Ескерту материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Тапсырма 3. Теориялық сұрақ



бет2/16
Дата03.12.2023
өлшемі10,96 Mb.
#133099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тапсырма 3.
Теориялық сұрақ

  1. Мембраналық тыныштық потенциалы, пайда болу механизмі

Мембраналық потенциал-жасуша мембранасының сыртқы және ішкі жақтарныдағы потенциал айырмашылықтарының тыныштық потенциалы.Жасуша мембранасының ішкі жағы теріс зарядталған.Бұл кезде сыртқы жағын 0-ге теңеп,тыныштық мембраналық потенциалын « минус» деп белгілеп алады.Тыныштық потенциалдың шамасы 9-дан 100 мв-қа дейін өзгеріп отырады.Орташа көлемі 50-80 мв болғанда «минус» белгісі қойылады.
Бұл негiзiнен калий иондарына байланысты қозғыш ұлпалардың клеткаларында 150 ммоль/л, ортасында 4,5 ммоль/л-ге дейiн жетедi. Сондықтан калий концентрация градиентiне қарай жасушадан шыға алады.Бұл тыныштық жағдайында жартылай ашылатын калий каналдары арқылы жүзеге асады. Соңында мембрана жасуша аниондарына жабық болады да,жасушаның iшiнде терiс мәндi бөлшектер артады.
Мембраналық — иондық теория. Мембраналық теорияны 1902 жылы Бернштеин ашты. Бернштеин теорияның мәнi тыныштық потенциялымен әрекет потонциялы өзгеруiн табиғатына қарай мембраналық потонциал болып табылады. Бернштеинның негiзiнде жасуша мембранасының жартылай өткiзгiштiк қасиеті және жасуша мен орта арасында иондардың бiркелкi орналасуы жатыр.Бұл теорияның көз қарасы бойынша цитоплазма негiзiн терiс зарядпен тұғырланған торлы құрылымды полиэлектролиттi гель құрайды. Бұл құрылымның калийдi ион тҥрiнде ірiктеп жинақтайтын қабілетi бар. Қозу жағдайында полиэлектролиттi құрылымдар калий иондарын iрiктеп жинақтау қабілетін уақытша жоғалтады. Бұл жағдай басында натрий иондарының жасуша iшiне диффузиясын, калий иондарының жасуша сыртына диффузиясын арттырады. Иондар диффузиясы жасуша деполяризациясының пайда болуы мен жоғалуының себепкер болып отырады.
2. Қозу, қозғыштық, қозғыштық кезеңдері
Қозу - тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қозу түрлі физикалық және химиялық функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды.
Қозғыштық - тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен,таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қозғыштық процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы, қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды.
Қозғыштық кезеңдері
• Абсолюттік рефрактерлік кезең (нағыз қасарысу)
• Салыстырмалы рефрактерлік кезең (шамалы қасарысу)
Супернормалды кезең
Субнормалды кезең
Анықтамасы:
• Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады.Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиеті қайта пайда болып біртіндеп әдетті қалпына келеді. Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі (қозбай тұрғандағы) қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады. Жауап әсерлісі туу кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінің осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді.
• Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі тоқталарда әдеттегі
қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан төмендейтін кезі субнормалды кезең деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет