Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі


Судың топырақтан сіңірілуі. Тамыр қысымы – судың төменгі жылжытқыш күші



бет10/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
60. Судың топырақтан сіңірілуі. Тамыр қысымы – судың төменгі жылжытқыш күші.

Өсімдік өз тіршілігенде суды өте көп мөлшерде пайдаланатындықтан,

оның үздіксіз енуін де қажет етеді. Өсімдіктің бұл қажетін қамтамасыз ететін

негізгі мүшесі тамыр жүйесі болып есептеледі.

Өсімдіктердің суды пайдалануы сыртқы орта жағдайларына бай-

ланысты өзгергіш келеді, көлеңкеге төзімді өсімдіктердің тамыр жүйесі,

жарық сүйгіш өсімдіктерге қарағанда нашарлау дамиды.

Ағаш тектес өсмідіктердің бірнеше ондаған метр биіктіктегі бөрікбасы

бөліктерін (бұтақ, жапырақ) сумен қамтамасыз етуі біраз қиындықпен жүзеге

асады. Жалпы ағаш тектес өсімдіктердің ылғалы молдау, булану процесі

нашарлау болатын аймақтарда көбірек таралуының себебі осыған байланысты

болуы керек.

Төмен сатыдағы өсімдіктер суды бүкіл денесімен сіңіреді. Мысалы,

жасыл мүктерге жататын сәндік шөп құрғақ топырақта тек ауадағы ылғалды

пайдаланып өсе алады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыр жүйесінің жалпы көлемі жер

үсті мүшелеріне қарағанда ондаған есе артық болады екен.

Олардың суды сіңіретін ерекше мүшелері

тамырдың өте жіңішке ұштары болады. Олардың қабықтары өте жұқа және

түкшелері көп. Сондықтан, өсімдікті бір жағынан суды көп мөлшерде

буландыратын, екінші жағынан оны тамыр күйесінің көмегімен қарқынды

сіңіретін, өзі-өзінен реттелетін күрлепі механизм деп қарауға болады.

Топырақтағы судың тамырға ену жолдарын, тасымалдануын, олардың

механизмдерін түсіну үшін ең алдымен тамырдың құрылысымен танысқан

жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет