Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет12/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Негізгі әдебиеттер:

  1. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  2. Малтусынов С.Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.

  3. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.

  4. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер

  1. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992.

  2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. –Алматы, 1994.

Тақырып 11 Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1939-1945 ж.ж.).
1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
2. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру халықтың тылдағы
ерлігі.
3. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы.
1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауды қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Берлин операциясына қатысқан Кеңес жауынгерлерімен бірге қазақстандықтар да ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.
Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Жеңіс қымбатқа түсті, оған жету жолында сол кезде Кеңес Одағын құрған көп ұлтты халықтың 27 миллион ұл қыздары құрбан болды.
Соғыс кезінде Ш. Берсиевтің, Ы.Жақаевтың, Ким Ман Самның, А. Дацкованың, Б. Сомжүрекованың, С.Оңғарбаеваның еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады.
3. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның мәдениеті мен ғылымы. Соғыс басталған соң “КСРО Ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы” құрылды. Құрамында В.Л. Комаров, А.А. Байков, И.П. Бардин, А.А. Скочинский, В.К. Обручев, Л.Д. Шевяков, В.Н. Образцов сияқты кеңестің ірі ғалымдары енген Комиссияның ғылыми ұсыныстары Қазақстанның әскери экономикасын дамытуды негізге алды. Соғыс жылдарында республикада ірі ғылыми күштер шоғырланды. Бурабайда академиктер В.М. Алексеев, А.Н. Бах, Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, В.Н.Вернадский, Н.Ф. Гамалей, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам, А.С.Орлов және басқалар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Республика астанасында 20-дан астам ғылыми-зерттеу институты, соның ішінде КСРО Ғылым академиясының философия, география, физиология институттары, УКСР Ғылым академиясының физика-механика институты, КСРО Сәулет академиясы орналасты. Көшіріліп әкелінген жоғары оқу орындарында ғалымдардың үлкен тобы еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет