Шұғаның белгісі


Мәмбет. Сенің құшағыңа кірген ешкім жоқ, қансорғыш жылан! Антонов



бет8/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жақып
Мәмбет. Сенің құшағыңа кірген ешкім жоқ, қансорғыш жылан!


Антонов. Е, мен от құшағымды жайған жоқпын ба? Арқаңның қышуын қандырған шығармын деймін, көрсетші мына ағаларыңа!.. (Жүгіріп барып Мәмбеттің арқасын жұртқа көрсетеді, жосып тұрған қан.) Қа-қа-қа!..


Мәмбет (шіміркеніп). Жақып! Ойдағы-қырдағы байбатшалармен қол ұстасып, Октябрь төңкерісін көмемін десең де, қолыңнан келмес! Көме алмассың! Октябрьге өрелерін жетпес, өлімтікке үймелеген құзғындар! Қазақтың ат төбеліндей байы мен молдасының үстемдігін сақтаймын деген азғын «Алаш», иманыңды айта бер! Сендерге біз түгіл, біздей большевиктер түгіл, қотыр тоқты құрмалдық шығаруды көпсінетін ем, амал бар ма, арамдықпен қолға түсіріп отырсыңдар!.. Ұмытпа осыныңды! Бүгін арқамның қанын сорғалатқанға күлсең, ертең табанымның күсін жалауға тоңқандарсың! Апар апаратын жеріңе!.. Қаланың қақ жартысын мыналарың ерттеп келді, сөндірт! Шулап жүрген сорлы әйелдерді солдаттарыңның ойыншығынан босаттыр! Көрінген жерде сойылып жатқан кедейдің малын қайтарт!


Жақып. Әкет мына бұзылғанды, әкет! (Қолымен құлагын басады.)


Мәмбет (тіресіп). Баспа құлағыңды! Қолыңмен істеткен жұмысыңды құлағыңмен есіткің келмей ме?.. Қазақтың қызы мен келіншегін зорлағанда ұялсаң қайда қалдың... мына Шоңмұрын екеуің...


Жақып. Шоңмұрын (бірден). Әкетіңдер, әкетіңдер тезірек! (Солдаттар жабылып әкетеді.)


Айбала. Не деген сұмдық, Жақа! Әлгіні істеулерің шын ба? Дым көргем жоқ деп момақансып келмеуші ме ең?


Жақып (қызараңдап). Бұл бір пәлеқор неме. Патша тұсында талай оқытушылықтан алынып, сотқа тартылатынын білмейтін бе едің?


Шоңмұрын. Ойбой, бұл нағыздың өзі ғой. Бұл штраф та тартқан, орнынан да алынған, жерде аударылған – соның бәрі өзінің қияңқылығынан...


Антонов. Осында жеткенше жағы дамыл көрген жоқ, көшедегі бүкіл адамдар жиналып, соңынан еріп... Бір-екі жерде «босат!» – деп айқай-шу болды... Жиылғандарға мылтық атып, әскерді сапқа зорға әкелдік... Өзін көп адам біледі екен...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет