Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет46/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Қосымша: Мерез қатал антропонозды инфекцияға жатады тек қана адамдар ауырады.Қоздырғыш әдетте жыныстық қатынас арқылы, сирек жағдайда тұрмыстық-жанасу және трансплацентарлық жолдарымен жұғады.Мерез циклмен өтетін созылмалы жыныстық инфекция, инфекция дамуының барысында адамның барлық ағзалары және тіндері зақымдануы мүмкін.Организмге енген трепонемалар ену қақпасынан регионарлық лимфа түйіндеріне түседі, сол жерде көбейеді. Лимфа түйіндерінен қоздырғыш қанға түседі, қан тамырларының эндотелиалды жасушаларына жабысады да эндартериитті қоздырады, ол кейіннен тіндік некроз қоздыратын васкулиттер дамуына әкеледі.Мерезбен ауырып тұрғаннан кейін қорғаныш имму-

нитеті қалыптаспайды. Қоздырғыш антигеніне жауап ретінде организмде антиденелер пайда болады, олар инфекциялық процестің куәгері болып табылады және ЖСБТ дамиды. Гуморалдық иммундық жауап, қоздырғыштың липоидты антигеніне қарсы тарихи реагиндер

деп аталатын, бейспецификалық біріншілік антиденелер пайда болуымен сипатталады. Пенициллиндік қатардағы антибиотиктерді және висмут

құрамды препараттарды пайдаланады.Спецификалық профилактикасы жасалмаған. Бейспе-

цификалық алдын алу шаралары салауатты өмір сүруді насихаттауға, жастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Мерезге шалдыққан ауруларды уақытылы емдеудің тиімділігін анықтау мақсатында донорлардың, жүкті әйелдердің және стационарға қабылданатындардың бәрінің арасында және қауіпті топтағылардың

(жезөкшелер, гомосексуалистер, нашақорлар) арасында міндетті түрде серологиялық бақылау жүргізіледі.


Есеп № 19.

Науқас Р., 30 жаста. Диагноз: гайморит. Гаймориттік қабатынан іріңді сарысуызды- тұзды агарға (СТА) себілгеннен кейін, бір күн өткен соң колониялар айналасында бұлтты түзілісі бар алтын түсті колониялар өсті.


  1. Қандай микроорганизмді болжауға болады және СТА-де колониялар айналасында бұлтты түзіліс болуы нені көрсетеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет