Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Лексикалық мағынаның құрылысы



бет2/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Лексикалық мағынаның құрылысы

Лексикалық мағына — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны.
Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты.[1]
Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Қамшы өнер туындысы, сый-­сыяпаттың төресі,ер жігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі,  тіпті, кейде батырдың қаруы да болған.
Емтихан билеті № 2

  1. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салалармен байланысы

Сөзжасам тілдің басқа ешбір саласы атқара алмайтын қызметті – туынды сөз, жаңа сөз (атау – номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерешеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөз-жасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, олардың қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар оны тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Солай бола тұрса да, сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысын жоққа шығаруға болмайды.
Сөзжасамның синтаксиспен байланысы да тілде белгілі орын алады. Сөзжасамның синтаксистік тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі де өздерінің шығуы тегі жағынан сөз тіркесіне барып тірелетіні – ғылымда дәлелденген қағида. Сөзжасам синтаксиспен осы жағынан байланысады. Күрделі сөздер мен сөз тіркесінің арасында ұқсастықтар да, өзіндік айырмашылықтары да бар. Ұқсастық – олардың кемінде екі сөзден тұруы мен грамматикалық байланыстарында болса, айырмашылық – мағыналары мен қызметтерінде және жазылуында.
Сөзжасам лексикологиямен де байланысты. Сөзжасам тілдің сөздік құрамының толығуындағы жаңа сөздердің жасалымын тексереді. Лексикология да , жалпы алғанда, сөзді, тілдің сөздік құрамын зерттейтіні белгілі. Бірақ сөзжасам сөздік құрамның бір бөлшегі ғана болатын жаңа сөздердің жасалуын зерттесе, лексикология тілдегі бүкіл сөздік құрамның түбірдің барлық түрімен (оның ішіне кірме сөздер де енеді) толығуын зерттейді. Нақтырақ айтқанда, сөзжасамның нәтижесінде жасалған сөздер тілдің сөздік құрамына барып қосылып жатады. Осыдан келіп сөзжасамның лексикологиямен байланысы шығады.
Сөзжасам да, лексикология да сөздің мағынасын зерттейді. Сөзжасам туынды сөздің мағынасының қалай, қандай жолдармен жасалғанын зерттесе, лексикология осы жаңадан жасалған сөздің лексикалық бірлік ретінде әр түрлі мағыналық топтарға енуін, олардың қолданыс үстіндегі мағыналық ерекшеліктерін зерттейді. Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз де, негіз сөз арқылы жасалған туынды сөз де лексикология үшін жалпы сөз ретінде оның зерттеу нысанасы болып табылады, олардың тұлғасындағы айырмашылықтың лексикология үшін маңызы жоқ.
Сөзжасам тілдің морфонология саласымен де байланысты болады. Сөзжасамның ең кіші бөлшегі - морфема, анығырақ айтсақ, жұрнақ. Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдеріндегідей, жұрнақтарға тән негізгі заңдылық – олардың көпвариантты болуы. Тілімізде жеке дара қолданылатын бірлі-жарым ғана жұрнақтар бар (-хана, -паз, -қой, -кер), олардың жеке қолданылуының өзіндік сыры бар. Тілдегі жұрнақтардың дыбыстық варианттары морфонология заңдылығы бойынша қалыптасады. Түркі тілдерінде бұл ерекшелік тілдердің өзіндік даму заңдылықтарына қарай түрліше қалыптасқан. Мысалы, -лар, -лер көптік жалғауының қазақ тілінде жуанды жіңішкелі 6 варианты болса, қырғыз тілінде – 12. Бұған, екінші жағынан, фонетиканың үндестік заңының да әсері болады. Сондықтан, сөзжасам осы жағынан фонетика саласымен де байланысып жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет