Ерте замандағы Қазақстан 1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан тас және қола дәуірінде.Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен бірлестіктер
Дәріс жоспары: Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
Қазақстан тас қола дәуірінде
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар сақ, ғұн ,үйсін тайпаларының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы
1. “Қазақстан тарихы” оқу пәнінің негізгі мақсаты Жоғары оқу орнының студенттеріне алғашқы адамзат баласының даму эволюциясынан бастап бүгінге дейінгі еліміздің басынан өткерген түрлі тарихи оқиғаларын оқыту, соның барысында Отан сүйгіштікке баулу, мемлекеттің рухани, материалдық ескерткіштеріне құрметпен қарап, саяси-мемлекеттік маңызды тарихынан толық хабардар болуын қамту болып табылады
“Қазақстан тарихы” пәні осындай аталған мақсаттарды алға тарта отырып бірнеше міндет қояды:
- Студенттердің Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі кезең тарихын, жүйелі түрде оқыту.
- Түрлі салада маманданып жатқан студенттерді Отан тарихына құрметпен қарауға баулып, ұлттық дәстүр мен ұлттық руханиятты құрметтеуге үйрету.
- Мемлекеттік идеологиямен ұштасып жатқан саяси- экономикалық, мәдени шараларға атсалысуға үйрету.
Студенттерді жалпы адамзаттық мәдениет және адамгершілік құндылықтарға баулу.
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Тас ғасыры өз ретінде көне тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.
Қазақстан аумағындағы ерте дәуір: қола (б.з.б. ХVІІІ - ІХ ғғ.) және темір (б.з.б. VІІІ - б.з. V ғғ.). Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады
Сақтар. Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі., бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
Солтүстік шығыста – аримаспы, Орта Қазақстан – исседондар, Батыста савроматтар,
Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.
Хунну және ғұндар мемлекеті. Хунну мемлекетінің құрылуы. Б.з.д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады.
Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
Үйсіндердің мемлекеті. Б.з.д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнби» титулы бар билеушісі тұрды.
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды.
Кангюй мемлекеті. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.