Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Сөз және ұғым, олардың мағынамен байланысы



бет41/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Сөз және ұғым, олардың мағынамен байланысы

Сөз — ұғымның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Заттар мен құбылыстардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ.
Сондықтан сөз болған жерде ұғым бар.
Ұғым тек жалпылықты ғана бөліп алып қарамайды, сонымен бірге, заттарды, олардық қасиеттері мен қатынастарын өзгешеліктеріне қарай қарастырады. Мысалы, «адам» деген ұғым жалпылық мәнге ие. Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар, кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді. Демек, ұғым деп кез келген сөз табында баяндалған (есімдік, шылау, одағайдан басқаларының) ой жүйесін айтатын болсақ: сөз мағынасы деп ойың білдіретін түсінігін, сөздің өзі атау болған затқа қатынасын, сөз арқылы аталатын заттың, құбылыстың бейнесін, сәулесін айтамыз.

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар. 80-ші жылдардың соңында ғалымдар Алматы облысындағы Майтөбе шоқысында тастардан тапқан суреттерде би билеп жүрген адамдар мен домбыраға қатты ұқсайтын музыкалық аспап бейнеленген.


Емтихан билеті № 25

  1. Сөзжасамның морфологиядан басты айырмашылығы

Тіл білімі салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ белгілі болған. Сондықтан да сөзжасам көптеген тілдерде морфологияның құрамында қаралып келді. Себебі, бұл екеуінің де зерттеу нысаны – сөздің ең кішкене бөлшегі – морфема. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші тұлғаларды зерттейді. Ал бұл екі тілдік көрсеткіштердің ұқсастық жақтары да, дүдәмал жақтары да мол. (Мысалы, еркелету, кішірейту т.б. мәнді жұрнақтар, шырай жұрнақтарының кей түрі, етіс жұрнақтары, үстеу құрамындағы көнерген септік жалғаулары т.б.).
Сөзжасам да, морфология да сөз құрамын зерттейді. Екеуінде де сөздің құрамы негізгі және көмекші морфемадан тұрады. Айырмашылық көмекші морфеманың мағынасы мен қызметіне қатысты. Сөзжасамның нысанасына көмекші морфеманың яғни қосымшаның сөзжасамдық жұрнақ түрі жатады да, морфологияның зерттеу нысанына қосымшаның жалғаулар түрі мен жұрнақтардың грамматикалық категория көрсеткіштері болатын түрлері (сөз түрлендіруші) жатады.
Сөзжасам сөзжасамдық жұрнақтардың сөзге тіркесу қабілеті, туынды сөздегі мағынасы, қызметі, қай сөз табына жататын сөз жасайтыны тәрізді мәселелерді зерттейді.
Морфология сөйлемдегі сөздерді байланыстырушы қызметін атқаратын жалғаулардың сөз таптарына қатысын, сол сөз таптары категориясының көрсеткіші болу қызметін, олардың сөзге қосатын грамматикалық мағыналарын зерттейді.
Сөзжасамда да, морфологияда да сөздердің түрлену тарамы (парадигма) бар. Сөзжасамның тарамы бір сөзден жасалған бірнеше сөздің бір-бірімен қатысын білдірсе, морфология тарамы бір сөздің түрлі тұлғасының арақатынасын білдіреді.
Солай бола тұрса да, сөзжасам мен морфологияда көмекші морфеманың сөзге жалғану, қосылу заңдылығы бірдей – олар фонетика, морфонология заңдылығы бойынша қосылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет