«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған



бет11/12
Дата06.01.2022
өлшемі119 Kb.
#15987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
-этномәден 7-сынып Оразбекова Алина

Қорытынды

Қорыта келе, Абай Құнанбайұлының өлеңдері – мазмұны жағынан да, көркемдігі жағынан да, философиялық көзқарасы жағынан да қазақ поэзия жанрын әлемдік деңгейге көтерген шығармалар. Оның ішінде ақынның білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері ұлтымыздың рухани байлығы болып табылатынына көзім жетті. Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдерімен толық танысып, мазмұнын саралап шығу арқылы адамның жан дүниесін дамытатын және басқа да ғылыми деректерді негізге ала отырып, зерттеу мақсатына қол жеткіздім. Бұл жұмыс бүгінгі ұрпақты рухани құндылықтарды бағалауға, ақын өлеңдерін жадында ұстауға септігі тигізетінін дәлелдедім. Зерттеу барысында бұл өлеңдер бүгінгі ұрпақты Отансүйгіштікке баулитыны анықталып, келешек атынан ақын мерейтойына қосқан үлесім деп таныдым. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын негізге ала отырып, Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды көздедім. Осы ұстанымым зерттеу жұмысымның негізгі құндылықтарының бірі болды. Себебі уақыт көрсеткендей, ақын заманында өзекті болған оқу-білім тақырыбы бүгінгі күнде де өзектілігін жойған жоқ. Жаһандану заманында әлемді тек білімділер басқаратынына көзіміз жетіп отыр. Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолын көрсететін бойтұмар деп танылып, зерттеу жұмысымның материалдары әр қазақстандықтың адами құндылықтарға бет бұрар қойын кітапшасы бола алатыны айқындалды.

Абай аңсаған «толық адам» тұжырымдамасының негізі осы білім-ғылымды игеру арқылы ғана жүзеге асырылады. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөздері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет