Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды


Қорытыынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?



бет43/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Қорытыынды диагноз қою үшін зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?

Микробиологиялық диагноз қою: Ауру сатыларына байланысты бактериоскопиялық, серологиялық әдістерді және ПТР пайдаланылады. Зерттеуге алынатын материалдар: тері биоптаты, синовиалды сұйықтық, ликвор, кан сарысуы. Аурудың I сатысынан бастап (3-6 апта)  серологиялық зерттеу жүргізеді, ИФТ немесе жанама ИФР көмегімен IgM немесе IgG титрының жоғарылауын анықтайды.Куәландыратын тест ретінде иммуноблоттингті пайдаланады.ПТР (ПЦР) тері биоптатындағы, буын сұйықтығындағы, қандағы,ликвордағы ДНҚ боррелийді анықтайды. Әдістің жоғары сезімталдығы кене шаққаннан кейін қоздырғышты 7-тәулікте табуға мүмкіншілік береді

Қосымша:Табиғатта қоздырғыш-тардың резервуары - ұсақ сүтқоректілер, ең бастысы ормандық ақтабанды тышқандар. Ауру адамдарға Ixodes туыстастығының кенелері шаққанда беріледі. Осындай кенелер мекендейтін ареал Солтүстік Америка, Австралия, Еуропа және Азия аймақтарында тіркелген. Ресейде 50 эндемиялық ошақтар тіркелген. Адамнан адамға ауру берілмейді. Кене шаққаннан кейін қоздырғыш енген жерінде орналасады. Содан кейін лимфогенді және гематогенді диссеминациялану арқылы қанға түседі де, әрі қарай тіндерге

тарайды, жүрек, орталық жүйке жүйесі және буындардың зақымдануы нәтижесінде клиникалық көріністері байқалады. Ауру аутоиммунды және иммунды патологиялық процестер дамуымен қатар жүреді.Инкубациялық (жасырын) кезеңі — шаққан сәттен бастап 3—32 күнге созылады. Шаққан жерде палула пайда болады, ол аурудың басталуымен сәйкес келеді.

Клиникалық көрінісі үш сатыға бөлінеді:

•І-мигрирлеуші эритема, бұл кезде тұмау тәріздес симптомдар,лимфаденит және кене шаққан жерде сақина пішінді эритема пайда болады, оның мөлшері жылдам үлкейе бастайды;

•II-жүректе (миокардит) және орталық жүйке жүйесінде (асептикалық менингит, мононевриттер) қатерсіз закымданулар дамиды, олар аурудың 4-5-ші аптасында пайда болады және бір немесе бірнеше айға созылады.

•III-ауру басталғаннан кейін 6 және одан да көп аптадан соң ірі буындарда артриттер дамиды.

Ауру барысы қатерсіз, болжамы-қолайлы.Боррелиялардың жасушалық қабатының антигендеріне қарсы гуморалды түр спецификалық иммунитет пайда болады.Фторхинолиндермен немесе тетрациклиндік қатардағы антибиотиктермен этиотропты емдеу жүргізеді.Спецификалық профилактикасы жасалмаған.Бейспецификалық алдын алу шаралары қорғаныс киімдерін пайдалануға және кенелерді жоюға негізделген.
Есеп № 18.

Дәрігер науқастың қынабының шырышты қабығындағы тығыз шанкрды (жараны) анықтап, шанкрдан алынған материалды микроскопиялық зерттеуге тағайындады. Бактериолог материалды зерттеп, спирохеталарды анықтады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет