауарларының саны көбейдi. Алайда әлеуметтік салада, жалпы алғанда, жағымсыз процестер тез шешiлудiң орнына үдей түстi. Қаржыландырудағы қалдықтық қағиданың салдарынан медициналық қызмет көрсету, бiлiм беру, мектепке дейiнгi тәрбие беру iстерi артта қалды. Ауылдар мен селолардың жартысынан көбiнде денсаулық сақтау мекемелерi болмады. Үй, мәдени-тұрмыс нысандарының құрылысы, қызмет ету түрлерiнiң дамуы тұрғындардың қажеттiлiгiнен көп төмендедi. Бұл жылдары iрi өнеркәсiптiк және энергетикалық кешендердi салатын мекемелердiң үлкен ауқымды индустриялы экспансиясы өрiстедi. Мұның бәрi қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына үлкен зиян келтiредi.

    1. «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асқан жылы 100 аспирант өз білімдерін шетелдегі жоғары оқу орындарында толықтыруға мүмкіндік алған. Қазір тек аспирантура (докторантура) ғана емес, магистратураны да көздеген оқы орныңыздан аяқтауға мүмкіндік бар. Бастапқы болашақерлердің көпшілігі гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың түлектері болған. Бағдарлама 12 жылдың ішінде үш мыңға жуық студентке сырт мемлекеттерден білім алуға мүмкіндік турдырды. Сол жылы кеңейтілген стипендиялық бағдарламаны басқару үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы (CIP) құрылды. «Болашақ» бағдарламасына 2008 жылы өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ауылдық жерлерден келген студенттерге және мемлекеттік қызметкерлер мен академиктерге арнайы квоталар берілді.

    2. Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.

    3. типа ты там просто купил курс как делать бизнес с молюссками, и ты типа стал бомжом, но у тебя много моллюсков, еще ничего не потеряно вставай и продовай моллюсков

    4. Егер ұлтымыз шикізат ресурстарынан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпорациялар мен концерндер тәжірибесіндей алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басымдықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет.

    Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік.
    Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары:
    Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.
    Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025 жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз.
    Біз инвесторларды елімізге ең заманауи өндіру және қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тартуға тиіспіз. Біз инвесторларға еліміздің аумағында ең жаңа өндірістер құратын болса ғана шикізаттарымызды өндіру мен пайдалануға рұқсат беруге тиіспіз.
    Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы бар. Біз инвесторларға қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз.
    Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс.

    1. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.

    Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

    1. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.

    Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
    Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

    1. Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта 0олға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.

    2. VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ, қарлұқ теле және т.б.) аутақтық орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының дамуына, сол кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз.

    3. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес, экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет.

    Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны білімінен кейінгі кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

    1. 9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды.

    Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi.
    Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.

    1. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді"

    2. Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның - қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар - отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

    3. Қазақстан өз тарапынан бай табиғи ресурстарға ие ел бола отырып,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ресурстық саясат туралы мәселені ойластырып келеді. Қазақстандағы көмірсутектерді өндіру 1899 жылы 4 басталғанына қарамастан, Кеңес Одағы кезінде саяси уәждермен мұнай әлеуеті толығымен пайдаланылмады. Сонымен қатар, 90-жылдардың басындағы алғашқы шетелдік инвестицияларды тартқан сектор мұнай-газ секторы болды. Елдің экономикалық және сыртқы саясатын қалыптастыруда маңызды мәселелердің бірі айқын себептер бойынша жер қойнауын пайдалануды басқару және реттеу болып табылады.

    4. Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.

    5. https://e-history.kz/kz/news/show/278/

    6. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады.

    1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды.
    1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады.

    1. XX ғ. басында Ресей империясында екінші жалпы халық санағын өткізу туралы мәселе көтеріле бастады. Алайда, І дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы қос төңкеріс бұл санақты толық жүзеге асыруға бөгет болды. Дегенмен, 1916 жылы мамыр–тамыз аралығында ішнара санақ жүргізілген еді. Ол негізінен ауылдық жердегі тұрғындарды қамтыды. Бұл санақ бойынша жинақталған материалдардың ІІІ томына Қазақстанның 6 облысы бойынша мәліметтер енгізілген. Бұл деректерге қарағанда қазақтардың саны 3 млн. 994 мың адам немесе барлық халыққа шаққандағы үлес салмағы 50,7%-ды құраған.

    2. мәдени дамудағы өзіндік ерекшелігіне толы кезең. Өйткені, бір жағынан бұл кезде Ресей отаршылдарының қазақ даласына толығымен өздерінің отаршылдық саясатын орнатып, оны одан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде тереңдету үшін әр түрлі шаралар жүргізумен ерекшеленсе, екінші жағынан қазақ халқының рухани ояну, өз азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрестің жаңа кезеңінің басталғанымен ерекшелінеді.

    3. Бүгінгі таңда елімізге әдеби тілі бай, білімді және өнерлі жан – жақты дамыған жастар керегі сөзсіз. «Өнер алды – қызыл тіл» — деп ата – бабаларымыз сапалы сөзді сары алтынмен тең бағалап, сөздің моральдік – эстетикалық қасиеттерін айқындай түсіп, ұрпағының сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі болуынмақсат екен. Тілді халықтың өмірінің айнасы, мәдениеті мен ақыл-ойының алтын қоймасы деп қараған. Өнерді өрістету, сөздің құдіретті күшін қадірлеу, әнші, күйші, суретші ақын тағы басқа да өнер иесі адамдарының жақсы қасиеттерін құрметтеуде оқушыларыммен өткізген өнегелі, өнерлі отбасымен танысу керек.

    4. Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.

    5. Империяның отаршылдық саясатына, И.Д. Бухгольцтің, И.М. Лихаревтің, П.Ступиннің және басқаларының әскери-барлау экспедицияларына «бейбіт» сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар «ғылыми», танымдық мақсаттарда ғана жүргізілген деп пайымдалып келді. И. Д. Бухгольцтің және басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы жөнінде басылымдарда оны орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған. Ал шынына келгенде, Ресейдің әскери экспедициялары ежелден бері қазақтардың иелігіндегі, сол кезеңде жоңғар басқыншыларының бақылауында болған жаңа аумақтарға бекіністер салып, Ресейдің иеліктері етіп бекітті. Ресейге қосылу немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблемалары. Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге «қосылуы» тұрғысынан пайымдалды.

    Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт жағынан қарап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың қазақ халқына қатысты «құқықтары» мен «міндеттерін» іздеп табуға тырысты. Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және мәдени дамуын мүлде ескермеді.

    1. 1930 жылдар басында халыққа білім берудің, қазақ театрының, халық музыкасының тарихы зерделенген алғашқы кітаптар мен кітапшалар пайда болды. Бұл жарияланымдардың авторлары іс жүзінде бұрынғыша партия-мемлекет органдарының қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлерінің арасынан шықты. Олар халықты жаппай сауаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға, білім беру саласының кадрларын даярлау ісіне белсене атсалысты. Қазақстанның театр өнері мен оның қалыптасуының алғашқы қадамдары I. Жансүгіров пен Ғ. Тоғжановтың 1933 жылы жарық көрген «Қазақ ұлттық театры» кітабына арқау болды. 1930 жылдардың ортасында және екінші жартысында Қазақстанның мәдени өмірін зерттеу мен насихаттау мәдени-ағарту және идеологиялық қызмет органдары арқылы жүзеге асырылды,. ал олардың басшыларының көпшілігі көп ұзамай 1937 -1938 жылдардағы қуғын сүргіннің құрбанына айналды. 1933-1937 жылдары Қазақстанның Ағарту халық комиссариатын басқарған Т. Жүргеновтің мақалалары мен сөздері, оның ішінде мәдени құрылысқа қатысушылардың I съезінде жасаған баяндамасының негізінде жазылған «Қазақстандағы мәдени төңкеріс» (1935) кітабы сол жылдардағы мәдениет пен білім беру тарихының маңызды құжаттық дерек көзі болып табылады.

    2. Социалистік реализм — реализм классикалық әдебиет пен көркемөнердің барлық түрлерінің ең жоғарғы, әрі ерекше түрі.

    Кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі шығармашылық көркем әдісі. Реализмнің дамуынағы жаңа, ең жоғарғы этапы. Социалистік реализм XX ғасырдың басында құралып, қалыптасты, кеңес әдебиеті мен өнерінің негізгі әдісіне айналды. Социалистік реализм- елімізде коммунистік қоғам орнату, кеңес адамдарын, жаңа жасөспірімді коммунистік рухта тәрбиелеу, олардың коммунистік саналылығын арттыру, халқымызды социалистк интернационализм және патриотизм рухында тәрбиелеуді талап етеді. Социалистік реализм рухында жазылған көркем әдебиет пен көркем өнердің міндеті бейбітшілік қорғау мен прогресшіл адамзатты бақытты өмірге баулу болып табылады. Ол кеңес суретшілерін күнделікті өмір шындығын ақиқатты жырлауға шақырады.
    Заманауи қазақ әдебиетіне социатшстік реализмнің бүлжымас ереже- лерінен толықтай бас тарту, идеологиясыздандыру, өмір қүбылыстарына тарихи тәсілді тереңдету, алдыңғы қатарға үлт мүдделерін шығару тән. Сонымен бірге көптеген қазақ жазушылары стиль мен эксперимент еркіндігі үшін күресуде.

    1. Әскери демократия— көнегрек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргезген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы Л.Г.Морган (1818—1881) қолданған ғылыми термин.Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар тағы басқа басынан өткізген. Біздің заманымыздан бұрын 1- мыңжылдықтың басында сақ қоғамында алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы жеделдеді. Бұған экономикалық қатынастағы прогрестік өзгерістер себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен мен металлургия өндірісінің өркендеуі қосымша өнімді арттырып, айырбасты дамытты, жеке меншікті қорландырды. Алғашқы қауымдағыдай емес, өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін бөлуде теңсіздік пайда болды. Жаңа өндірістік қатынастың нәтижесінде қандастық-туыстық белгілермен біріккен рулық қауым әлсіреп, оны бірте-бірте аймақтық-өндірістік принцип бойынша қалыптасқан қауым алмастырды. Рулық қауым мен көршілік қауымның қайшылығы күшейді.

    Бұл суармалы егіншілікпен айналысатын аймақтарда алдымен байқалды. Міне, осы рулық қатынастардың ыдырай бастаған тұсын әскери демократия немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманында қоғамдық құрылым — әулет-ру-тайпа — тайпалар одағынан (мемлекет) тұрды. Тайпаны көсем не әскери басшы басқарды.
    Тайпалық одақтар — алғашқы қоғам ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік одақтастықтың жаңа және жоғары үлгісі, мемлекеттің алғашқы сатысы. Олардың сайланып қойылатын көсемдерінің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды. Темір дәуірінде Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аудандарында сақ, батысы мен ішінара солтүстігінде сармат тайпалар бірлестігі (мемллекеті) болды.

    1. https://www.inform.kz/kz/alihan-bokeyhanov-yunesko-ayasynda-bukilalemdik-dara-tulga-dep-tanyldy_a2842432

    2. Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғүрып, салт-санасымен қатты санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.

    3. https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8709/

    4. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр.

    5. Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, съезд үстінде жариялау керек деп дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп дауыс берген.

    Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі құрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.

    1. Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазу сызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" үштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға әсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды.

    2. Біздің ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалуына сіз бен біз үлес қосып, бірлігімізді танытуымыз қажет.

    Қазақ халқы –салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Салт-дәстүр-ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген.
    Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Академик А.К.Конның этикалық сөздігінде «әдет-ғұрып дегеніміз – белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі» деп көрсеткен. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп, стандарттап отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, онда қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады. Әрине, дәстүр қатып қалған өзгеріске түспейтін құбылыс емес. Ол заманның ағымына қарай негізін сақтай отырып, толығып, өзгеріске ұшырап отырады. Ұлттық кодымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандырумыз керек. Қазақ тұрмысында ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандылыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жеткілікті.
    Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
    Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады.
    Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

    1. Көшпенділер мен отырықшылардың арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер тудырады. Кейбір зерттеушілер көшпенділер мен отырықшылардың қарым-қатынасын қырғи қабақ соғыстың, соғыстардың, олардың арасындағы жаулап алулардың әрекеттерімен байланыстырады. Бұған көшпелілер белсенді рөл атқарды деп санайды. Қазір зерттеушілер тобы көшпелілердің осы қатынастардағы орнын көрсету үшін тарылды. "Көшпенділер не қиратушы, не отырықшылардың жетістіктерін қабылдаушы болды"деген пікірлер жиі кездеседі.

    Көшпелі және отырықшы халықтың қарым-қатынасы әр уақытта, әр түрлі аймақтарда әр түрлі болды. Олардың қарым-қатынасында соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, экономикалық, сауда, мәдени өзара іс-қимыл болды. Мал шаруашылығына маманданған көшпелі экономика отырықшы ауыл шаруашылығы өнімдерінен, қолөнер өнімдерінен, ал отырықшы адамдар көшпелілерден мал шаруашылығы өнімдерін, кейбір қолөнер бұйымдарын, қолөнерге қажетті шикізатты алды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер шекаралас, көрші өңірлерде белсенді түрде жүзеге асырылды.
    Көшпелі мал шаруашылығы тайпаларынан отырықшы елдерге жылқы малы келіп, оны атқа мінуге, тамақтануға үйретті. Жылқы дәстүрлері, садақ, қылыш түрлері, ат әбзелдері де көшпелілерден шыққан. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары қолданған темір үзеңгілер кейінгі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мәселен, VII-VIII ғасырлардағы түркілердің белдеулері Қытайдан Иракқа дейін қолданылған. Қытайда Тан әулеті кезінде көшпенділердің киімдері кеңінен таралған, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киген, шаш үлгісі көшпелі үлгілерге еліктеген. Біздің дәуірімізге дейінгі 1-мыңжылдықта көшпенділерде пайда болған өнердегі" аң стилі " Қытайдан Дунайға дейінгі отырықшы елдерде де кең таралды.
    Көшпенділердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел билеушілерін ерекше қасиетті адам, жердегі Тәңірдің өкілі ретінде түсінді, бірегей басқару жүйесіне, империялық қызмет дәрежесіне, символизмге, елді басқарудағы мұрагерліктің ерекше дәстүріне ие болды. Мемлекеттік басқарудың бұл тәртібін кейбір жаулап алынған отырықшы елдердің саяси жүйесінде көшпенділер бекітті.
    Көшпенділер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдени алмасуына, мәдени процестердің бірінен екіншісіне ауысуына ықпал етті. Көшпелілердің көші-қоны, оларды бір отырықшы халықтың жаулап алуы арқылы мәдени диффузия жүргізілді.
    Ерте орта ғасырларда көшпенділер отырықшы өмірмен соғысып қана қоймай, бір-бірімен тығыз бейбіт қарым-қатынаста болды. Көшпенділер отырықшы елдердің шеберлерін қажетті шикізатпен қамтамасыз етті, сондай-ақ оларға қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарға тапсырыс берді. Сонымен қатар Көшпенділер отырықшы тұрмыстардан қолөнердің әртүрлі түрлерін үйренді.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет