Әуезе етіп айтар сөз иесін тапқан ән айдарлы



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата24.03.2017
өлшемі0,81 Mb.
#10300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

САХНА САҢЛАҒЫ 
 
Шымылдық сырғи ашылысымен ғасырлар қойнауына сапар шегеміз. 
Арсен  қаласының  өмірі  Мехменебанудың  жалғыз  сіңлісі  Шырын  әл 
үстінде.  Ойлары  сан-саққа  жүгіріп,  әрқайсысы  қара  басының  қамына 
кіріскен  сарай  төңірегіндегілерде  дегбір  жоқ.  Сырқаттың  дертіне  дауа 
таппай сарсаңға түскен тәуіп: 
– 
О, сұмдық-ай, ә! Көзге елестетудің өзі қандай қорқынышты. Сіңілісі 
көз  жұма  қалса,  менің  де  басымның  алынғандығы  ғой...  Қашу  керек, 
қашу  керек...  Мұның  әкесі  менің  сүйікті  ұстазымды  өлерінен  бес-ақ 
минут бұрын астырып жібермеп пе еді?.. О, сұмдық-ай, – деп өз-өзінен 
не  істерін  білмей шарқ ұрса,  жанын шүбірекке түйген Жұлдызшы да 
осы  қасіретке  өзі  кінәлідей  сезінеді.  Айналасына  жалтақ-жалтақ 
қараған  ол  сарайдан  қалай  сытылып  шығудың  амалын  таппай 
қиналды.  Ал  тақ  иесінің  тәкаппар  қылығына  құмартып,  сұлулығына 
сұқтана қалған бас уәзір: 
– 
О,  ғажап-ай,  ашулы  көзінің  кезінде  қандай  сұлу  еді,  –  деп 
емінеді. 
Шым-шытырық  психологиялық  тартыспеп  өрбіген  осынау  оқиға 
ортасында  сұлулық  пеп  сымбаттылықтың,  қатігездік  пен  қасіреттің 
символындай  болған  бір  тұлға  бар.  Ол  —  Мехменебану  бейнесі. 
Шырын  үшін  сұлулығын  тәрк  етіп,  сапырылысқан  сезім  шырмауында 
жүрген  Мехменебанудың  бір  басындағы  қайшылық  та  жетерлік-ақ. 
Фархадқа  деген  уыздай  махаббатын  үрлеп  ұшырып,  көкірегі  қарс 
айырылып  қан  жылаған  Мехменеде  қатыгез  тәрбиенің  тәлімі  де  жоқ 
емес. Ол сіңілісінің өмірі жолында бүкіл қала халқын қырып жіберуге 
де бар. 
Иә,  айдай  сұлу  көркімен  Арсен  халқының  мысын  басып,  тақ 
тұғырының  дүйім  елді  иіріп-жусатып  отырған  Мехменбану  образы 
Назым Хикметтің «Фархад-Шырын» драмасындағы басты тұлғалардың 
бірі  екендігінде  дау  жоқ.  Ал  осындай  күрделі  образды  сахнаға 
шығаруға  Қазақстанның  халық  артисі  Шолпан  Жандарбековаға 
тапсырылуында да мән бар. 
Спектакль М.Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театрында 
алғаш  рет  М.А.Гольдблаттың  режиссерлігімен  1955  жылы  қойылған 
болатын. Сол жолы Шырын ролін сәтті шығарған актер творчествосы 
бүгінгі таңда кемелдену кезеңіне жетіп отыр. 
Ал орындаушылық шеберлігі шыңдалған актерге спектакльдің жаңа 
қойылымындағы  Мехменебану  секілді  осыншама  күрделі  әрі  ауқымы 
образдың сеніп тапсырылуы заңды да. 
Мехменебану  (Жандарбекова)  –  үлкен  сезім  иесі.  Онда  уыз 
махаббатқа  деген  іңкәрлік  те,  атой  салып  аласұрған  албырттық  та, 
мәрттік  те  бар.  Туған  сіңлісінің  өмірі  жолында  үлбіреген  сезімін 
құрбан  етеді.  Жиырмаға  енді  толған  қыр  гүліндей  қыз  сезімі 
армандайды,  аңсайды,  аһ  ұрады.  Алайда,  арнасынан  асып  төгіліп 
жатқан  Фархадқа  деген  буырқанған  сезімді  тұншықтыратын,  тежейтін 
бір күш бар. Ол – Мехменедегі рухани күш, қатігездік күші. Осыншама 

 
 
қайшылыққа  толы  күрделі  образды  сахнаға  шығара  білу,  оны  өз 
дәрежесіне  дейін  көтере  білу  актер  шеберлігіне  сын  екендігі  де 
ақиқат.  Міне,  бұл  тұрғыдан  келгенде  жауапкершілік  жүгін  тереңінен 
түсіне  білген  Ш.Жандарбекованың  Мехменебану  рөлін  аса  бір 
шабытпен,  үлкен  шеберлікпен  сахнаға  шығара  білгендігінің  көрермен 
қауым куәсі болды. Күрделі образды көрермендермен жүздестіру міндетін 
толығымен орындап шыққан актердің ауқымды алғырлығына қуандық. 
Қазақ драма театрындағы сахна саңлақтарының бірі Ш.Жандарбекова 
творчествосындағы тағы бір белестің куәсі болдық. Сөйттік те, бір сәт 
өнер  деп  аталатын  ұлы  ұғымның  ыстық  суығын  бірдей  көтеріп  келе 
жатқан талмас талант иесінің өмір жолына үңілдік. 
Қазақстанның халық артісі, Республика Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты  Шолпан  Жандарбекованың  театр  өнеріндегі  талмай  ізденіс 
үстінде келе жатқанына, міне, аттай 40 жыл болыпты! 
Қырық жыл өнер адамының творчестволық өрлеу жолы үшін аз жыл 
емес  екен.  Ойлап  қарасаң,  қырық  жылда  Қазақ  театры  сахнасына 
қаншама қыз-келіншектер галереясы келген десеңізші! Ал соған елеулі 
үлес  қосып  келе  жатқан  актерлеріміздің  бірі  –  халқының  құрметіне 
бөленген Ш.Жандарбекова. 
Қырқыншы  жылдары  Алматы  театр  училищесінде  оқи  жүріп, 
астанадағы  қазақ  драма  театры  группасында  ойнай  бастаған  Шолпан 
әуел  бастан-ақ  өнерге  деген  қабілетін,  құштарлығын  танытқан 
болатын.  Алғашқыда  М.Әуезовтың «Сын сағатта» пьесасындағы Рәш 
ролін сахнаға шығаруға талап қылған Шолпан бірте-бірте көрермендер 
ілтипатына  бөлініп,  өнердегі  өзіндік  қолтаңбасы  бар  актер  ретінде 
қалыптаса бастады. 
Рәш  образындағы  сыршылдық,  Отанға  деген  шексіз  сүйіспеншілік, 
қасіреттің қара түнегін әкелген фашизмге деген өшпенділікті барынша 
нанымды етіп шығара білген актердің бойындағы шеберлік нышандарын
 
тап басып таныған А.Тоқпанов шәкіртіне көп үміт арта қарайтын еді. 
Ұстаз үміті ақталады да. 
Жазушы,  драматург  Ғ.Мүсіреповтың  «Ақан  сері  Ақтоқты» 
драмасындағы  Ақтоқтының ролі  Ш.Жандарбекова творчествосындағы 
басты белес болып табылады. 
Иә,  Ақтоқты  Ш.Жандарбекова  творчествосындағы  жаңа  кезеңнің 
бастауы  екендігі  анық.  Ұлы  Отан  соғысының  отты  жылдарында  қазақ 
театрында қойылған жаңа спектакльдегі басты рольді сахнаға әзірлеу 
барысында  ол  режиссер  Б.Гольдблаттың  атақты  актерлері 
Қ.Қуанышбаева,  С.Қожамқұлов,  Ш.Аймановтардың  көмегіне,  олардың 
ақыл-кеңесіне  сүйенді.  Жандарбекованың  Ақтоқтысы  уақыт  талабына 
жауап  беріп,  көрерменнің  көкейіндегісін  дөп  басқан  бейне.  Сол  тұста 
халықтың  төрт  құбыланы  қаңсыратқан  фашизмге  деген  қарғысы 
Ақтоқтының  Хазірет  Рауанның  қанды  шеңгелі  мен  феодализмнің  заң-
зақпыртына деген бітіспес күресімен үндесіп жатқандай болды. 
Режиссурадағы уақыт, оқиға мәселелері осылайша шешіледі. 
Қазақ  театры  сахнасында  1950  жылға  дейін  қойылып  келген 
спектакль  арада  бірнеше  жыл  үзіліс
 
алып  1958  жылы  Қазақ  әдебиеті 

 
 
мен  өнөрінің  Москвадағы  он  күндігіне  қатысты.  Спектакльдегі 
рольдерді  орындаушылық  алғашқы  вариант  бойынша,  сол  бұрынғы 
сахналық  суреттерді  қайталаумен  шектелгенде,  Ш.Жандарбекова, 
Ақтоқты ролін жаңа бір ізденіспен, соны шабытпен шығарды. Әсіресе, 
Ақтоқтының  Ақанмен  қоштасар сәттегі  драматизмі  анағұрлым  басқаша 
реңк  алды.  Көрермендер  екі  ғашық  қоштасуының  ғана  куәсі  болып 
қойған жоқ. Таптық қоғамның тепкісіне түсіп, феодализмнің құрбаны 
болған  сан  мыңдаған  бақытсыз  жандардың  бейнесін  таныды.  Ал 
Ш.Жандарбекованың  эмоциолалды,  интеллектуалды  әлемі  Ақтоқтыны 
тек қана мөлдір сезім иесі емес, оны үлкен рухани күш иесі, қоғамдық 
құрылыспен бітіспес күреске дайын тұлға дәрежесіне дейін көтереді. 
Үздіксіз ізденіс, шеберлікті шыңдай түсу – бұл Ш.Жандарбекова 
творчествосының басты қағидасы. Осыдан 40 жыл бұрын труппа есігін 
жүрексіне  ашқан  оның  творчествосында  көрермендер  көз  алдынан 
кетпес көптеген арулар галлереясы жасалынды. Ол сахнаға шығарған 
Марфуға («Бөлтірік бөрі астында») мен Ажарда («Ажар мен ажал»), 
Рәуәш  («Қилы-қилы  тағдырлар»)  пен  Үрияда  («Той  боларда»), 
Марианна  («Сараң»),  мен  Негина  (Таланттар  мен  табынушылар»), 
Дездемонада  («Отелло»)  Жандарбекова  мәнері,  Жандарбекова  дәстүрі 
бар. Ал ол дәстүр өнердегі сабақтастық пен тікелей байланысты. Міне, 
бұл  жайында  сөз  болғанда  актер  мектебі  туралы  айтпай  кетуге  тағы 
болмайды. 
– 
Соңғы  жылдары,  –  дейді  Ш.Жандарбекова  республикада  өнерге 
талап  құрған  жастарға  ұшан-теңіз  қамқорлық  жасалуда.  Құрманғазы 
атындағы  өнер  институтының  жанынан  көркемсурет  және  театр 
институты  бөлініп шықты.  Мұның  сыртында  музыка  училищелері  мен 
өнер  студиялары  қаншама!..  Содан  түлеп  ұшқан  жастар  бұл  күндері 
республика өнер ордаларында жемісті  еңбек етіп  жүр.  Өнерді сүю бар 
да,  өз  өмірін  өнерге  арнау  тағы  бар.  Бұл  тұрғыдан  келгенде  өнерге 
талап қылған жастарымыз үшін ескеретін жайлар да жоқ емес. Көбіне 
көп  жастарымыздың  кейбір  әсіре-қызыл  еліктеушіліктеп  арыла  алмай 
жүргеніне  қарның  ашады.  Өнер  институтында  оқып  жүргендердің  жол 
ортаға келгенде оқуды тастап кететіні қаншама. Сол оқу орнын бітіріп, 
бірақ ештеңенің байыбына бара алмай, мамандығының сырын меңгере 
алмай жүргендер ше? Тіпті басқа кәсіпке кететіндер де баршылық қой. 
Мұның  бәрі,  әрине,  өнер  ұғымын  түсінбеушіліктен,  оның  ыстық-
суығына көне алмаушылықтан болады. Бұл – үлкен өкініш. Өмірдегі өз 
жолын таңдай алмаушылықтың залалы дегеніміз, сірә, осы болар. 
Бұл  –  он  екі  жылдан  бері  өз  өнерінің  алпыс  екі  құпиясын  жастар 
бойына  сіңіріп  келе  жатқан  лұғатты  ұстаз  пікірі.  Кезінде  педагогтік 
қызметін  А.Тоқпановқа  ассистент  болып  бастаған  бүгіндегі  Алматы 
көркемсурет театр институты оқытушысының ойы. 
Күні  бүгінге  дейін  Ш.Жандарбекова  алдынан  өнерге  құлаш  ұрған 
жастардың  үш  легі  қанат  қағыпты.  Олардың  қай-қайсысы  болмасын 
республикамыздағы өнер коллективтерінде жемісті еңбек етіп келеді. 
Т.Мейрамов  пеп  Ж.Мейрамова,  М.Оспановтар  Қазақтың  М.Әуезов 
атындағы  академиялық  драма  театрының  артистері.  Өнерге  өзіндік 

 
 
қолтаңбамен  келген  өрім  жастар.  Олар  Шолпанның  өзімен  бірге 
спектакльдерге қатысып, көрермендер құрметіне бөленіп жүр. Қарабай 
Сатқанбаев Жамбыл облыстық драма театрының белді актері. 
Жандарбекова  шәкірттерінің  келесі  бір  толқыны  бұрынғы  жылы 
Талдықорған  облыстық  қазақ  драма  театрын  құрды.  Жас  театр 
артистері  сахнаға  шығарған  Ғ.Мүсіреповтың  «Қозы  Көрпеш-Баян 
сұлуы», Ж.Б.Мольердің «Сараны» зор табыспен өтті. Осы спектакльдің 
премьерасына  қатысқан  Шолпан  өнер  қарлығыштарына  сәт-сапар 
тіледі.  Өзінің  шәкірттері  Тілек  Абжалиев,  Жанат  Шайхиналардың 
өзіндік ізденісімен өнер әлеміне деген құштарлығына қуанды. 
 
*** 
Өзіндік  өнер  мектебі  бар  үлкен  талант  иесі  Ш.Жандарбекова 
театрдағы қоғамдық жұмыстардан да бір сәтке қол үзген емес. Ол драма 
театр  жергілікті  комитетінің  председателі,  Қазақстан  кәсіподақтары 
кеңесі  жанындағы  республикалық  әскери  шефтік  комиссияның 
председателі. 
Творчествосы  кемеліне  келген  сахна  саңлағының  өнер  өлкесіндегі 
ұшан-теңіз  еңбегі  де  Отанымыздың  лайықты  бағаларына  ие  болып 
келеді.  Ол  қос  Еңбек  Қызыл  Ту орденінің кавалері, бірнеше құрмет 
грамоталарының иесі. 
Міне,  өз  өмірінің  45  жылдан  астамын  Қазақтың  М.Әуезов 
атындағы  академиялық  драма  театры  сахнасында  арналған  үлкен 
талант иесі Шолпан Жандарбекованың өнер жолы осындай. 
1994 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
ТАЛАНТ ЖӘНЕ ТАҒЗЫМ 
 
1.
ҰЛЫҚ Б0ЛМАЙ, КІШІК БОЛҒАН ЕР МӘКЕҢ 
 
Осыдан  бес-алты  жыл  бұрын  тарихшы  Ғазиз  Әбішевтің 
мерейтойын атап өтпек болдық та, соның қым-қуыт шаруасына араласып 
кеттік.  Ғазекең  ағамыз  көзінің  тірісінде  қазақ  зиялылары  ішінен  тарих 
ғылымы  бойынша  докторлық  қорғаған  алғашқы  азаматтардың  бірі  еді. 
Кеңестік дәуір тұсында отандық тарихтың жай-жапсары хақында қыруар 
еңбек етіп, із қалдырған кісі-тін. 
Солай  бола-тұра  оның  іздеушісі  кемдеу,  мұрасын  жиыстыратын 
жанашырлар  қатары  аздау  болды.  Сондықтан  да  ғалым  ағамыздың 
аруағы  разы  болатындай  мәнді  де  мағыналы  іс  шараларды  өткізу 
көзделді. Соның бәріне мұрындық бола білген профессор. Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғулов: 
– 
Жігіттер,  Мәкеңмен  бірауыз  ақылдаспай  болмайды,  –  деп 
кесіп айтты. Ол кісінің Мәкең деп отырғаны академик Манаш Қозыбаев 
еді. 
Уәделі уақытта Мәкеңмен де кездестік. 
– 
Бұл  бір  тамаша,  ізгілікті  іс  болды  ғой.  Көптен  қисыны 
келмей жүрген бір шаруа еді. Осылай бұрқылдата беріңдер, – деп ағамыз 
балаша қуанды. «Бұрқылдата беріңдер» академик сөзінің салты екен. Бір 
нәрсеге  айрықша  ықылас  білдіріп  қуана  қолдаса  осылайша  сөйлейтінін 
кейін талай аңғарып жүрдік. 
Сөйтіп,  мерейтойға  әзірлік  басталып  кетті.  Манаш  ағаның  өзі  де 
қарап  отырмады.  Қолынан  келген  көмегін  аяп  қалған  жоқ.  Себебі 
Ғазекең  көзі  тірісінде  тарих  ғылымының  көшіне  ерген  қай-қай  қазақ 
баласына  да  қамқор  бола  білген  жан.  Манаш  Қабашұлы  да  міне,  сол 
санаулы,  үмітті  шәкірттерінің  бірі  ретінде  Ғазиз  Әбішевтің  ықыласына 
бөленген,  сеніміне  ие  болған.  Мәкеңнің  Ғазиз  ағамыздың  мерейтойына 
ерекше ықылас білдіріп, құлшыныс танытуының мәні сол еді. 
– 
Қазір  той  өткізу,  батыр  бабалар  аруағына  ас  беру  көбейді 
ғой.  Ал  бірақ  солардың  тағдыр  талайын  зерттеп,  зерделеп  жүрген 
тарихшылар  туралы  ұмыт  қалдыруға  тағы  болмайды.  Шіркін,  Ғазекең 
аузын  ашса  жүрегі  көрінетін,  бүкіл  жан  дүниесі  дидарында  тұратын, 
табиғатында  ерекше  жаратылған  есіл  ер  еді  ғой,  –  деп  сабақтайтын  ол 
ойын. 
– 
Ғазиз 
Әбішев  секілді  тарихшымыздың  кеңес  заманында  туғанына  ол  кінәлі 
емес  қой.  Бірақ  Қазақстан  тарихын  зерттеудегі  оның  сүбелі  еңбегін 
ешкім жоққа  шығара  алмайды.  Тарихшылар  туралы  әңгіме  қозғалғанда 
бір жақтылықтан арылуымыз керек-ақ. 
Ол  осы  пікірі  арқылы  ғылымның  да,  ғалымның  да  үлкен-кішісі 
болмайтындығын,  әңгіме  зерттеушінің  зерттеу  нысанына  байланысты 
қозғалуы  керектігін  үнемі  ескертіп  отыратын.  Сондықтан  болуы  керек, 
Мәкең  кезекті  бір  зерттеу  мақаланы  қолға  алғанда,  оның  желісін  ой 
қазанында  мықтап  қорытып,  пысықтап  алу  дәстүрін  берік  ұстанған 
ғалым. 

 
 
Академиктің  бұл  қасиетіне  мен  әр  жылдары  «Халық  кеңесі», 
«Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ақиқат» журналына басшылық жасаған 
жылдарда  оның  редакция  өтінішімен  талай  рет  мақалалар  әзірлегені 
кездерінде  айқын  көз  жеткіздім.  Мәселен,  ол  Төлек  Жәуке  батыр, 
Әбдіғаппар  хан  Жанбосынов,  Кейкі  батыр  Көкембаев  секілді  біртуар 
тұлғалар  туралы  ой  толғағанда  архивтік  деректермен  шектеліп  қалмай, 
осы  кісілердің  үрім-бұтағы,  зәу-затын  іздестіріп,  олардың  кейінгі 
тағдырларын  зерттеуден  жалықпады.  Көзі  тірі  ұрпағымен  байланысты 
болды. Олармен пікірлесуден еш шаршаған емес. 
Соның  нөтижесінде  тарихи  деректерге  тіл  бітірген,  қарапайым 
оқырманның  жүрегін  баурайтын  туындылар  дүниеге  келді.  Өзі  бас 
болып  Кенесары  бабамыздың  бас  сүйегін  іздестіру  шараларын  қолға 
алды. Өзгелерге де тыным бермей, өзі де тыным таппай тиісті құзырлы 
мекемелерге хат жазудан шаршамады. 
...  Редакция  тапсырмасы  дегеннен  шығады  Мәкең  көзі  тірісінде 
баспасөз  өкілдерімен,  журналист  ағайындармен  жиі  аралас-құралас 
болды. Бірде газеттер мен журналдардың қонақжай шаңырағында өзге де 
әріптестерін ерте келіп, дәуір туралы, қоғам туралы ой толғап жатса, енді 
бірде  өзінің  журналист  інілерімен  емен-жарқын  әңгімелесіп,  пікір 
бөлісіп  турар  еді.  Сондағы  бір  байқалатыны  өзінің  зор  атақ-даңқына 
қарамай,  астамсымай  сөйлейтіні,  әңгімелесіп  отырған  кісіні  өзімен  тең 
дәрежеде ұстай білетіні. Түсінген адамға бұ да өнер: кішіпейілділік пен 
кісіліктің табиғатын әспеттеген жан ғана осылай ете алған ғой. 
Ол  кісіге  қай  редакцияның  да  есігі  қашан  да  ашық  болатын. 
Сондықтан  да  ол  баспасөз  шаңырағының  ішкі  алеміндегі  қат-қабат 
уақиғалардан хабардар болып, не нәрсеге сұраныс туып жатқанын алдын 
ала біліп отыратын. 
Қазір  қарап  отырсақ,  Мәкең  қаламынан  туған  тамаша  ой-
толғамдар,  уақыт  рухына  сай  жазылған  көсемсөздік  желілер  оның 
редакция қызметкерлерімен жиі аралас-құралас болғандығынан ғой деп 
те ойлаймыз. 
Сөз  орайы  келгенде  Манаш  Қабашұлының  тағы  бір  қырын  айта 
кетуді өзіме парыз көремін. Әдетте ғалым ағайындар жарияланым керек 
болғанда  өзі  мақаласын  ұсынып  отырған  басылымның  оқырмандар 
аудиториясын  ескере  бермейтіні  шындық.  Ондай  материалдар 
редакцияның хат қоржынында айлап жатып қалатыны сондықтан. 
Ал  Мәкең  ағамыз  болса  газет-журналдарға  мақала  жазғанда  сол 
басылымның  өзіндік  ерекшелігін  ұдайы  ескере  отырып  қолына  қалам 
алатын. 
«Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болып істеп жүрген кезім 
еді.  Телефон  шыр  етті  де,  іле  Манаш  ағаның  жүрекке  жылы  үні  келді 
құлаққа: 

 
Мақала жазды", Жұмаш. Қазір жетемін, – деді. Артынша 
ағамыздың  өзі  жетті  аңқылдаған,  жарқылдаған  қалпымен.  Әдеттегі 
шуақты жанары ерекше нұрланып тұр. 

 
Міне, – деді ол пакетті ұсына беріп, – мұның ендігі тағдыры 
өзіңнің қолында. 

 
 

 
Ойбай-ау, о не дегеніңіз, Сіздің қаламыңыздан туған дүние біз 
үшін  үлкен  олжа  ғой,  –  деп  мен  де  қалбалақтап  жатырмын.  Сөйтіп 
жатып, тарих жылына байланысты жазғандары шығар деген де ой қылаң 
бермей қалған жоқ еді. 
Аз-кем  амандық-саулық  білісіп,  жағдай  сұрасқаннан  соң  Мәкең 
тысқа беттеді де, мен не әкелді екен деген қызығушылықтан жалма-жан 
пакетті аштым. 
Мақала  бірден  үйіріп  әкетті.  Ахмет  Байтұрсынов  туралы 
толғаныпты  ағамыз.  Толғанғанда да  тарихшы  ғана  емес,  білгір  әдебиет 
сыншысының көзқарасы тұрғысынан сөз сабақтаған. 
Мақала  ғылыми  сөз  қолданыстар  мен  сіреспе,  қасандықтан  ада, 
автордың  шын  жүрек  толғанысынан  туған  дүние  болып  шыққан. 
Қысқасы – сыңғырлап тұр. 
Кейін  Мәкеңнің  осы  мақаласына  зиялы  қауым  лайықты  пікірін 
айтып,  жақсы  бағалағаны  әлі  есімде.  Манаш  аға  әдебиет  пен  өнер 
газетіне бұдан кейін де бірнеше мақалаларын ұсынып, оқырмандарының 
лайықты ілтипатына бөленіп жүрді. 
Қысқасы,  ол  баспасөз  қауымы  өкілдерімен  өзі  айта  беретіндей 
шын  мәніндегі  одақтас  болды.  Мен  академикпін  деп  көкірек  кермеді, 
редакциялардың  қыз-жігіттерімен  ағалы-бауырдай  араласып,  сырласып 
жүрді.  Жазған  мақаламды  шығарсаң  да  шығарасың,  шығармасаң  да 
шығарасың 
деп 
шіреніп 
жатпады. 
Кейбіреулердей 
керігіп 
материалдарын  көмекшілерден  беріп  жібермей,  өз  қолымен  редакцияға 
әкелетін.  Сосын  бөлім  қызметкерлерінің  пікірлерін  біліп,  олармен  жиі 
санасып отыратын. 
«Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  деген  қанатты  қағиданы  осылайша 
бойтұмардай сақтал өткен ағамыз еді Ер Мәкең. 
 
                 
2. ӘУЛЕТ ДАҢҚЫН ӘСПЕТТЕГЕН АЗАМАТ 
 
Қозыбаевтар әулеті! 
Қозыбаевтар туралы әңгіме басталса болды оқығаны мен тоқығаны 
мол, ел игілігіне қызмет еткен зиялылар шаңырағының сыршыл дәстүрі, 
дәурені  ойға  оралады.  Сағымбай  Қабашұлы  тамырын  тереңге  тартқан 
сол  алып  бәйтеректің  бір  бұтағы.  Сағымбайдың  үлкен  ағасы  Оразалы 
ерен  еңбегімен  халқына  қалтқысыз  қызмет  қылған  қайраткер  болса, 
Манаш  алаш  руханиятына  айырықша  еңбек  сіңірген  тарихшы  еді. 
Орекең  кешегі  кеңес  дәуірінде халық шаруашылығын  қалпына келтіру, 
тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында толарсақтан саз кешіп, 
ел дәулетін еселеуге үлес қосқан шаруашылық командирі болса, Мәкең 
қазақ тарихын түгендеу қамымен ақтандақ жылдар ақиқатын айта білген 
оқымысты еді. 
Сонау  бір  жылдар  тасасында  қалған  біздің  бала  кезімізде  Торғай 
өңірінде  Оразалы  Қозыбаев  даңқы  дүркіреп  тұрды.  Аупарткомның 
бірінші  хатшысы  Орекеңнің  өзі  бас  болып,  қолға  алған  игілікті  істері 
туралы  дүңк-дүңк  әңгімелер  әр  жер-әр  жерден  естіліп  жататын.  Бір 

 
 
жылдары  Торғай  өзені  кемерінен  аса  тасып,  аралдағы  қойлы  ауылға 
қатер төнді. 
Сол  күндердің  суреті  әлі  күнге  дейін  көз  алдымда.  Қонышты 
резеңкелі етікті киіп  алып  су  ортасында  шарасыздықтан абдыраңқырап 
қалған адамдарға қайрат беріп, жандалбасалаған балалы әйелдерге басу 
айтып, жағаға алып шыққан ағамыздың алып тұлғасы онан сайын зорая 
берген.  Ол  заманның  басшылары  осылай  ел  ішінде  жүретін,  кеш 
бастайтын көшелі еді. 
Қазіргі  әкімдеріміздің  кейбірі  ауыл-елге  ат  ізін  салмақ  түгілі, 
иномаркасынан ыңыранып әрең түседі... 
Ал  Мәкеңнің  –  Манаш  ағамыздың  оқымыстылық  өресі, 
қайраткерлік  қасиеті,  әсіресе,  еліміздің  егемендігі,  тәуелсіздігі 
жолындағы  күресте  айқын  танылды.  Республика  Жоғарғы  Кеңесінің 
сессиясындағы  жер  тағдыры,  тіл  тағдыры  додаға  түскен  саяси  сайыста 
академик, депутат Қозыбаевтың өзге де қазақ зиялыларының қатарында 
атқарған  ролі  ерекше.  Біз  соны  көзімізбен  көрдік.  Көзбен  көріп,  ойға 
түйгенді  кезінде  «Халық  кеңесі»  газетіне  жаздық.  Ал  қазір  қарап 
отырсаңыз соның бәрі – тарих. 
Міне,  осы  екі  ағаның  даңқын  малданбай,  өз  тағдырын  өзгелерге 
өнеге  ете  білген  Сағымбай  туралы  әңгіме  қозғағанда  оның  жаңалыққа 
жаны құмар журналистігі, ізденімпаз елгезектігі ойға оралады. Оның бұл 
қасиеті  Қазақ  радиосында  бас  редактордың  орынбасары,  кейінірек 
Бүкілодақтық  радионың  Қазақстандағы  тілшісі  болып  жұмыс  істеген 
жылдарында  айырықша  жарқырап  көрінді.  Журналистік  сапарлардағы 
көргені  мен  түйгені  мол  Сағымбай  өзінің  зерттеушілік  өрісінде  де 
өзгелерге  үлгі  боларлықтай  қасиетімен  танылды.  Ол  журналистика 
тарихын  зерттеуде,  зерделеуде  қыруар  ізденістерге  барды.  Ұлттық 
баспасөзіміздің кенен кешегісі мен кемелді келешегіне қатысты ғылыми 
негізді, дәлелді байламдар жасады. 
Айталық, Сәкеңнің түптеп зерттеуінің нәтижесінде республикалық 
«Коре ильбо» газеті өзінің шыға бастау жылнамасын 1937 жылдан емес, 
енді  1923  жылдан  бастайтын  болды.  «Экспресс  К»  газеті  де  (бұрынғы 
«Ленинская смена») осылайша шыға бастау датасына өзгерістер енгізді. 
Сөйтіп екі басылым да өздерінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.  
 
* * * 
Біз  студенттік  жылдарда  ұстаз  Сәкеңнің  алдында  тәлім-тәрбие 
алдық. Осыдан ширек ғасырдай бұрынғы студенттік өмірдің қызығы мен 
қиындығы  мол  жылдары  ұстаз  бойындағы  жақсылық  атаулының  бәрін 
сіңіріп қалуға тырыстық. Ол өзі оқыған дәрістерде баспасөз тарихының 
дерекнамалық  сипатымен  қоса  танымдық  жағына  да  айырықша  назар 
аударатын. Мұның үстіне тақырыпқа орайлас көрнекі құралдарды тиімді 
пайдаланғанда аудиторияда айырықша бір ахуал қалыптасатын. 
Кейін лекцияларында пайдаланылған материалдар шежіре шерткен 
суреттермен  әсем  безендіріліп  жеке-жеке  кітап  болып  басылып  шығып 
жататыны тағы бар. 

 
 
Сондықтан да ол өз қаламынан туған әрбір шығарманың, зерттеу 
еңбегінің қашан тұсауы кесілгенінше толғанып, тебіреніп жүреді. Өмірде 
тақтайдай  жол  әркез  бола  бермейді.  Ол,  әрине,  заңдылық.  «Біткен  іске 
сыншы  көп».  Осы  қанатты  сөзді  мына  бір  жағдаймен  сабақтастырғым 
келіп отыр. 
Екі-үш  жыл  бұрын  Сәкең  Қазақстан  журналистикасының 
энциклопедиясын  шығаруды  қолға  алды.  Жұмыс-жұмыстың  арасында 
уақыт  тауып,  оған  қажетті  материалдар  әзірледі.  Тиісті  мекемелерге 
сұрау  салды.  Жекелеген  кісілерге,  баспасөз  ісінің  төңірегінде  қызмет 
қылған  азаматтарға  қолқа  салды.  Тым  болмағанда  өздеріңіздің 
өмірбаяндық деректеріңізді беріңіздер деді. Осыған елп ете қойғандары 
көп болмады. 
Ал  қолжазбаны  өндіріске  тапсыратын  уақыт  болса  таяп  қалды. 
Амалдың  жоқтығынан  жиналған  материалдар  барынша  өткізіліп,  кітап 
әу  баста  ойластырғандай  энциклопедия  емес,  анықтамалық  болып 
шықты. 
Шығуын  шыққанмен  дау  айтушылар,  өкпе  білдірушілер  көбейді. 
«Мен неге ілінбей қалғам?», «Әні бір мәселе, мына бір проблема ұмыт 
қалыпты ғой ...» деген секілді. Сәкең о бастан терісі кең адам, осының 
бәрін  көтере  білді,  көтере  білді  де:  «Бұл  енді  бірінші  шығарылым  ғой, 
сіздер  белсенді  атсалысқанда  тәп-тәуір  энциклопедия  шығатын  еді, 
келесісіне  міндетті  түрде  кіресіздер»  деп  олардың  да  көңілін  көтере 
демдеп, жауапкершілік шылбырының бір ұшын өздеріне ұстатып қойды. 
Ал  ақиқатқа  келсеңіз,  энциклопедия  шығару  бір  адамның  ғана 
қолынан  келетін  шаруа  емес,  мұндай  іске,  әдетте,  тұтастай  институт 
ғалымдары жұмылдырылып жатады. Сәкеңнің осындай күрделі шаруаны 
батыл қолға алып, оған ізтастауының өзі де үлкен ерлікпен пара-пар! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет