ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1, 2017
ВЕСТНИК КГПИ №1, 2017
ISSN 2310-3353 ISSN 2310-3353
90
УДК 811.512.122
Бекбосынова, А.,
филология ғылымдарының кандидаты,
қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті
Міркемел, А.,
4 курс студенті,
ҚМПИ, Қостанай, Қазақстан
І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛМАС ҚЫЛЫШ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ
АТАУЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Түйіні
Табиғат атауларына байланысты теңеулер – тіл біліміндегі жаңа
құбылыс. Ғылыми мақалада табиғат атауларына байланысты теңеулердің
ерекшелігі мен шығармадағы қолданысы қарастырылды. Қаламгер І. Есен-
берлиннің «Алмас қылыш» романындағы табиғат атауларына байланысты
теңеулердің мағынасы, стильдік қызметі анықталды.