Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»


Голарктикалық патшалыққа жалпы сипаттама



бет55/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   172
Голарктикалық патшалыққа жалпы сипаттама.

Құрлықтың флоралық жіктелуіндегі Голарктикалық патшалық ең ірісі және барлық құрлықтың жартысынан астамын алып жатқан патшалық. Патшалық аумағының ауқымдылығына қарамастан, патшалықтың жекелеген облыстарының флорасы бір-бірімен тығыз байланысты және шығу тегі бір.

Голарктикалық флораның құрамы шамамен 40 эндемикалық тұқымдастан тұрады, артықшылығы аз, кейде 1 тұқымдас қосылады (мысалы, шейхиери тұқымдасы). Голарктикалық аумақта магнолиялы, лавр, сарғалдақ, шамшат, қайың, жаңғақ, қалампыр, қарақұмық, шай, тал, шаршы гүлді өсімдіктер, раушан гүлді өсімдіктер, бұршақ, шатыргүл, қоңыраубас, саргүл, қияқ, дәнді өсімдіктер және басқа да тұқымдастар кеңінен таралған. Қылқанжапырақтылардан қарағай және кипарис көбірек кездеседі. Папоротниктерден ең бастысы 2 тұқымдас таралған.

Ауқымды аумағында жүз мың және миллиондаған жылдар аралығында солтүстік тропиктан тыс флораның дамуы, алуан түрлі орталықтардың түзілуі, миграцияның күрделі процестері және түрлі таксондардың құрып, жойылуы жүрген. Голарктика флорасының қалыптасуы төрттік мұз басу, тау түзілу процесі және климат құрғақшылығының артуы ықпалымен жүріп жатты. Голарктикалық патшалық үш патшалықшаға бөлінеді: Бореальды, Ежелгі Жерорта теңіздік және Мадреандық. Осы үш патшалықшадан бөлінетін 9 облыстан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет