Вестник кгпи №1, 2017



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата01.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#24656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017 

   

ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017 

ISSN 2310-3353                                                                                                                                          ISSN 2310-3353

 

 



92 

А. Бекбосынова сентенция-теңеулер автор дүниетанымын, парасат-пайымын көрсете-

тінін атайды. «Кез келген суреткер өз ойы мен көзқарасын оқырманға әсерлі әрі бейнелі етіп 

жеткізу үшін тілдің экспрессивті құралдарын мейлінше уәжді қолдануға тырысады. Көркем 

шығармадағы теңеулер адамның сезіміне ерекше әсер етіп, түрлі стильдік қызметте қолданы-

луымен құнды болып келеді. С. Мәуленов қолданған теңеулер ұлттың таным-түсінігін білді-

румен бірге терең мазмұнды, ой-тұжырымды болып келген. Мысалы: 

Айтылған сөз қисынсыз, 

Қаңғыбастай үй-күйсіз. 

Қисынды сөз іздейміз 

Күндіз-түні ұйқысыз.   

Ақын қолданған теңеулік құрылымдағы мұндай құбылыс белгілі бір оқиғаның түйіні 

мен қорытындысы болып келген. Теңеулік  құрылымдағы оқиға түйіні:  сөз қадірін білу, сөз 

қадірін кетірмеу» (А.Х. Бекбосынова, 2010, 10 б.). 

Көптеген ғалымдар теңеулерді әр түрлі классификациялаған. Егер де теңеуді мағына-

лық жағына қарай топтайтын болсақ, табиғат атауларына байланысты теңеулерді бөлек топ 

ретінде шығаруға болар еді. Себебі, табиғат – бізді қоршаған орта, жануарлар әлемі, өсімдік-

тер әлемі, Жер-ана, су, таулар, жұлдыздар және т.б. Табиғат пен адам егіз ұғым болғандық-

тан, адамзат ерте заманнан-ақ табиғаттың құдіретіне, күшіне сеніп, оған табынған. Ал жазу-

шылар  мен  ақындар  табиғаттың  ажырамас  бөлшектері  екенін  біле  және  екеуінің  үндестігін 

ұғына  отырып,  өз  шығармаларында  табиғат  пен  адамды  байланыстырып,  бір-біріне  балап, 

кей-кездерде адамның қасиеттерін сол табиғат қасиеттеріне теңеп суреттейді.  

Табиғат  атауларына  байланысты  теңеулердің  білдіретін  мағыналары  мен шығармада 

қолданылу тәсілдері әртүрлі болады: 

1. Бір нәрсенің түр-түсі мен пішінін айқындау мақсатында табиғат атауына балау негі-

зінде туындаған теңеулер айдай сұлу, арғымақ аттай сыдиған, қайыңдай сымбатты, қой-





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет