Емтихан билеті №1


КеАҚ «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»



бет17/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

КеАҚ «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»


Философия кафедрасы

Саясаттану және әлеуметтану пәні


ЕМТИХАН БИЛЕТІ
10



  1. Саясат түсінігі. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.

Саясат - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді.

  1. өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

  2. мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

  3. адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

  4. әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

  5. мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

Саяси жүйенің қоғамда атқаратын қызметтерін әртүрлі жіктеуге болады. Соның бірі – ішкі (қоғамның экономикалық және әлеуметтік жүйесін, шаруашылық кешенін басқару, саяси-әлеуметтік қатынастарды реттеу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік іс-әрекет және т.б.) және сыртқы (елдің егемендігін қорғау, басқа елдермен екі жаққа тиімді қарым-қатынасты дамыту және т.б.) болып бөлінеді.

Саяси жүйе бір-бірімен тығыз байланыстағы өз жүйшелерінен, яғни элементтерінен құралады. Атқаратын қызметтеріне орай оның құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: институционалдық, нормативтік, функционалдық, мәдени және коомуникативтік жүйешелер.


Институционалдық жүйшеге мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және олардың қатынастары кіреді. Бұлардың бәрі жинақтала келе қоғамның саяси ұйымын құрайды. Бұл жүйешеде орталық орынға мемлекет орналасады. Сонымен бірге мемлекеттік билікке саяси партиялар мен мүдделі топтардың тигізетін әсері айтарлықтай. Діни мекемелер (мешіт, шіркеу, және т.б.) мен бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір туғызуға, сол арқылы үкіметке, саяси жетекшілерге қысым жасап, ықпал етуге мүмкіндігі бар.
Нормативтік жүйеше құықтық, саяси, этикалық-моральдық нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрдерді қамтиды. Бұладың көмегімен саяси институттардың қызметіне, азаматтардың мінез-құлқына реттеуші ықпалын тигізеді.
Коммуникативтік жүйеше саяси жүйенің өз ішіндегі (мысалы, мемлекеттің институттары мен саяси партиялар арасындағы) және де басқа мемлекеттердің саяси жүйелері мен саяси өзара әрекеттесудің (яғни, билікке қатынасты, саясатты қалыптастыру мен жүргізуге байланысты) барлық формаларын қамтиды. Мәдени жүйеше қоғамда қалыптасқан саяси түсініктердің, құнды бағдарлардың, саяси мінез-құлықтың, ділдің, діни көзқарастардың, наным-сенімдердің жиынтығын қамтиды. Функционалдық жүйеше өзіне саяси іс-әрекеттің әдістерін, билікті жүргізудің тәсілдерін енгізіп, қоғамда билік жүргізу тетіктерінің орнықты қызмет жасап тұруын қамтамасыз ететін саяси режимнің негізін құрайды.

  1. Қазақстандағы сайлау жүйесі.

Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.



  1. Отбасы және қазіргі заман.

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет