Тұқымдастық: Staphylococeae
Туыстастық: Staphylococcus
Түрі: S. aureus, S. epidermidis, S. haemolyticus, S. saprophyticus,S. intermedius
Стафилококтарды 1880 ж. Пастер және Огстон ашқан. Туыстастық атын Огстон ұсынған (staphyle - жүзім шоғыры, соccus - дән, жидек), ал туыстастық сипаттамасын Розенбах баяндаған.Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Стафилококтар қарапайым қоректік орталарда (ЕПА, ЕПС) өсе береді, дегенмен олар галофилділер болып табылады; NaCl-ң жоғарғы концентрациясында (10-15%) жақсы көбейе алады, сондықтан элективті орта ретінде сарыуызды-тұзды агар (СТА) пайдаланылады. Стафилококтар анилиндік бояуларға (кристалды күлгін, бриллиантты жасыл), йодтың әсеріне сезімтал, сондықтан оларды стафилококтык пиодермияны жергілікті емдеу (антисептик ретінде) үшін пайдаланады және бұл бояғыштар энтеробактерияларды бөліп алу үшін элективті орталардың (эндо, Плоскирев орталары) құрамына кіреді, өйткені аталған бояғыштар грам-оң коктардың өсіп-өнуін басып тастайды.Стафилококтар кокталаза ферментін өндіреді, ол стафилокок- кты оттегілік өнімдердің жойғыш әсерінен кұткарады. Стафилокок- тар каротин тәріздес пигменттер (алтын тәрізді, ақ және т.б. колониялар түсін анықтайды) синтездейді және оксиданттардын әсерінен қорғайды. Стафилококтардың антиоксиданттық белсенділігі - пио- гендік инфекция жағдайында қорғаныс механизмінің бірі болып та- си- былады. Стафилококтар көптеген антибиотиктерге төзімділігімен сипатталады: 6-лактамдарға, эритромицинге, тетрациклиндерге, хлорам- фениколға. Антибиотиктерге төзімділігі R-плазмидалармен (В-лак- тамаза синтезделуі) немесе хромосомалық мутациялармен (менти- циллинорезистентті стафилококктар - MRS-штамдар) бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |