Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?


Бүгінгі əдебиетте жазу арқылы ойлану басым



бет7/8
Дата16.02.2022
өлшемі27,67 Kb.
#25660
1   2   3   4   5   6   7   8
Бүгінгі əдебиетте жазу арқылы ойлану басым. Морфологиялық синтаксистің билігі күшті болған жазба тілде қазір логикалық синтаксис басым, сөйлем құрауда ассоциацияның билі гі бар, тура мағынадан гөрі астыртын мағынадағы сөздерді көп қолданатын психологиялық синтаксис күшейіп келеді. Автор индивидуалды кодификация жасайды, оның кодын əр оқушы өзінше ашады, өзінше түсінеді. Сондықтан қазіргі ақын-жазушылар шығармаларының тілі XVІІІ ғ. ақын-жазушыларының тіліне ұқсамайды, сондай-ақ өткен ғасыр оқырмандарына да түсініксіз болар еді.

Жазба тілдегі мұндай процеске ақпарат тарату жағынан поштаға қарағанда 700 есе жылдам (300 есе арзан) гипермедиа – интернет жүйесінің жылдамдығы да əсер етпей отырған жоқ. Өйткені бүгінде интернет тілі əдеби, ауызекі, жазба тілге конкурент болып келеді.

Ғалымдар ХХ ғ. аяғы стильаралық айырмашылықтардың азаюымен, əдеби тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің көбеюімен ерекшеленеді дейді. Бұның бəрі іштен шыққан ойдың ішкі тілдік сүзекіден өтпей, яғни астыңғы құрылымның үстіңгі құрылымға көшірілмей (немесе керісінше), жазба мəтінге айналуынан шығады. Бұдан бүгінгі жазба тілареалдарын да жазудың екі түрлі бағытта қолданыс тауып отырғанын байқаймыз: 1) жазба тілді өз нормасы мен жүйесінде жұмсау (ғылыми стиль, ресми іс қағаздар стилі, көркем əдебиет, публицистикалық стиль), 2) жазба тілмен ауызша тіл аражігін жымдастыра жұмсау, шегін айырмау, жазбаауызекі тіл жасау (интернет тілі, қолхат, кейбір көркем əдебиеттер), яғни жазба тілде ауызекі тіл элементтерін жиі қолдану.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе бүгінгі күн адамдарының санасында жазу-ойлау қатынасы жəне ойлау-жазу қатынасы бар деген ойға келеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет