«Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға квест ойын технологиясын енгізу»


Ерекше білім беруді іске асыру жағдайындағы қосымша білім беру



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата10.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#136168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ерекше білім беруді іске асыру жағдайындағы қосымша білім беру 
педагогының құзыреттілігіне қойылатын талаптардың ерекшеліктері: 
-
Кәсіби құзыреттілік бағалау рефлексиясына жаңа көзқарас; 
-
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытудың негізгі 
әдістерін білу; 
-
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуда жаңа 
ақпаратты үнемі іздестіру. 
 
 
 


 
 
Арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламаларының мазмұны келесі 
қағидаларға негізделеді: 
-
Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және 
оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның 
ұстанымын айқындайды. 
-
Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін 
қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму 
ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, 
сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-
ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі 
мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық 
қатысушыларының қатынасуы. 
-
Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) 
проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін 
айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді. 
-
Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі 
кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік 
жағдайлардың жасалуын ұйғарады. 
-
Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері 
бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда
балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-
аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды 
арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен 
бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті 
келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды 
өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет