Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет52/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Қосымша:Құрамында туыстастық полисахаридтік салалық антиген және түрлік капсулалык антиген бар. Антигендік қасиетке ие нәруыздық экзотоксин өндіреді. Капсулалық антигендер және экзотоксин плазмидаларымен кодталады, оларды жоғалту бактерияны авирулентті етеді. Капсулалық антигендер D-глутамин қышқылының молекулаларымен байланысқан полипептидтер. Капсулалық антигендері бойынша бір сероварын ажыратады. Капсулалық антигендерге қарсы антиденелердің протективті қасиеті жоқ. Соматикалық антиген жа-

суша қабатынын полисахаридтерінен тұрады, оған қарсы антиденелердің протективті кабілеттілігі жоқ. Күйдіргілік экзотоксиннің құрылымы күрделі және протективті антиген болып табылады.Экологиялық қуысы (ниша): ірі мүйізді мал, қойлар, ешкілер жыл-

Қылар, бұғылар, кодастар, түйелер және шошқалар. Күйдірігі ауруы барлық жерлерде, әсіресе, мал шаруашылығы дамыған аймақтарда таралған. Инфекция көзі – ауру малдар, көбінесе ірі мүйізді мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, қодастар, түйелер, шошкалар. Күйдіргі қоздырғышының ену қақпасы көбінесе тыныс алу жолдарының және асқазан-ішек арнасының шырышты қабаттары болып табылады. Ауру патогенезінің негізі — қоздырғышы токсиннің әсері, оның жекеленген фракциялары нәруыздарды коагуляциялайды, тіндердің ісінуін қоздырады, токсико-инфекциялық шок дамуына әкеледі.Қоздырғыштың теріге енген жерінде күйдіргілік көршикан (карбункул)дамиды. Ол тіндердің ісінуі және бүзылысқа ұшыраумен жалғасатын терасты шелмайы (клечатка) және дерма шекарасының терең қабаттарында геморрагиялық некроздың қабыну ошағы болып табылады. Ошақтың арасында ісінумен дамитын қара-қоңыр қабықша (anthrax — көмір) тері пайда болады, өліеттенеді (некроз). Қоздырғыш ену кақпасынанмакрофагтармен өңірлік лимфа түйіндеріне тарайды, сол жерлерде

тосқауылдық функциясы бұзылмастан қабыну дамиды, осыған орай процестің генерализациялануы басталмайды немесе қабыну процессі басталмағаннан кейін салыстырмалы түрде кешігіңкіреп көрініс береді.Күйдіргілік споралары бар шаң-тозаңды бөлшектермен дем алғанда тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарындағы қоздырғышты макрофагтар қоршап алып трахеобронхиалдық лимфа түйіндеріне жеткізеді, сол жерлерде ауқымды некрозға айналатын қабыну дамиды,ол инфекцияның гематогенді генерализациялануына әсер етеді.

Ауырып тұрғаннан кейін науқастың организмінде тұрақты қиылысулы жасушалық-гуморалдық иммунитет дамиды, дегенмен қайталап ауыру жағдайлары байқалады. Күйдіргі кезінде жасырын кезеңі — бірнеше сағаттан 12 күнге дейін, орташа – 2-3 күн. Клиникалық көрінісі

ағзалардың зақымдану сипатына байланысты. Күйдіргі ауруының терілік, өкпелік және ішектік түрлерін ажыратады, олар сепсиспен аяқталуы мүмкін. Генерализацияланған түрлері 100% жағдайда өліммен аяқталады; терiлiк түрінде өлім туғызушылык 5%-дан аспайды.

Емдеу үшін антибиотиктерді және күйдіргілік иммундыглобинді қолданады.Антибактериалдық емдеу үшін пенициллин тандамалы препарат, ал оған реакция беретін жағдайда – тетрациклин

қолданылады.Эпидемиялық процестің 3 звеносының бәріне қарсы бағытта жүргізіледі: 1-топтық шаралар инфекция көзіне қарсы бағытталған, 2-топтық шаралар — берілу механизміне және жұғу жолдарына және 3-топтық шаралар — қабылдаушы ұжымға бағытталған. Спецификалық профилактика үшін қүйдіргілік тірі вакцина СТИ (санитарлық-техникалық институт) қолданылады. Вакцинаны 1940 ж. Н.И. Гинсбург және А.Л. Тамарин алған. Иммуннизацияны эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша және қауіпті топтар ара-

сында жүргізеді. Шұғыл (жедел) профилактика мақсатында күйдіргілік иммундыглобулин тағайындайды. Бейспецификалык алдын алу жалпы зоонозды инфекциялар кезіндегілердей аткарылады, олар келесі санитариялық-ветеринарлық шараларға негізделген.

• Ауру және күмәнді жануарларды оқшаулау.

• Өлген жануарлардың мәйітін және жұқпалы нысандарды (төселген

шөп, көң) өртеу.

• Ауру малдар ұстаған жерді залалсыздандыру.

• Суару орындарын тазалау.

• Батпақтанған жерлерді құрғату (айдап жіберу, хлорлау).

• Өлген малдарды көметін жерлерді қарастыру. Өліктерді өртеп жіберу мүмкіндігі болмаса, жеке тұрған құрғақ және бос жер телімдеріне көмеді: шұңқыр тереңдігі 2 м-ден кем болмауы керек,Өлікті қалың хлорлы кабаттың бетіне қояды және үстінен 10 см-дей хлор себеді. Өліктерді көму бойынша барлық шаралар санитарлық ережелер сақтау арқылы жүргізіледі.

• Мал өнімдерін өңдеумен айналысатын мекемелерге санитарлық

қадағалау жүргізу. Келіп түсетін ішкі заттардың бәрін термопре-

ципитациялық Асколи реациясымен тексеріп, тек қана теріс-

нәтижелі болған заттар қолданысқа рұқсат етіледі.

Антиген ретінде реакцияда мүшелердің немесе ұлпалардың сулы экстракттарын қайнатып және сүзіп қолданғанда осы реакцияны термопреципитация реакциясы (Асколи реакциясы) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет