Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Факультет: Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
Кафедра: автоматика және есептеу техникасы
Пән: Электротехника, электроника және автоматика негіздері
СӨЖ №3
Тақырыбы: Энергия активті екіұштықты және пассивті екіұштыққа беру
Орындаған:
Тексерген:
Күні:
Семей – 2016 ж.
Мазмұны:
Кіріспе
1. Энергияны активтік екіұштықтан жүктемеге беру
2.Екіұшты тізбекті қосу
2.1 Активтік екіұшты тізбек
2.2 Пассивт і екіұшты тізбек
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Активті екіұштық дегеніміз екі ғана жалғану ұшы бар, ал ішінде э.қ.к. мен резисторлар бар тізбекті айтамыз.
Егер екіұштықтың ішінде энергия көзі (қоректендіргіш) болмаса, онда оны пассивты екіұштық дейді және оны электр энергиясын қабылдаушы деп санайды. Балама сұлбада пассивты екіұштықты бір кедергімен бейнелейді. Ол кедергіні екіұштықтың ішкі немесе кірістік кедергісі деп атайды.
Тізбектің бөлектенген тармағына байланысты активті екіұштықтықты балама генератормен айырбастауға болады. Бұл генератордың э.қ.к.-і Eб бөлектенген тармақты тізбектен ажыратып анықтайтын қысқыштардың кернеуіне Uбж , ал ішкі кедергісі Rб екіұштықтықтың анықталатын кірістік кедергісі Ri тең.
Қарастырылатын тармақтағы токты табуды мынадай ретпен жүргізген жөн:
а)Eб-ні табу үшін тогы анықталуға тиісті тармақты а және б нүктелерінде ажыратамыз. Одан кейін а және б нүктелерінің арасындағы кернеуді Uаб белгілі тәсілдердің біреуін таңдап пайдалану арқылы табамыз.
ә)Генератордың ішкі кедергісін Rб табу үшін а және б нүктелеріне байланысты екіұштықтың кедергісін анықтаймыз. Ол үшін екіұштықтың сұлбасындағы э.қ.к. көздерін қысқа тұйықтаймыз, ал ток көздерін ажыратамыз. Сұлбада тек кедергілерді қалдырамыз.
б)Қарастырылып отырған тармақтағы токты мына формула бойынша табамыз:
I= Uаб /( Rж+ Ri) .