Энергия активті екіұштықты және пассивті екіұштыққа беру


Энергияны активтік екіұштықтан жүктемеге беру



бет2/2
Дата18.12.2023
өлшемі64,48 Kb.
#140647
1   2
Энергияны активтік екіұштықтан жүктемеге беру.

Активті екіұштыққа қосылған жүктемеде Rж бөлінетін қуат P = IR = Uаббж Rж /( Rж+ Ri). Қабылдағышқа максимал қуат беру шартын анықтау үшін P-ның Rж бойынша бірінші ретті туындысын тауып,оны нөлге теңейміз. Осыдан Rж = Ri. Демек осы теңдік орындалған жағдайда жүктемеде максимал қуат бөлінеді: Pmax= U2аббж /4Rі. Балама генераторда бөлінетін толық қуат Pтол =Uаббж I =U2аббж /( Rж+ Ri). Пайдалы әсер коэффициенті ( п.ә.к.): η= P/ Pтол = Rж /( Rж+ Ri). Егер Rж = Ri болса, онда η=0,5.
Активті екіұштықтың кірістік кедергісіне Ri тең жұктеме кедергіні Rж келістіру немесе үйлестіру жүктемесі деп атайды.
(1-сурет)

2.Екіұшты тізбекті қосу
Электр тізбегінің элементтері активті және пассивті болады. Егер элемент жұмысын - кедергі, - индуктивтілік, - сыйымдылық және - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент – пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( - тоқ күші, - кернеу, - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент – активті.
Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.
Қоректендіру көзі тізбектің ішкі бөлігін, ал қабылдағыштар сыртқы бөлігін құрайды. Бұл бөліктер ұштарындағы полюстерімен айырмашылықта болады. Екі полюспен бөлінген тізбек екіұшты деп аталады. Егер екіұшты тізбекте бір активті элемент болса, онда ол активті екіұшты тізбек деп аталады. Пассивті екіұшты тізбек тек пассивті элементтерден тұрады.
Кез келген күрделі электр тізбегін активті екіұшты тізбекті пассивті екіұшты тізбекке қосқан сияқты көрсетуге болады.
(2.1-сурет)
Пассивті екіұшты тізбекке қосылған активті екіұшты тізбектің жұмысы нақтылы (номинальды), жұмыстық емес (салт жүру тәртібі), қысқаша тұйықталу, келісілген жұмыс тәртібімен сипатталады.
(2.1.1-сурет)
Жұмыс тәртібі жүктеме кедергісі мен қоректендіру көзінің ішкі кедергісі арасындағы қатынаспен анықталады (суретте тоқ көзі мен кедергіден тұратын тізбек, яғни активті екіұшты тізбек көрсетілген).
Нақтылы жұмыс тәртібі қоректендіру көзінің оптимальды параметрлеріне, жеткілікті үлкен ПӘК-іне, сенімділігіне және ұзақ мерзімді жұмысына кепілдік береді.
Жұмыстық емес жұмыс тәртібі – пассивті екіұшты тізбектен активті екіұшты тізбекті ажыратқан кездегі жұмыс тәртібі. Тоқ көзінің клеммаларындағы кернеу ең үлкен және ЭҚК-ке тең және тізбекте тоқ жоқ. Бұл жұмыс тәртібі салт жүріс деп аталады.
Қысқаша тұйықталу жұмыс тәртібі жүктеменің кедергісі нөлге тең болғанда жүзеге асады. Энергияның қабылдағышындағы кернеу жоқ, қысқаша тұйықталу тоғы өте үлкен.
Келісілген жұмыс тәртібі жүктемеге өте үлкен қуат берілетін жұмыс тәртібі. Сондай-ақ мұнда ПӘК де нақтылы жұмыс тәртібіндегі ПӘК-нен төмен. 
Көбіне активті элементтер (электр қозғалтқыштары, транзисторлар, зарядтау кезіндегі аккумуляторлар) электр энергиясының қабылдағышы болып табылады. Мұндағы орын басу схемалары пассивті элементтер мен қатар ЭҚК нем(есе тоқ көзінен тұрады. Бұл жағдайда электр тізбегін бір-бірімен қосылған екі активті екіұшты тізбек түрінде көрсетуге болады.

(2.1.2-сурет)
Тоқ көзінің ЭҚК-і бірдей бағытталған екі элементті активті екіұшты тізбектің орын басу схемасын мына түрде сызуға болады.
Қабылдағыштарды араластырып қосу
Көбіне электр тізбегі араластырылып қосылған қабылдағыштардан (яғни резисторлардың тізбектей және параллель қосылуы) тұрады.
Егер тізбектің тек тізбектей қосылған кедергілері бар болса, онда эквивалентті кедергі мынаған тең:
.(2.1.1)
Электрлік шамалар мына қатынастар бойынша анықталады:
(2.2.3-сурет)
тізбектегі тоқ,(2.2.2)
элементтегі кернеу.(2.2.3)
Элементтен бөлінетін қуат
.(2.2.4)
Қабылдағыштар параллель қосылған кезде
,(2.2.5)
(2.2.5-сурет)немесе ,(2.2.6)
немесе (2.2.7)
Егер тізбекте тек үш қабылдағыш болса,
.(2.2.8)
Егер тізбекте тек екі қабылдағыш болса,
, , .(2.2.9)

Пайдаланылған әдебиеттер
3.1.1 Электротехника. Мұхити И.М.-Алматы, Эверо, 2005.-520 б.
3.1.2Инженерлік-технологиялық мамандықтарына арналған электротехника курсы. Какимов М.М., Қасенов Ә.Л.,Орынбеков Д.Р. и др. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 2012.-341б.
3.1.3 Кешуев С.А., Мухитов И.М. Электротехника.- Алматы, 1991;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет