Шұғаның белгісі


Айбала. Шоқ, шоқ, сол керек еді оларға! Жақып



бет7/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
    Бұл бет үшін навигация:
  • Жақып
Айбала. Шоқ, шоқ, сол керек еді оларға!


Жақып (отырып). Өлген отыз жігітіміздің ішінде орны толмайтын біреуі бар екен.


Үйдегілер шошып. О кім?


Жақып. Кембай батыр!..


Шоқмұрын. Ә, жауыз Есенгелді! Кембайдың түбіне ақыр жеткен екен...


Айбала. Өлсе, тендігін алып жығылды ғой, арманы жоқ шығар...


Жақып. Бізге бел боп тұрған Кембайдың жігіттері еді. Қандай қиынға жұмсасақ та, беттері бір қайтқан емес. Кембайдың өліміне олар күйзелер. Иықтарын түсірмеу үшін Кембайды көрнекті ғып көмейік. Шоңмұрын, осы жұмысты сен өз қолыңнан атқар... (Сүйретіліп бір қазақ кіреді.)


Қазақ (ентігіп). Алдияр төре! Қалаға жақын отырған кедей ек. Он бес шамалы солдат барып, жалғыз-жалғыз аттарымызды әкетіп отыр. Тандайға татып отырған жалғыз сиырларымызды әкетіп отыр... Ақтың солдаттары. Сіздерден бір марқабат болмаса... Кімнен сұраймыз?


Жақып (шіміркеніп). Құдайдан сұрайсың, білдің бе, құдайдан!.. Құдайдың тап өзінен!.. (Кейіп.) Жұрт большевикпен алысып босана алмай жатса, бұларға мал керек...


Қазақ. Шырағым, енді кеп мал емес, жалғыз ат пен жалғыз сиырдан айрылған сон, біз не болмақпыз? Біз сияқты нашарларға болысып, тым болмаса сиырларымызды қайтарып берсеңіз...


Жақып (шатынап). Отағасы, шығыңыз енді! Мал-мұлды сөз қылатын бұл уақыт емес. Бір сиырды қайырып алғанмен сендер де малға жарымайсыңдар, одан да солдат тойсын...


Қазақ. Шырағым-ай...


Жақып (есіктегі солдатқа). Шығар ана кісіні! Енді кісі кіргізбе! (Солдат бұл кісіні итермелеп шығарады. Далада шу, дауыс Антонов Мәмбетті алып кіреді. Мәмбеттің қолы артына таңылған. Бет-аузы қан.)


Антонов (ентелеп). Дегендей шықты, господин полковник! Мен былжыраған Төреғазы да, Телғозы да, керек болса (Айбалаға қарап.) Сергеев та емеспін!.. Бардым да казармаға керосинді құйдырып, екі жерден от жібертіп ем, боқмұрындарым жарты сағатқа шыдамай шыға келді... «Келе той, ақымақтарым! Арқаларыңды бит қышытса, қышуын қандырайын»,–деп, құшағымды жайып қарсы алдым... Қа-қа-қа!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет